You are here

Call-орталық 115 (ҚР барлық өңірлері үшін тегін)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ҚР барлық өңірлері үшін тегін «115» телефон номері бойынша қоңырау соға отырып, сіз:
 
- қылмыс туралы, хабар-ошарсыз жоғалған адамды іздестіру туралы, заңсыз жеткізгені, қамағаны және ұстағаны, сондай-ақ қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзудың өзге де фактілері бойынша арыздарды тіркеуден негізсіз бас тартуды білдіретін қылмыстық қудалау органдарының әрекеттері;
 
- кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу туралы, соның ішінде заңсыз тексерулер;
 
- азаматтардың еңбек құқықтарын бұзу туралы, соның ішінде жалақыларын төлемеу;
 
- білім бері мекемелерінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жағдайы туралы;
 
- тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсеткені үшін заңсыз ақша талап ету фактілері туралы;
 
- прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің жемқорлық сипатындағы  әрекеттері туралы хабарлама қалдыра аласыз.
 
Сондай-ақ осы номер бойынша прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелері қызметінің мәселелері бойынша пікірлер мен ұсыныстарды қабылдау және тіркеу жүргізіледі.
 
Қылмыстар, оқиғалар туралы немесе мемлекетке немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер туралы өтініштерді Call-орталықтың операторлары дереу тиісті мемлекеттік органдарға олардың құзыреттеріне сәйкес жолдайды.
 
Жұмыс уақытында шағымдарды Call-орталықтың барлық операторлары қабылдайды. Түнгі уақытта, мерекелік және демалыс күндері Call-орталықта қоңырауларды жазып алу автоматты түрдегі режимде жүзеге асырылады.
 
Сондай-ақ ҚР Бас Прокурорының 2011 жылғы 1 желтоқсандағы «Электронды іс жүргізуге көшу туралы» № 129 бұйрығын және ҚР Бас Прокуроры жанындағы Аппарат кеңесінің 2012 жылғы 5 наурыздағы №12 Хаттамасының 2-тармағын орындау үшін www.115.kz порталы арқылы «Электрондық шағымдарды қабылдау» сервисі іске асырылды.
 
Осы сервис Қазақстан Республикасы азаматтарының өз шағымдарын прокуратура органдарына Интернет арқылы онлайн режимінде электронды цифрлы қол қоюды (ЭЦҚ) пайдалана отырып электронды форматта беруіне арналған.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.