You are here

«Желтоқсан – 86 – Тәуелсіздік Қырандары» қозғалысының алғыс хаты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
А.Қ. Дауылбаевқа

Қадірменді Асхат Қайзоллаұлы!

Ұлтжанды болу әрбір адамзат баласының парызы. Өзін өзі сыйлай алмаған – өзгені қайдан сыйласын. Қандай да бір дін-діл, тіл, ұлт, тарихи халық Ата салт-дәстүрі – өздігінен Ұлы дүние. Дін-ділдің, ұлттың жоғары – төмені, жаман-жақсысы – жоқ. Барлығы адамзат ниетінде, жаратылымында.

Соңғы 3-4 жыл бедерінде ҚР-сы прокуратурасының халыққа қызмет заңдылық ағым жұмыстары күрт өзгергені ерекше байқалады. Жасыратыны жоқ бұрын «прокуратура» десе басыңды ала қашып, «осылармен Құдай байланыстырмаса екен» дегендей пікірлер халық санасына сіңіп-қатып қалған еді, себебі прокуртураны тек айыптаушы сала жүйесі деп қабылдайтынбыз! Бүгінгі күнде прокуратураға жүгінген жаныңа жақындау, бүгінде әділетті қорған жүйесі прокуратура болып көп дүние өзгергендей. Желтоқсан-86 көтерілісі күрескерлерінің де сол зобалаң жылдардан кейінгі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 12.12.1991ж. №540 Жарлығына сәйкес түбегейлі ақтау мәселесіне жоғары деңгейде қолдау көрсетілуде!

Жоғарыда айтылғандай, прокуратура, сот жүйелері салаларында соңғы 4-5 жыл бедерінде жоғары деңгейде дайындалған білімді, өз ісінің шеберлері жас мамандар сап түзеген, тергеу, сот процестері жұмыстарын жүргізу барысында көңіл сүйсінеді, осындай орайларда Ата-Бабалардың «Ақыл –жастан» деген нақылы есіңе оралады.

Біздер халық арасында тығыз байланыста жүрген соң, көп мәселелерді өзіміз көріп-біліп отырамыз, халық мұқтаждықтары біздерді көп жүйемен байланыстырады. Әрине көбінде прокуратура, сот, әкімдіктер салалары. Осындайда өз ісінің әділетті мамандарымен жүздескенде, көңілің марқайып қалады, осы орайда, тәжірибелік үлгі болатын өскелең жас мамандарды атай кетуді де жөн санадық: Алматы қаласы прокуратурасы прокуроры Төлтаев Абзал Болатұлы, Алматы қаласы, Жетісу аудандық прокуратурасы аға прокуроры Бекназаров Нариман Бектасұлы, Алматы қаласы, Жетісу ауданық прокуратурасы прокуроры Каримов Марлен, міне ел-халық, мемлекет болашағын елеңсіз табыстауға болатын өскелең жастарымыз! Және де басқа өз мамандығын жетік игерген осындай жастарымыз қатары бүгінде аз емес, оларды тәжірибелі жоғары мүдделі өз ісі маманы ретінде дайындаған өзіңізгеде зор шексіз алғыс дегіміз келеді!

«Өркендер елдің баласы – бірін бірі Батырым» дегенді Ұлы кемеңгер Бабалар бекерге айтпаса керек! Біздер тарапынан болып отыратын өздеріңізге арнайы сұраныстарымызға қолдау көрсетіп, аса назар бөліп, заңды мүмкіндіктеріне орай шешіп отыратындықтарыңызды қашанда ескеріп отырамыз! Өздеріңізге шексіз алғысымызды айтамыз!

Әділетті қызметтеріңізге АЛЛАның нұр шапағаты, халқымыздың батасы жаусын! Ұжымдарыңыз, отбасы шаңырақ-әулеттеріңіз құт-берекеге, ғұмырларыңыз сәттіліктерге толы болсын!

 

Желтоқсандықтар атынан сый құрметпен,

Республикалық «Желтоқсан – 86 – Тәуелсіздік Қырандары»

Халық қаhармандары қозғалысының төрайымы Гүлбахрам Жүніс, Алматы каласы

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.