You are here

Конституциялық Кеңестің алғыс хаты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
А.Қ. Дауылбаевқа

Құрметті Асхат Қайзоллаұлы!

Конституциялық Кеңестің және басқа да ұйымдастырушылардың атынан 2015 жылдың 12-13 наурызында «Ақбұлақ» спорттық сауықтыру кешенінде «Қылмыстық сот ісін жүргізуді қайта жаңғырту – құқыққорғау жүйесінің тиімділігін және Республика Конституциясының құқыққорғау әлеуетін жүзеге асыруды қамтамасыз етудің кепілі» тақырыбында өткен халықаралық дөңгелек үстелді ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысқаныңыз үшін алғыс білдіремін.

Форум жоғары деңгейде өтіп, жаңа Қылмыстық-процестік кодекстің негізгі қағидаларын сапалы іске асыруды қамтамасыз етумен байланысты сұрақтарды жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.

Шетелдік қонақтар Қазақстан халқының қонақжайлылығы мен дәстүрлерін ерекше атап өтті.

Осыған орай, Бас прокуратура, Алматы облысы және Талғар ауданы прокуратураларының қызметкерлеріне  дөңгелек үстелді ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысқандары үшін алғысымызды жеткізуді сұраймыз.

Құрметпен,
И. Рогов

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.