You are here

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының алғыс хаты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры,
1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
А.Қ. Дауылбаевқа

Құрметті Асхат Қайзоллаұлы!

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі –Агенттік) Сізге және Астана қаласы прокуратурасының Берік Жұмажанұлы Құлмағамбет басқаратын соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету басқармасына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 4 мекенжайында орналасқан «Эмират» тұрғын үй кешеніндегі 35 пәтерге қатысты азаматтық істі қарау кезінде қызметтік міндетін орындаудағы кәсіби біліктілігі үшін алғыс білдіреді. Агенттіктің Алматы қаласынан көшірілген мемлекеттік қызметшілері үшін осы пәтерлерді сатып алудың маңызы өте зор. Бюджеттен бөлінген қаражат сомасы 552 452 000 теңгені құрайды.

«Стройастес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін Агенттікке пәтерлерді беру туралы шарт міндеттемелерін орындауға міндеттеу туралы Агенттіктің талапарызына сәйкес Астана қаласының МАЭС-ның заңды күшіне енген 2009 жылғы 13 тамыздағы шешімі бойынша Агенттік ұзақ уақыт бойы пәтерлерді ала алмай келді. Осы кезең ішінде 15-тен астам азаматтық іс қаралды, бұлардың барлығының мәселесі осы пәтерлер болды.

Уақтылы прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде Агенттіктің 35 қызметкерінің тұрғын үйге құқығын қалпына келтіруге және  сақтап қалуға қол жеткізілді.

Сонымен, Астана қаласы сотының 2013 жылғы 16 мамырдағы азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасының қаулысына прокурордың кассациялық наразылығын енгізудің нәтижесінде көрсетілген қаулының күші жойылып, ал іс басқа құрамдағы апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жолданды.

Осының барлығына қол жеткізу Сіздің қызметкерлеріңіздің жауапкершілігі, мұқияттылығы және жоғары кәсібилігінсіз мүмкін емес еді.

Прокуратура қызметкерлеріне мықты денсаулық және кәсіби қызметіне одан әрі табыс тілеймін.

Құрметпен,
Төраға
Ә. Смайылов

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.