You are here

Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінен хат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
А.Қ. Дауылбаевқа

Құрметті Асхат Қайзоллаұлы!

Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 28 қаңтардағы Жолдауына сәйкес «Тек дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алады. Сондықтан да біздің мемлекетіміздің саясатының стратегиялық бағыттарының бірі – бұқаралық спорттық қозғалысты кеңейту болып табылады».

Осыған байланысты, мемлекеттік органдардың, жекелеген қызметшілердің спортты танымал ету ісінде жүргізіп отырған жұмысы аталған бағытты іске асыруда ерекше маңызға ие болып отыр.

Спорттық қозғалысты дамытуға Қарағанды облысы Саран қаласының прокуроры Б.М. Ахметжанов ерекше үлес қосып келеді.

Аталған қызметкер 2009 жылғы мамырда республиканың абсолюттік чемпионы атанса, тамыз айында Азия құрлығының чемпионы атанды.

2010 және 2011 жылдары Б.М. Ахметжанов абсолюттік салмақ санатында еліміздің және Азияның чемпионы, жекелеген жаттығулар бойынша Қазақстан кубогының иегері атанды.

Саран қаласының прокуроры өзінің ғана спорттық шеберлігін жетілдіріп қоймай, сонымен қатар қарамағындағы қызметкерлерді де осы рухта тәрбиелеуде, Саран және Қарағанды қалаларының жас жеткіншектерін салауатты өмір салтын ұстануға тартуда және өскелең ұрпақты дұрыс жолмен тәрбиелеуде үлкен көмек көрсетіп отыр.

Айталық, прокурордың шәкірті Пузиков Олег екі мәрте Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанса, С.Семенец Азия чемпионы, кейіннен ОАР-да өткен әлем чемпионатының қатысушысы болды, ал А. Шпицер еліміздің бірнеше дүркін рекордшысы болып табылады, бұлардың барлығы да Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері.

Спорттағы жетістіктері үшін Б.М. Ахметжановқа 2009 жылы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы берілді.

Б.М. Ахметжановтың спорттағы жетістерін ескере отырып, Сізден жоғарыда көрсетілген қызметкерді көтермелеу мәселесін қарастыруды сұраймын.

Министр Т. Ермегияев

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.