Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алғыс хаты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А.Қ. Дауылбаевқа

Құрметті Асхат Қайзоллаұлы!

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басшылығы мен ұжымын келе жатқан Жаңа 2015 жылмен шын жүректен құттықтайды және кетіп бара жатқан 2014 жылы жемісті ынтымақтастық үшін шынайы алғысы мен жүрекжарды ризашылығын білдіреді.

Бас прокуратураның Соттарда мемлекеттің мүдделерін білдіру департаментінің басшылығы мен қызметкерлерінің күш-жігері мен жоғары кәсібилігінің арқасында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына және дәл, біркелкі қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыруда 2014 жылы жалпы сомасы 59 192 791,70 теңге негізсіз қабылданған 12 сот шешімі жойылды.

Сол сияқты Әділет министрлігінің сот актілерін орындау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде тексеру жүргізу бойынша жұмыстарда көрсетілген Департамент пен прокуратура органдары қызметкерлерінің объективтілігін және жеделдігін, осының нәтижелері бойынша соттарда борышкерді ауыстыру туралы ұсыныспен сот орындаушыларының өтініш беру практикасын тоқтату туралы мәселе қойылып, заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыным енгізілгенін атап өткен жөн.

Қаржы министрлігі айтылғандарға байланысты және орайы келген жағдайды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының барлық ұжымына, сондай-ақ жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізген соттарда мемлекеттің мүдделерін білдіру Департаментіне, Департамент бастығы Әсет Қазақбайұлы Шындалиевке, Департамент бастығының орынбасары Айдар Балтабекұлы Сасеновке, бөлім бастығы Жанболат Сейдахметұлы Туғанбаевқа, аға прокурор Болат Кенжебайұлы Өтегеновке Жаңа 2015 жылы қызметтерінде табыс және жаңа белестерге жете беруіне тілектестік білдіреді.

Ізгі тілекпен,
Жауапты хатшы
Н. Коржова