You are here

Бас прокурордың атына келіп түскен алғыс хат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

4 тамызда Бас Прокурордың атына 1-ші топтағы мүгедек С.Сәтбаевтан алғыс хат келіп түсті.

Бас прокуратура азамат Сәтбаевтың талап арызы бойынша сот актілерінің заңдылығына тексеру жүргізіп, соның нәтижелері бойынша ағымдағы жылғы 7 тамызда Жоғарғы Сотқа наразылық келтірді.

С.Сәтбаев өзінің талап арызында Алматы облысы Алакөл ауданы «Коммунизм» совхозында шопанның көмекшісі болып жұмыс істегенін, соның нәтижесінде аяқтарынан айырылғанын өз талаптарымен негіздей отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен сот арқылы 1 342 584 теңге өндіріп беруді сұрайды. Кейін ол жұмыс істеген кәсіпорын банкрот деп танылған, алайда, конкурстық басқарушының кінәсі бойынша ол борышкерлер тізіміне ілігіп, жоғарыда аталған соманы төлей алмаған.

Істі сотта қарау барысында іс үшін маңызы бар барлық мән-жайлар толықтай анықталды, алайда, оларға тиісті құқықтық баға берілмеген, материалдық және іс жүргізу құқықтарының нормалары дұрыс қолданылмаған.

Осылайша, өндірісте мүгедектік алған адамның әлеуметтік қамтьамасыз етуге арналған Конституциямен көзделген құқықтары өрескел бұзылған.

Жоғарғы Соттың Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау алқасының 2001 жылғы 3 тамыздағы қаулысымен Бас Прокурордың наразылығы қанағаттандырылды, азаматтық іс қайта қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жолданды.

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.