2019 жылдың қаңтар айындағы прокуратура органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыстың жай-күйі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы прокуратура органдарына 19 290 жеке және заңды тұлғадан өтініш келіп түсті. 

Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 13 338-і немесе 69%-і қаралды, оның 6 976-сы шешімін тапты немесе қаралған өтініштердің жалпы санының 52%-ін құрады.

Шешімін тапқан өтініштердің жалпы санының 1 631-і  немесе 23%-і қанағаттандырылды, 1 232 өтініш немесе  18%-і қанағаттандырусыз қалдырылды, 4 113 өтінішке немесе 59%-і бойынша түсіндірмелер берілді.

Прокуратура органдары өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 15 прокурорлық қадағалау актісін енгізді, тәртіптік жауаптылыққа  4 лауазымды тұлға тартылды.

Прокуратура органдарының қызметкерлері жеке қабылдауға 4 768, олардың ішінде тікелей басшылар 2 161 азамат пен заңды тұлға өкілін қабылдады.

Бас прокуратураның Call-орталығына тегін 115 нөмірі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен 9 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.

Саll-орталықтың құзырына кіретін мәселелер бойынша 11 өтініш тіркелді.

2019 жылдың қаңтар айында прокуратура органдарына «Электронды үкімет» порталы арқылы 3 987 электронды өтініш келіп түсті.