2019 жылдың 9 айы бойынша прокуратура органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыстың жай-күйі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы прокуратура органдарына 158 808 жеке және заңды тұлғадан өтініш келіп түсті. 

Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 148 018-і немесе 93%-і қаралды, оның 82 076-cы шешімін тапты немесе қаралған өтініштердің жалпы санының 55%-ын құрады.

Шешімін тапқан өтініштердің жалпы санының 18 971-і  немесе 23%-і қанағаттандырылды, 13 179 өтініш немесе  16%-і қанағаттандырусыз қалдырылды, 49 926 өтінішке немесе 61%-і бойынша түсіндірмелер берілді.

Прокуратура органдары өтініштерді қарау нәтижелері бойынша  267 прокурорлық қадағалау актісін енгізді, тәртіптік жауаптылыққа  109 лауазымды тұлға тартылды.

Прокуратура органдарының қызметкерлері жеке қабылдауға 57 262, олардың ішінде тікелей басшылар 27 874 азамат пен заңды тұлға өкілін қабылдады.

Бас прокуратураның Call-орталығына тегін 115 нөмірі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен 83 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.

Саll-орталықтың құзырына кіретін мәселелер бойынша 56 өтініш тіркелді.

2019 жылдың 9 айында прокуратура органдарына «Электронды үкімет» порталы арқылы 36 935 электронды өтініш келіп түсті.