2019 жылдың 6 айы бойынша прокуратура органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыстың жай-күйі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылдың 6 айында Қазақстан Республикасы прокуратура органдарына 105 627 жеке және заңды тұлғадан өтініш келіп түсті. 

Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 98 255-і немесе 93%-і қаралды, оның 54 952-сы шешімін тапты немесе қаралған өтініштердің жалпы санының 56%-ын құрады.

Шешімін тапқан өтініштердің жалпы санының 12 163-і  немесе 22%-і қанағаттандырылды, 8 950 өтініш немесе  16%-і қанағаттандырусыз қалдырылды, 33 839 өтінішке немесе 62%-і бойынша түсіндірмелер берілді.

Прокуратура органдары өтініштерді қарау нәтижелері бойынша  165 прокурорлық қадағалау актісін енгізді, тәртіптік жауаптылыққа  75 лауазымды тұлға тартылды.

Прокуратура органдарының қызметкерлері жеке қабылдауға 38 591, олардың ішінде тікелей басшылар 19 051 азамат пен заңды тұлға өкілін қабылдады.

Бас прокуратураның Call-орталығына тегін 115 нөмірі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен 56 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.

Саll-орталықтың құзырына кіретін мәселелер бойынша 43 өтініш тіркелді.

2019 жылдың қаңтар айында прокуратура органдарына «Электронды үкімет» порталы арқылы 17 351 электронды өтініш келіп түсті.