2018 жылғы 12 ай ішінде прокуратура органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыстың жай-күйі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылғы 12 ай ішінде  Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына жеке және заңды тұлғалардан 237 530 өтініш келіп түсті. 

Оның ішінде келіп түскен өтініштердің жалпы санының 199 887-сі немесе 84%-і қаралды, сонымен қатар 108 621 немесе  қаралған өтініштердің жалпы санының 54% -і мәні бойынша шешімін тапты.

Шешімін тапқан өтініштердің жалпы санының – 22 749-зы  немесе 21% қанағаттандырылды, 19 285 өтініш немесе  16% қанағаттандырусыз қалдырылды, 66 587 өтінішке немесе 61%-ы бойынша заңға түсініктеме берілді.

Прокуратура органдарының өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 371 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, тәртіптік жауаптылыққа – 183, әкімшілік жауаптылыққа – 15 лауазымды тұлға тартылды.

Прокуратура органдарының қызметкерлері жеке қабылдауға 74 310, олардың ішінде тікелей басшылар 34 417 азамат пен заңды тұлға өкілін қабылдады.

Бас прокуратураның Call-орталығына тегін 115 нөмірі бойынша жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен 115 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.

Саll-орталықтың құзырына жататын мәселелер бойынша 168 өтініш тіркелді.

Ағымдағы жылы Call-орталығына келіп түскен өтініштер бойынша прокурорлар қабылдаған шаралармен жалақы және басқа да төлемдер бойынша 73 млн. теңгеден астам сомадағы берешек өтелді.

2018 жылғы 12 айда прокуратура органдарына «Электрондық үкімет» порталы арқылы 44 185 электрондық өтініш келіп түсті.