2018 жылдың 7 айы бойынша прокуратура органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыстың қорытындысы туралы | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

You are here

2018 жылдың 7 айы бойынша прокуратура органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыстың қорытындысы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылдың 7 айында Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында 140 050 жеке және заңды тұлғадан өтініш келіп түсті. 

Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 116 272-сі немесе 83% қаралды, оның ішінде 63 519-сі шешімін тапты немесе қаралған өтініштердің жалпы санының 55%-ын құрады.

Шешімін тапқан өтініштердің жалпы санының – 13 122-сі  немесе 21% қанағаттандырылды, 11 673 өтініш немесе  18% қанағаттандырусыз қалдырылды, 38 724  өтінішке немесе 61%-ы бойынша заң түсіндірмелері берілді.

Прокуратура органдары өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 202 прокурорлық қадағалау актісін енгізді, тәртіптік жауаптылыққа – 112, әкімшілік жауаптылыққа – 8  лауазымды тұлға тартылды.

Прокуратура органдарының қызметкерлері жеке қабылдауға  45 731, олардың ішінде тікелей басшылар 20 360  азамат пен заңды тұлға өкілін қабылдады.

Бас прокуратураның Call-орталығына тегін 115 нөмірі бойынша жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен 63 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.

Саll-орталықтың құзырына кіретін мәселелер бойынша 113 өтініш тіркелді.

Өткен жылы Call-орталығына келіп түскен өтініштер бойынша прокурорлар қабылдаған шаралар, сондай-ақ, жалақы және басқа да төлемдер бойынша 73 млн. теңгеден астам сомадағы берешектер өтелді.

2018 жылдың 7 айында прокуратура органдарына «Электронды үкімет» порталы арқылы 5 988 электронды өтініш келіп түсті.

 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.