2018 жылдың 11 айы бойынша прокуратура органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыстың қорытындысы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында 220 029 жеке және заңды тұлғадан өтініш келіп түсті. 

Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 183 408-зі немесе 83% қаралды, оның ішінде 99 599-зі шешімін тапты немесе қаралған өтініштердің жалпы санының 54%-ын құрады.

Шешімін тапқан өтініштердің жалпы санының – 20 946-сі  немесе 21% қанағаттандырылды, 17 682 өтініш немесе  18% қанағаттандырусыз қалдырылды, 60 971 өтінішке немесе 61%-ы бойынша заң түсіндірмелері берілді.

Прокуратура органдары өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 306 прокурорлық қадағалау актісін енгізді, тәртіптік жауаптылыққа – 160, әкімшілік жауаптылыққа –10 лауазымды тұлға тартылды.

Прокуратура органдарының қызметкерлері жеке қабылдауға 68749, олардың ішінде тікелей басшылар 31 506 азамат пен заңды тұлға өкілін қабылдады.

Бас прокуратураның Call-орталығына тегін 115 нөмірі бойынша жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен 106 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.

Саll-орталықтың құзырына кіретін мәселелер бойынша 162 өтініш тіркелді.

Өткен жылы Call-орталығына келіп түскен өтініштер бойынша прокурорлар қабылдаған шаралар, сондай-ақ, жалақы және басқа да төлемдер бойынша 73 млн. теңгеден астам сомадағы берешектер өтелді.

2018 жылдың 11 айында прокуратура органдарына «Электронды үкімет» порталы арқылы 33 278 электронды өтініш келіп түсті.