You are here

2015 жылы прокуратура органдарына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс қорытындылары туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2015 жылы Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына 335 001 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті. 

Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 259 446 немесе 77,4% қаралды, соның ішінде, 163 631 шешімін тапты, немесе қаралған өтініштердің жалпы санының 63,1%.

Шешімін тапқан өтініштердің жалпы санының – 28859  немесе 17,6% қанағаттандырылды, 24514 өтініш немесе  15% қанағаттандырусыз қалдырылды, 110258  өтініш немесе 67,4%  бойынша заң түсіндірмелері берілді.

Прокуратура органдары өтініштерді қарау нәтижелері бойынша  3181 прокурорлық қадағалау актілерін енгізді, тәртіптік жауапкершілікке – 1315, әкімшілік жауапкершілікке – 469  лауазымды тұлға тартылды, 28 мыңнан астам азамат пен ұйымдардың құқықтары қалпына келтірілді.

Прокуратура органдарының қызметкерлері жеке қабылдауға  49540, солардың ішінде тікелей басшылар 33 014    азамат пен заңды тұлға өкілдерін қабылдады.

Бас прокуратураның Call-орталығына тегін 115 нөмірі бойынша жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен 65 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.

Саll-орталықтың құзырына кіретін мәселелер бойынша 452 өтініш тіркелді.

Өткен жылы Call-орталығына келіп түскен өтініштер бойынша прокурорлар қабылдаған шаралар мен жалақы және басқа да төлемдер бойынша 46 млн. теңгеден астам сомадағы берешектер өтелді.

2015 жылы прокуратура органдарына 19 806 электронды өтініш, олардың ішінде электронды Үкімет порталы арқылы – 8 357, www.115.kz  порталы арқылы – 11449 өтініш келіп түсті.

Бас прокуратураның сайтындағы «Электронды санды қолтаңбаның көмегімен жолданымды прокуратураға қалай жолдауға болады?» деген бөлімінде азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретін электрондық өтініштерді прокуратура органдарына жолдау мүмкіндіктері туралы нақты айтылған.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.