You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті бойынша талдамалық (түсіндірме) жазба

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Бас прокуратурасының 2018-2020 жылдарға арналған бюджетінде бюджеттік бағдарламаның 5 түпкілікті нәтиже көрсеткіштері және 12 тікелей нәтиже көрсеткіштері қарастырылған.  

Шығыстар жалпы көлемі 72 782,2 млн. теңге құрайтын 3 бюджеттік бағдарлама бойынша қарастырылған, соның ішінде:

 - 2018 жылы – 24 625,2 млн.теңге;

- 2019 жылы – 23 996, 3 млн.теңге;

- 2020 жылы – 24 160,0 млн.теңге.

 

Соның ішінде бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша:

 

001бағдарламасы бойынша «Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелді актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру»

 

2018-2020 жылдарға бағдарлама бойынша ҚР Бас прокуратурасының орталық аппараты және аймақтық органдарын ұстау мен қызметін қамтамасыз етуге жалпы сомасы 68 336,5 млн.теңге шығыстар қарастырылған, оның ішінде жылдар бойынша:  

 

- 2018 жылы – 23 072,3 млн.теңге;

- 2019 жылы – 22 528,8 млн.теңге;

- 2020 жылы – 22 735,4 млн.теңге.

 

Бюджеттік бағдарлама 3 кіші бағдарламадан тұрады:

 

100 кіші бағдарламасы бойынша  «Уәкілетті органның жоғары қадағалау және мемлекеттік құқықтық статистика қалыптастыру саласындағы қызметін қамтамасыз ету»

 

Прокуратура органдарына жүктелген міндеттерді орындау үшін 2018-2020 жылдарына прокуратура органдарының орталық аппараты мен аймақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін ұстауға және қызметін қамтамасыз етуге шығыстар қарастырылған: еңбек ақысын төлеу, соның ішінде техникалық персоналдың, нысанды киім-кешектерді, кеңсе және шаруашылық тауарларын, ЖЖМ, сұйық және қатты отынды сатып алу, ғимараттар мен автокөлік құралдарына қызмет көрсету мен ұстау, коммуналдық қызметтері, байланыс қызметтеріне төлеу, ғимараттар мен үй-жайларды жалға алу, полиграфиялық өнімді дайындау, банк қызметтеріне төлеу, штат санының жалпы лимитімен 5 423 бірл. іс-сапар шығыстары .    

оның ішінде:

- орталық аппарат саны – 355 бірл.,

- аймақтық бөлімшелер – 4 412 бірл.,

- Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет – 656 бірл.

 

Кіші бағдарлама бойынша 2018-2020 жылдарға жалпы сомасы 58 717,3 млн.теңге құрайтын шығыстар қарастырылған, соның ішінде жылдар бойынша:

- 2018 жылы – 19 628,2 млн.теңге;

- 2019 жылы – 19 435,2 млн.теңге;

- 2020 жылы – 19 653,9 млн.теңге.

 

104 кіші бағдарламасы бойынша  «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету»

 

Шығыстар заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету, есепке алу статистикалық, ақпараттық, аналитикалық және қадағалау қызметін орындау, құқықтық статистикалық ақпаратты жинау, жүргізу және өңдеу бойынша жүктелген басқа да міндеттер мен қызметтерді орындау үшін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу мен қызмет көрсетумен және өзге де бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеумен байланысты.   

 

2018-2020 жылдарға жалпы сомасы 4 969,2 млн.теңге құрайтын шығыстар қарастырылған, соның ішінде жылдар бойынша:

- 2018 жылы – 1 894,0 млн.теңге;

- 2019 жылы – 1 543,6 млн.теңге;

- 2020 жылы – 1 531,6 млн.теңге.

 

105 кіші бағдарламасы бойынша «Мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау»

 

Кіші бағдарлама бойынша шығыстар кеңесшілер қызметтеріне төлем жүргізуге, тергеу мен соттан жасырынған қылмыскерлерді экстрадициялау мәселелері бойынша шетелдік арбитраждар мен сот органдарында мемлекет мүдделеріне өкілдік етумен байланысты сараптамалар мен тікелей  шығыстарға бағытталған.   

 

2018-2020 жылдарға жалпы сомасы 4 650,0 млн.теңге құрайтын шығыстар қарастырылған, соның ішінде жылдар бойынша:

- 2018 жылы – 1 550,0 млн.теңге;

- 2019 жылы – 1 550,0 млн.теңге;

- 2020 жылы – 1 550,0 млн.теңге.

 

015 бағдарламасы бойынша «Құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің жедел жүйесін құру»

 

Осы бағдарламаны іске асыру құқықтық статистика мен арнайы есепке алуды автоматтандыру және ақпараттандыруды, мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің тиімді және жедел жүйесін құру және дамыту арқылы құқықтық статистика субъектілерінің ақпараттық жүйелерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық жүйелерімен біріктіруді қамтамасыз етеді.

 

Тұтастай бағдарлама бойынша 2018-2020 жылдарға жалпы сомасы 109,1 млн.теңге құрайтын шығыстар қарастырылған, соның ішінде жылдар бойынша:

-2018 жылы –  105,5 млн.теңге;

-2019 жылы –  1,8 млн.теңге;

-2020 жылы –  1,8 млн.теңге.

 

101 кіші бағдарламасы бойынша «Криминалдық және жедел есеп жүргізу жөнiндегi мемлекетаралық ақпараттық өзара iс-қимыл»

 

Шығыстар ТМД қатысу мемлекеттерінің басшыларымен қабылданған 1992 жылы 3 тамыздағы ішкі істер министрліктерінің ақпарат алмасу саласындағы өзара қарым-қатынас туралы келіссімен (Чолпон-Ата, Қырғызстан) үлестік қамту туралы шешім негізінде әр тараптан ХАҚ келіп түскен есепке алу материалдарының санынан үлестік қатысу нысанында Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Бас ақпараттық-талдау орталығының Халықаралық ақпараттық қорына (бұдан әрі - ХАҚ) үлестік ұстау бойынша төлемдерді жүзеге асыруға арналған.  

 

2018-2020 жылдарға жалпы сомасы 5,3 млн.теңге құрайтын шығыстар қарастырылған, соның ішінде жылдар бойынша:

- 2018 жылы – 1,8 млн.теңге;

- 2019 жылы – 1,8 млн.теңге;

- 2020 жылы – 1,8 млн.теңге.

 

102 кіші бағдармасы бойынша «Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдары үшін ақпарат алмасу жүйесін құру»

 

2018 жылға жалпы сомасы 103,8 млн.теңге құрайтын шығыстар қарастырылған.

Осы қаражат жүйені құруға техникалық-экономикалық негіздеме шеңберінде қарастырылған. Жүйенің дамуы және тұрақты көбеюімен, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен  байланысты құқық қорғау және арнаулы органдардың Шинасы мен Порталын пысықтау қажет.

Жүйені дамыту шеңберінде ақпараттық алмасу бөлігінде ақпараттық жүйелерді пысықтауды қоса, өзге де мемлекеттік органдардың деректер қорларымен біріктіру қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта ақпараттық жүйелерді жаңғыртуға, сондай-ақ жобаны басқаруға шаралар көзделген.

 

018 бағдарламасы бойынша «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату және жоғары білімнен кейінгі білім беру»

 

Құқық қорғау органдары академиясы қызметінің негізгі бағыттары: құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру және өткізу, жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру болып айқындалған.

Штаттық саны 213 адамды құрайды.

 

2018-2020 жылдарға жалпы сомасы 4 336,6 млн.теңге құрайтын шығыстар қарастырылған, соның ішінде жылдар бойынша:

2018 жылы – 1 448,1 млн. теңге;

2019 жылы – 1 465,7 млн теңге;

2020 жылы – 1 422,8 млн. теңге.

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

орынбасары                                                                                         А. Лукин

 

 

Қаржы Департаментінің директоры                                               С. Есжанов

 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.