Жамбыл облысытық прокуратурасы бос қызмет орнына конкурс өткізуді жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

Жамбыл облысытық прокуратурасы,  080000, Тараз қаласы, М.Х.Дулати көшесі, 23; тел:8 (7262) 45-29-41; факс: 8 (7262) 45-29-41, эл.адрес: 7262122@prokuror.kz бос қызмет орнына конкурс өткізуді жариялайды Тараз қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры лаузымына - 1 бірлік және Тараз қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің (негізгі қызметкердің оқуда болуына байланысты) прокуроры -1 бірлік.

Бос қызмет орын:

  • Тараз қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры (бір орын).
  • Тараз қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің (негізгі қызметкердің оқуда болуына байланысты) прокуроры (бір орын).

Функционалдық міндеті:

  • негізгі функционалдық міндеті - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Еңбекке ақы төлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына  тиісті жүргізіледі.

Біліктілік талаптары:

- жоғарғы білім;

- юриспруденциялық мамандық.

            -тестілеу бағдарламасына сәйкес, нормативтік-құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

Құжаттарды қабылдау, Тараз қаласы, М.Х.Дулати көшесі, 23, Жамбыл облысы прокуратурасы Аппаратының кадрлық дамыту тобына, соңғы жариялымнан соң 5 жұмыс күні ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • арыз;
  • сауалдама;
  • кадр есебі жөніндегі іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жай мен байланыс телефондарын көрсету);
  • жақын туыстары, оның ішінде бұрынғы жұбайы, жете көрсетілген, баспа түрде өз қолымен жазылған өмірбаян;
  • жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген, Қазақстан Республикасының азаматы екендігін дәлелдейтін жеке куәліктің көшірмесі;
  • нотариалды куәландырылған жоғарғы білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • нотариалды куәландырылған (қолма-қол), еңбек қызметін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
  • әскери билеттің немесе әскери қызметке қатысы бар құжаттың көшірмесі;
  • соңғы жұмыс орнынан (оқудан) мінездеме және түйін;
  • 3х4 сурет(2 дана);
  • Қазақстан Республикасының 1998 жылы 2-шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңына сәйкес мүліктік және азамат пен оның жұбайының салық органдарына табысы жөніндегі декларациясының құжаттары;
  • азаматтар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі және іскерлік беделі жөнінде қосымша мәлімет бере алады (біліктілікті арттыру ғылыми дәрежесі жөніндегі құжаттардың, мінездеменің, ұсынымның, ғылыми жариялымдардың  көшірмелері).

 

 

Жамбыл облысы прокуратурасы

Аппаратының кадрлық дамыту тобы