Шығыс Қазақстан облыс прокуратурасы «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

 

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарлама

 

Шығыс Қазақстан облыс прокуратурасы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 21 үй, индекс 070004, анықтама телефоны: 8 (7232) 24-18-34, e-mail: 7232386@prokuror.kz «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін  жалпы конкурс  жариялайды

 

1. Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары: 

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары: 

Санат         еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақы

                    min           max

С-О-5         83 353        112 376

С-О-6         75 035        101 581

C-R-5                   64 948       88 303

 

  1. Қаржы және ақпараттандыру басқармасының ақпарат қауіпсіздігі бойынша бас маман лауазымына (С-О-5 санаты), (1  бірлік),  индекс №10, Код 10-1-3.

 

Білімі бойынша конкурсқа қатысушыға талаптар:  Жоғары білім«Техникалық ғылымдар мен технологиялар» (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік үлгіле, радиотехника, электроника және телекоммуникация), «Білім беру» (информатика)

Функционалдық міндеттері: Басқарма құзыреті шеңберінде ағымдағы және алдағы жұмыс жоспары мен басқа да құжаттардың дайындалуына қатысу; прокуратура органдарын ақпарат қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарын жасауға қатысу,  сондай-ақ прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелерінде оларды сақтауға бақылау жасау; ақпар қорының қауіпсіздігі мониторингін қамтамасыз ету; прокуратура органдары ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ағымдағы мәселелерді шешуді ұйымдастыру; ақпараттық қорларды қорғауда ұйымдастырушылық пен техникалық шараларды үйлестіруді қамтамасыз ету, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету; прокуратура органдарында ақпараттық қауіпсіздік пен мемлекеттік құпияны қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

Интернет желісінде прокуратура органдары Веб-сайтын техникалық қамтамасыз ету; ақпараттандыру мониторингін, техника мен бағдарлама құрал-жабдықтарын пайдалануды ұйымдастырады және өткізеді; телекомммуникация жүйесінде ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етудің негізгі ережесін дайындауға қатысады; мемлекеттік құпияны қорғау жөнінде шаралар ұйымдастыру және орындау; прокуратура органдарының телекоммуникация жүйелерінде ақпаратты рұқсатсыз алудың, сондай-ақ оларды қалыптастыру процессіне заңсыз араласудың алдын алу жөнінде шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; прокуратура органдарында ақпараттық қажеттіліктің талдануына, ақпарат жүйесіне,  деректер базасына және ақпараттарды қорғау құрал-жабдықтарына сараптама өткізуді ұйымдастыру; прокуратура органдары инфрақұрылым қажеті үшін мониторинг пен технологиялық шешімдерді талдау; ақпараттық жүйелердің қосарлана жүргізілуі мен енгізілуі бойынша жұмысты үйлестіру; прокуратура органдары жүйесінде бағдарламалық-аппараттық құрал-жабдықтарға техникалық және жүйелік қызмет көрсету бойынша жұмысты талдайды және үйлестіреді; сатып алынатын тауарлар, қызметтер, жұмыстардың техникалық маманданымын дайындау; облыстың прокуратура органдарында компьютерлендіру мен ақпараттық қамтамасыз ету жұмысын жетілдіру мен ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды; аймақтық бөлімшелерде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; ақпараттық технологияны, есептегіш және ұйымдастырушы техниканы әзірлеп, енгізу; прокуратура органдарында ақпараттық қамтамасыз етуді құру, қызмет көрсету және дамыту қызметін ұйымдастырады; техникалық базаның және ақпараттық қызмет көрсетудің жаңалануын, ақпараттық-есептегіштер жүйесінің дамуы шеңберінде ақпараттарды өңдеудің қазіргі әдісі мен құрал-жабдықтарын енгізуді қамтамасыз етеді; прокуратура органдарын компьютерлендіру мен ақпараттық қамтамасыз етуді енгізудің мониторингін өткізеді; алдын алу жұмыстарын жүргізуді, ДЭЕМ, аппараттық құрал-жабдықтарды, локалды есептегіш желілері мен құрал-жабдықтар қатынастарын, бағдарламалық құрал-жабдықтар бағдарламасы жүйесінің қосарлана жүруін пайдалану процессі кезінде туындайтын істен шығуларды жоюды ұйымдастырады; жөнделген құрал-жабдықтарды, сондай-ақ қайта енгізілген құрал-жабдықтарды қабылдау мен игеруде, арнайы талаптарды ескере отырып, құрал-жабдықтарды жаңарту мен жетілдіру бойынша жұмыстарға қатысады;

ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде әдістемелік және практикалық көмектер көрсетеді; техникалық құжатнамаларға сараптаманы, құрал-жабдықтардың жай-күйі мен пайдаланылуына бақылау мен қадағалауды іске асырады; телекоммуникациялық құрал-жабдықтары мен телекоммуникация жүйесін қамтамасыз ету бағдарламасын қоса алып жүру мен әкімгершілендіру, прокуратура органдары байланысын желілер сегментімен жасау және басқару; телекоммуникация жүйесі жұмысының сенімді және үздіксіз қамтамасыз етуі бойынша жұмыстар кешенін жүргізеді. Прокуратура органдары байланысын телекоммуникация жүйесімен қамтамасыз ету және дамыту мәселелері бойынша техникалық шешімдер жасауға қатысады. Байланыс қызметін жеткізіп берушілермен келісім-шарттарды қорытындылап, бекіту; прокуратура органдарында телехабар желісін ұйымдастыру; құрылыс кезінде байланыс желілерінің техникалық қадағаланылуын ұйымдастыру; номенклатура бойынша материалдық құндылықтар есебі; телекоммуникация құрал-жабдықтары байланысын орнымен пайдаланылуына бақылау; телекоммуникация жүйесі жұмысының сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; ресми шаралардың аудиожазбаларын, фото-бейне түсірілімдерін ұйымдастыру; зақымдануды жою бойынша жұмысты ұйымдастыру, кабельді байланыс жүйесінің алдын алу және ағымдағы жөнделуі; прокуратура органдарын телекоммуникация қызметімен қамтамасыз ету бойынша бюджеттік өтінімдерді ұйымдастырады және енгізеді; телекоммуникациялық құрал-жабдықтары мен телекоммуникация жүйесін қамтамасыз ету бағдарламасын қоса алып жүру мен әкімгершілендіру бойынша жұмысты ұйымдастырады, прокуратура органдары байланысын желілер сегментімен жасау және басқарады.

Құзыреттер бойынша талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

 

 

        

2. С-О-6 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

    С-О-6 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

   жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

  1.  Облыс прокуратурасы Аппаратының жетекші маманына,   санаты С-О-6 №20-1-1,20-1-2,20-1-3,  3 бірлік, оның ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне (01.09.2019ж)).

Білімі бойынша конкурсқа қатысушыға талаптар: Жоғары білім «Құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі, кеден ісі), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, қаржы, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету), «Гуманитарлық ғылымдар» (философия, аударма ісі), «Білім беру» (орыс тілі және әдебиет, қазақ тілі және әдебиет)  немесе ортадан кейінгі білім «Құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі), «Білім беру» (негізгі орта білім), «Сервис экономика және басқару» (іс жүргізу және мұрағаттану, аударма ісі)

Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс және шығыс корреспонденцияларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу, жүйелеу, алғашқы өңдеу, сұрыптау және одан әрі мақсатына қарай жолдау; электрондық мәліметтер базасындағы белгіленген нысанының тиісті бөліктерін қалыптастыру және толтыру. Іс құжаттарын жүргізу, ақпараттарды жинақтау, өңдеу мен ұсынуға арналған компьютерлік техникаларды  қолдана отырып, түрлі операцияларды жүзеге асыру. Прокуратураның мұрағатымен жұмыс жүргізу.      

Құзыреттер бойынша талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. C-R-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

1)      Семей прокуратурасының құжаттамалық қамтамасыз ету тобының жетекші маманы, 1 бірлік №9-1-2,  (санаты C-R-5),

2)      Өскемен қаласы прокуратурасының құжаттамалық қамтамасыз ету тобының жетекші маманы C-R-5 №9-2; (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне (01.12.2018ж.)

Білімі бойынша конкурсқа қатысушыға талаптар: жоғары білім  «Құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі, кеден ісі),  «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, қаржы,  мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, «Білім беру» (орыс тілі және әдебиет, қазақ тілі және әдебиет),  «Гуманитарлық ғылымдар» (филология) немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіби білім «Құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі), «Білім беру» (негізгі орта білім), «Сервис экономика және басқару» (іс жүргізу және мұрағаттану, аударма ісі)

     Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс және шығыс корреспонденцияларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу, жүйелеу, алғашқы өңдеу, сұрыптау және одан әрі мақсатына қарай жолдау; электрондық мәліметтер базасындағы белгіленген нысанының тиісті бөліктерін қалыптастыру және толтыру. Іс құжаттарын жүргізу, ақпараттарды жинақтау, өңдеу мен ұсынуға арналған компьютерлік техникаларды  қолдана отырып, түрлі операцияларды жүзеге асыру. Прокуратураның мұрағатымен жұмыс жүргізу.

 

3)      Риддер қаласы прокуратурасының жетекші маманы 1 бірлік №9-2-1 (санаты C-R-5);

4)      Аягөз ауданы прокуратурасының жетекші маманы 1 бірлік, санаты C-R-5 №9-2-2; (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне (05.09.2020ж.)

5)      Ұлан ауданы прокуратурасының жетекші маманы C-R-5 №9-2-3; (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне (01.10.2019ж.))

Білімі бойынша конкурсқа қатысушыға талаптар:Жоғары білім «Құқық» (құқықтану, құқыққорғау органдары, кеден ісі), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету), «Білім беру» (орыс тілі және әдебиеті, қазақ тілі және әдебиеті, шет тілі:  екі шет тілі), «Гуманитарлық ғылым» (тарих, филология) немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіби білім, «Құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі),  «Білім беру» (негізгі орта білім), «Сервис экономика және басқару» (экономика, есеп және аудит, іс жүргізу және мұрағаттану, аударма ісі)

Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс және шығыс корреспонденцияларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу, жүйелеу, алғашқы өңдеу, сұрыптау және одан әрі мақсатына қарай жолдау; электрондық мәліметтер базасындағы белгіленген нысанының тиісті бөліктерін қалыптастыру және толтыру. Іс құжаттарын жүргізу, ақпараттарды жинақтау, өңдеу мен ұсынуға арналған компьютерлік техникаларды  қолдана отырып, түрлі операцияларды жүзеге асыру. Прокуратураның мұрағатымен жұмыс жүргізу.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі-7 жұмыс күн, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «Е- қызмет» ықпалдастырылған ақпарат жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күннен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы  конкурсқа  қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса берілген);

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (нысан қоса берілген).

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімнің) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру кезінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

         Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облыс прокуратурасында» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар  әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облыс прокуратурасында индекс 0700004, Өскемен қаласы, Пермитина көшесі 21үй, өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде  Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша департаментіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия шешіміне шағымды: ШҚО, Өскемен қ. Пермитина көшесі 21  мекенжайы бойынша ұсынуға болады.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Анықтама телефондары: 8 (7232) 24-18-34, e-mail: 7232386@prokuror.kz

 

1 қосымша

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға конкурс өткізу қағидаларына

2 қосымша

 

нысан

 

___________________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын__________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

Берілген құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

    

Мекенжайы және байланыс телефоны ___________________________________

____________________________________________________________________

 

 

__________                                                     ___________________________________

      (қолы)                                                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

 

 

 

 

 

2 қосымша

 

                                                                                «Б» корпусының мемлекеттік

                                                                                   әкімшілік лауазымына

                                                                                  орналасуға конкурс өткізу

                                                                               қағидаларының

                                                                               3-қосымшасы

 

Нысан       

 

 «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)   ФОТО

(түрлі түсті/ цветное,

3х4)

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)   

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.      Туған күні және жері/

Дата и место рождения        

2.      Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)     

3.      Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения        

4.      Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) 

5.      Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками

6.      Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)     

7.      Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  

8.      Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)        

9.      Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата  қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/

приема       босатылған/

увольнения        

                  

                  

                  

                  

                  

                  

                  

                  

                  

 

_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата     

_______________

күні/дата