Қызылорда облысының прокуратурасы бос прокурорлық лауазымға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

 

Қызылорда облысының прокуратурасы, 120001, Қызылорда қаласы, Нұрмақов көшесі, №1 үй, анықтама үшін телефон (7242) 274375, факс (7242) 270172, электрондық мекенжай 7242380@prokuror.kz, бос прокурорлық лауазымға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

Бос орындар:

- Қазалы аудандық прокуратурасының прокуроры – C-RGP-5 (бір бірлік);

- Шиелі аудандық прокуратурасының прокуроры – C-RGP-5 (бір бірлік);

Функционалдық міндеттері:

Жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарының сақталуын қадағалауды, заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және заңда белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Еңбекақысы 76 274 теңгеден жоғары.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- функционалды бағыттарға сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;

- құқық қорғау органдарына қызмет атқару үшін қажетті болған денсаулығының жарамдылығы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қызылорда қаласы, Нұрмақов көшесі, №1 үй мекенжайда қабылданады, кадрлық дамыту тобы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш (нысанға сәйкес);

2) сауалнама (нысанға сәйкес);

3) кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы (нысанға сәйкес);

4) қолмен толтырылған және басылып жазылған толық өмірбаяны (нысанға сәйкес);

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын  құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

Құжаттар мұқабада тізбесі көрсетіліп, тігіліп тапсырылуы тиіс.