Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы, Ақтау қаласы, 9 шағын ауданы, 23/2 ғимараты, индексі 130000, анықтама телефоны 8(7297) 427270, факс 8(7297)427270, 7297160@kgp.kz

  Бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

  1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры – 1 бірлік (категория С-OКGP-7).

Негізгі функционалдық міндеттері:

құқықтық статистика және арнайы есепке алу, оның ішінде қылмыстық ақпаратты қалыптастыру саласында прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру. Негізгі міндеттерінен басқа, прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын атқаратын қызметтерді орындау.

  1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының  азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры – 1 бірлік (категория С-OКGP-7).

Негізгі функционалдық міндеттері:

құқықтық статистика және арнайы есепке алу, оның ішінде азаматтық және әкімшілік салалардағы ақпаратты қалыптастыру саласында прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру. Негізгі міндеттерінен басқа, прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын атқаратын қызметтерді орындау.

Еңбек жалақысы еңбек өтіліне қарай 87 069 теңгеден 117 862 теңге аралығын құрайды.

Конкурс келесі құжаттардың негізінде жүргізіледі:

1)  Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының  04.05.2014 жылғы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы Ережесінің (әрі қарай - Ереже) 2 қосымшасына сәйкес нысанды өтініш;

2) көрсетілген Ереженің 2 қосымшасына сәйкес сұрақтама;

3) Ережедегі 4 қосымшаға сәйкес,  кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұратын жері және телефоны, оның ішінде байланыс телефоны); 

4) Ереженің 5 қосымшасындағы нысанға сәйкес, бұрынғы жұбайларымен қоса жақын туыстарын көрсете отырып бастырылған түрде, өз қолымен толтырылған өмірбаян;

5) Қазақстан Республикасы азаматы ретінде куәландыратын нотариалды расталған жеке куәлік көшірмесі;

6) білімі туралы нотариалды расталған құжаттардың көшірмесі;

7) нотариалды куаландыралған еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмесі;

8) әскери билет немесе әскерге шақырылғандар қатырына бар екендігі туралы куәлік көшірмесі;

9) 3х4 өлшемді фотосурет (3 дана);

10) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңына сәйкес, тұрғылықты мекен – жайындағы салық органынан азаматты және оның жұбайының кірістері және мүліктері туралы декларация ұсынылғаны жөніндегі құжаттары;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырар алдында маңызы бар, қолданыстағы заңнамалар қағидаларын білу бойынша компьютерлік тестілеудің нәтижесі;

Ереженің 6 қосымшасына сәйкес тестілеу Бағдарламасында көрсетілген Нормативтік құқықтық актілер сұрағы бойынша жалпы саны 70% дұрыс жауабын құрайды.

12) міндетті арнайы тексеру және прокуратура органдары қызметіне жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссия, медициналық және психофизиологиялық, сонымен қатар полиграфологиялық зерттеудің өткендігі жөніндегі қорытындысы;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарынан соттылығы жоқтығы, бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімішілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс орнынан (оқу орны) мінездеме.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби дәрежесіне және іскери абыройына байланысты  (ғылыми (академиялық) дәрежелерді иемдену және шен, мінездеме, ұсыныстар, ғылыми жариялымдар біліктілікті жоғарылату туралы) толығырақ мәліметтер ұсыныла алады.

Құжаттарды қабылдау орны:

         Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінідегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы, мекенжайы: Ақтау қаласы, 9 шағын ауданы, 23/2 ғимараты.         Құжаттарды қабалдау уақыты: конкурс өткізу жөніндегі соңғы хабарламаны жариялаған күннен 5 жұмыс күні ішінде.