«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы» ММ прокуратура органдары жүйесі мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

 «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы» ММ (010000, Нұр-Сұлтан қ. Мәңгілік Ел көшесі, 14, №523, телефоны 8(7172) 71-26-98, электронды мекенжайы: 7172698@prokuror.kz) прокуратура органдары жүйесі мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

          «Өтініштер және іс жүргізу басқармасы Мемлекеттік тілді дамыту тобының бас сарапшысы (С- 4 санаты)».

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:

санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4

138 214 тг.

186 526 тг.

 

 

                Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (филология, аударма ісі, түркітану), білім (қазақ тілі мен әдебиеті).

Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді, "Қазақстан-2050" Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу.
Мынадай құзыреттердің болуы: бастамашылық, коммуникативтілік, талдамашылық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.       

         Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»  Қазақстан Республикасы заңының талаптарының сақталуына талдаулар мен мониторингтер жүргізу. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу бағдарламасын әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік тілді оқыту. Іс қағаздарды латын графикасына көшіруді ұйымдастыру. Мемлекеттік тілде құжаттар дайындау кезінде әдістемелік көмек көрсету. Мемлекеттік тілдің қызметі мен дамуы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау.

         С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына қойылатын жалпы біліктілік талаптары ("Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы                 № 85 бұйрығының 14-тармағына сәйкес):

         жоғары білім;

         құзыреттердің бар болуы: бастамашылдық, коммуникативтілік, талдамашылық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлану, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

         жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

         1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда не B-5, C-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес не "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес өтілі бар, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда не                B-5, C-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес не "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының ортадан төмен емес басшылық құрамында немесе арнайы мемлекеттік органдардың орталық не облыстық деңгейдегі кіші офицерлік құрамы лауазымдарындағы өтілі екі жылдан кем емес;

         4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес; *

         5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

          

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынады:

         1) нысандағы өтініш (қоса беріледі); 

         2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

         Құжаттарды толық емес не анық емес мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам Бас прокуратураның Кадрлық даму департаментіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе               «е-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде электронды пошта мекенжайына не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды ұсынған жағдайда, олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

         Оларды бермеген жағдайда, тұлға конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар, олардың өзге де кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Құжаттарды қабылдау мерзімі – үш жұмыс күн, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

         Әңгімелесуге жіберілген кандидаттарды конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде және құжаттарды өткізу күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы әңгімелесу өткізу күні туралы  хабардар етеді. Хабарландыру телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына  ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

         Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап                                үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық даму департаментінде өтеді.

         Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

         Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

         Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының                2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

 

 

 

 

 

 

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекенжайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      

 

__________                                             ____________________________________
(қолы)                                                                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.