Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы» C-RGP-1 санатты бос лауазымдарға орналасуға прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы» (Мәңгілік ел даң.,  14 үй, 524 кабинет, телефон 8 (7172) 71-29-31, электрондық мекенжай: 7172757@prokuror.kz) C-RGP-1 санатты бос лауазымдарға орналасуға прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

  1. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының прокуроры;
  2. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының прокуроры;
  3. Қостанай облысы Жангелді ауданының прокуроры;
  4. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының прокуроры.

 

Жоғары тұрған бос басшы лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары мінсіз атақ, кәсіби, іскерлік және жеке сапалар болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген лауазымдарға орналастыруға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы  №90 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау арқылы жүзеге асырылады.

 Қала, аудан прокуроры лауазымына қойылатын біліктілік талаптар

  1. прокуратура органдарында алты жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі–ҚСжАЕАК) және Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;
  2. құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан немесе орталық аппаратта екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;
  3. судья лауазымында жеті жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
  4. мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес болуы;
  5. осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

 

Ішкі конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін өтініш хабарландыру жарияланған сәттен  бес жұмыс күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі­­­­­ №118 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағидалар)  1-қосымшасына сәйкес нысанда Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасының кадр қызметіне беріледі («Қадағалау» АЖ арқылы және 7172757@prokuror.kz электрондық мекенжайға қайталау қажет).

Өтінішке жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама, лауазымды тұлғаның кандидатқа қатысты Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда берген ұсынымхаты (бұдан әрі - ұсынымхат) қоса беріледі.

         Ұсынымхатқа Бас прокуратура қызметкерлері үшін Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары не олардың орынбасарлары, облыс прокуратураларының, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Бас прокуратураның ҚСжАЕАК және оның аумақтық органдарының  қызметкерлері үшін - прокуратура органдарының басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ көзделген мерзім бұзыла отырып ұсынылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурса қатысуға өтінішін кері қайтарады.

Кадр қызметі кандидаттарды жарияланған лауазымға біліктілік талаптарының сәйкестігін, сондай-ақ олардың кәсіптік, іскерлік және жеке сапаларын зерттейді.

Кандидат жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі.

Кәсіптік сапасын қосымша зерттеу үшін кандидат ҚСжАЕАК Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараттық-талдау бағдарламаларын білуге тестілеуден өтуге жіберіледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасын және ақпараттық-талдау бағдарламаларын білуге тестілеудің оң нәтиже алған кандидаттар әңгімелесуден өтеді. 

Кандидаттармен әңгімелесуді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының комиссиясы жүргізеді. 

Әңгімелесуді өткізу күні мен уақыты туралы, кандидат ол өткізілгенге дейін үш жұмыс күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

 

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі­­­­­ №118 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

 

 Қазақстан Республикасы

прокуратура органдары жүйесінің

жоғары тұрған басшы лауазымдарына

конкурс өткізу қағидаларына

1-қосымша

 

 

нысан

 

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін арыз
 

_____________________________________________________________

(лауазымның атауы)

бос лауазымға орналасу үшін ішкі конкурсқа қатысуға рұқсат сұраймын.

         Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында бос лауазымдарға орналасу үшін ішкі конкурс өткізу тәртібімен және шарттарымен таныстым, оларды орындауға келісемін және міндеттенемін.

Арызға келесі құжаттар қоса беріледі:

  1. ___________________________________
  2. ___________________________________
  3. ___________________________________

Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын.

 

 

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

«      » ____________ 20____ ж.

 

 

Байланыс телефоны/ электронды мекенжайы ___________________________

 

Қазақстан Республикасы

прокуратура органдары жүйесінің

жоғары тұрған басшы лауазымдарына

конкурс өткізу қағидаларына

2-қосымша

 

 

нысан

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін кандидатқа
ҰСЫНЫМХАТ

 

 

_____________________________________________________________

(лауазымның атауы)

жарияланған бос лауазымға ішкі конкурсқа қатысу үшін __________________ __________________________________________________________________ ұсынамын             (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымның атауы)

 

Кандидат мынадай қасиеттерге ие ________________________________ __________________________________________________________________

__________________________________________________________________ __________________________________________________________________

 (кандидаттың кәсіптік, іскерлік және жеке қасиеттері; көрсетілген қасиеттердің кандидатта бар екенін растайтын мысалдар)

Қосымша ақпарат:

_________________________________________________________________________________________________________________________________.

 

 

Ұсынып отырған адамның

лауазымы                                     қойған қолы              Тегі, аты, әкесінің аты

(бар болған жағдайда)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

прокуратура органдары жүйесінің

жоғары тұрған басшы лауазымдарына

конкурс өткізу қағидаларына

5-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу бағдарламасы

 

Бағдарлама

Сұрақтар саны

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу сұрақтары мыналарды қамтиды:

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (35 сұрақ)

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (35 сұрақ),

Қазақстан Республикасының Заңдары:

«Прокуратура туралы» (25 сұрақ),
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (10 сұрақ).

120