Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы прокуратура органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өтетінін хабарлайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

конкурстың барлық қатысушыларына арналған жалпы біліктілік талаптары:

 

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;*7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 8) ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақылары:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4

138 248

186551

 

I. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (анықтама телефондары: 8 (71651) 68079, 68033 e-mail: 7171116@prokuror.kz) «Б» корпусының мынадай бос (уақытша бос) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

1. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (31-4-02). 

Функционалдық міндеттері: Қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері бойынша сотта, сондай-ақ мемлекеттік мекеме қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқа ұйымдарда Академия мүддесін белгіленген тәртіпте білдіру; заңмен көзделген негіздер бар болған жағдайда барлық сот сатыларында мемлекеттік мекеменің мүддесіне қабылданбаған сот актілеріне шағымдану бойынша іс-шараларды уақтылы қабылдайды; заңды және жеке тұлғалармен хат жазуды жүзеге асырады;  Басқарманың қызметін регламенттейтін, құқығын бекітетін құжаттарды ресімдеуге қатысу; мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама нормаларын қолдану мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазым 31-4-04). Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есептің дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, қаржыландыру жоспарының орындалғаны туралы тоқсандық және жылдық есептер береді; құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылықтарына алдын ала бақылауды жүзеге асырады; ашық лимиттерге және олардың нысаналы тағайындалуына сәйкес қаражаттардың және материалдық құндылықтардың сақталуын бақылайды; тауарлы-материалдық запастардың, активтердің құжаттарын есепке алу бойынша бақылауды жасайды; ақшалай қаражаттардың және басқа тауарлы-материалдық құндылықтардың қозғалыстарына байланысты операцияларды үйлестіреді; бухгалтерлік есептің уақтылы берілуіне бақылау жасайды; синтетикалық және аналитикалық есеп бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, айналым ведомстарының әрбір аналитикалық есебі және «Бас журнал» қосалқы шот кітабындағы айналымдар жиынтығы мен қалдықтары бойынша айналымдар мен қалдықтардың жиынтығын салыстыра тексереді; есеп айырысу шоттарындағы ақшалай қаражат қозғалысы бойынша операцияларды есепке алуды жүргізеді; ақылы қызметтердің уақтылы есептелуіне бақылау жасайды; ақшалай қаражаттың уақытша таралуына және шетел валютасындағы шоттарға бақылау жасайды; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады. 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

3. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (31-4-08).

Функционалдық міндеттері: Бағдарламалар бойынша міндеттемелер және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар паспорттарын әзірлейді және бекітеді; бюджеттен қаржыландыру бөлігіндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады; бекітілген паспорттарға сәйкес бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына талдау жасайды және бекітілген паспорттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді; қолданыстағы заңнамаға сәйкес штаттық және штаттан тыс жұмыскерлерге еңбекақы төлеуін жоспарлау мәселелері бойынша есептеулер дайындайды; айларға бөле отырып, бағдарламалар және ерекшеліктер бөлігіндегі міндеттемелер бойынша жеке жоспарларын қалыптастырады; төлемдер және қаржыландырудың жеке жоспарын түзету жөніндегі ұсыныстар жиынтығын жүзеге асырады; қажеттілікке сәйкес, бағдарламалар шегінде өтетін міндеттемелер және төлемдер бойынша жеке жоспарлардың қайта есептеулерін жүзеге асырады; міндеттемелер және төлемдер бойынша бюджеттік қаражатты игеру бойынша экономикалық талдау өткізеді; бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алдағы үш жылда Академияның ағымдағы бюджеттік бағдарламасы бойынша Бюджеттік өтінім жобасын қалыптастырады; почта шығыстарына бөлінген бюджет қаражатын пайдалануының талдауын жасайды; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.  

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

4. Кәсіби деңгейді арттыру институты Прокурорлық қызмет және тілдерді дамыту кафедрасының бас сарапшысы, С-4 санаты (31-2-01).

Функционалдық міндеттері: Академияның бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүзеуге асыруды қамтамасыз етеді; Академияның құрылымдық бөлімшелерінің «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының құжаттарды мемлекеттік тілде орындау бөлігіндегі талаптарының орындалуын бақылайды; мемлекеттік тілдің дамыту және қолдану мәселелері бойынша ағымдық және перспективалық жоспарлар әзірлеу; олардың орындауын қамтамасыз ету, әдістемелік басшылықты жүзеге асыру және мемлекеттік тіл және аударманы дамыту мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру;   Академияда мемлекеттік тілді дамыту және қолдану бойынша Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асыру; талдауды жүзеге асыру; мемлекеттік тіл мәселелері бойынша жұмыстарды қорыту; мемлекеттік тілдегі кіріс және шығыс құжаттарын бақылау; іс жүргізуде мемлекеттік тілді енгізу, мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту, жұмысшыларға мемлекеттік тілде құжаттар әзірлеу бөлігінде консультативтік және практикалық көмек көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады. 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар, құқықтану, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, қазақ тілі және әдебиеті, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Адам тіркелу үшін кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

Тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.  Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін негізгі құжаттар: 1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар конкурс өткізу туралы соңғы хабарландыру шыққан күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылу қажет. 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      

 

__________                                             ____________________________________
(қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.