Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өтетінін хабарлайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

конкурстың барлық қатысушыларына арналған жалпы біліктілік талаптары:

                                                                                            

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;*7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 8) ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар, сондай-ақ конкурстан тыс негізде тағайындалатын мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшілері, кеңесшілері, баспасөз-хатшылары үшін қойылады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақылары:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына қарай

min

max

С-4

138248

186551

 

I. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (анықтама телефондары: 8 (71651) 68079, 68033 e-mail: 7171116@prokuror.kz) «Б» корпусының мынадай бос (уақытша бос) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

1. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.  

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін реттейтін нормативтік құқықтың актілерді әзірлеуге және келісуге катысады; жоспарланған және өткізілген мемлекеттік сатып алулар мониторингісін құрады; өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша есептерді дайындайды және тапсырады; мемлекеттік сатып алуларды өткізу туралы бұйрықтар жобаларының әзірлеуіне және оларды бекітуге енгізулеріне қатысады; тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы шартының жобасын жасауға және қарауға қатысады; мемлекеттік сатып алу ресімдерін өткізуге қатысады; мемлекеттік сатып алу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады; мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың қолданылу практикасының талдауын өткізеді және қорытады; өткізілген сатып алулар нәтижелері бойынша аналитикалық материалдар дайындайды; бюджеттік бағдарламалар шегінде жүзеге асырылатын, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуларын ұйымдастырады және өткізеді; мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды дайындайды және енгізеді; мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы қолдану мәселелері жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

2. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазым) Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есептің дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, қаржыландыру жоспарының орындалғаны туралы тоқсандық және жылдық есептер береді; құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылықтарына алдын ала бақылауды жүзеге асырады; ашық лимиттерге және олардың нысаналы тағайындалуына сәйкес қаражаттардың және материалдық құндылықтардың сақталуын бақылайды; тауарлы-материалдық запастардың, активтердің құжаттарын есепке алу бойынша бақылауды жасайды; ақшалай қаражаттардың және басқа тауарлы-материалдық құндылықтардың қозғалыстарына байланысты операцияларды үйлестіреді; бухгалтерлік есептің уақтылы берілуіне бақылау жасайды; синтетикалық және аналитикалық есеп бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, айналым ведомстарының әрбір аналитикалық есебі және «Бас журнал» қосалқы шот кітабындағы айналымдар жиынтығы мен қалдықтары бойынша айналымдар мен қалдықтардың жиынтығын салыстыра тексереді; есеп айырысу шоттарындағы ақшалай қаражат қозғалысы бойынша операцияларды есепке алуды жүргізеді; ақылы қызметтердің уақтылы есептелуіне бақылау жасайды; ақшалай қаражаттың уақытша таралуына және шетел валютасындағы шоттарға бақылау жасайды; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады. 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

                                                                                                                  

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Адам тіркелу үшін кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

Тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.  Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін негізгі құжаттар: 1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар конкурс өткізу туралы соңғы хабарландыру шыққан күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылу қажет. 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.