Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы (әрі қарай – Басқарма) келесідей бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

140000, Павлодар қ., Мира, 22, анықтама үшін телефон 8(7182) 53-68-38, факс 53-07-88, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы (әрі қарай – Басқарма) келесідей бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

  1. Негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне Басқарманың қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры (C-ОKGP-7 санаты) - 1 бірлік;
  2. Негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне Басқарманың қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры (C-ОKGP-7 санаты) - 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру. Негізгі міндеттерінен басқа, прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын атқаратын қызметтерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: атқаратын міндеттерге сәйкес, нақты лауазымға бағытталған жоғарғы кәсіби білімі; құқық қорғау органдары қызметіне өтуіне денсаулық жағдайы жағынан жарамдығы; нақты қызмет бойынша атқаратын міндеттерді орындау үшін міндетті білімі, ғылыми шеберлігі бар болуы қажет.

Еңбек жалақысы 87 125 теңгеден 117 862 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1)  Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының  04.05.2014 жылғы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары (әрі қарай - Қағида) 2 қосымшасына сәйкес нысанды өтініш;

2) Қағиданың 3-қосымшаға сәйкес нысандағы сауалнама;

            3) Қағиданың 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

            4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, Қағиданың 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

            5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

            6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

            7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

            8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

            9) 3х4 үлгідегі (3 дана) сурет;

            10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

            11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

            12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

            13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

            14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

Конкурсты өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде, қоса беріліп отырған құжаттарды көрсете отырып, тігін папкасына салынған құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы Павлодар  қаласы, Мир көшесі 22, мекен–жайына ұсынылады.