Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

060011, Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 48, анықтама телефоны 8(7122) 272040, факс 8(7122)272034, 7127251@kgp.kz

Бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

- Басқарманың Исатай және Құрманғазы аудандары бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры C-ОКGP-7 санаты бойынша (1 бос орын);

- Басқарманың Жылыой және Мақат аудандары бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры C-ОКGP-7 санаты бойынша (1 бос орын);

- Басқарманың Индер, Қызылқоға және Махамбет аудандары бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры C-ОКGP-7 санаты бойынша (1 бос орын).

Негізгі функционалдық міндеттері: құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықты прокурорлық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру. Негізгі міндеттерінен басқа, прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын атқаратын қызметтерді орындау.

- Басқарманың қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры (1 бос орын);

Негізгі функционалдық міндеттері: құқықтық статистика және арнайы есепке алу, оның ішінде қылмыстық ақпаратты қалыптастыру саласында заңдылықты прокурорлық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру. Негізгі міндеттерінен басқа, прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын атқаратын қызметтерді орындау.

Еңбек жалақысы 87 069 теңгеден 117 862 теңгеге дейін.

Конкурс қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптары:

- нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;

- денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;

- нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы.

Конкурс өтетіндігі туралы аталған хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде, папкаға салынған құжаттар, ұсынылған құжаттар тізімін көрсете отырып қолма қол немесе пошта арқылы, Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 48, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1)  Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 04.05.2014 жылғы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдамадан өткізу ережесін бекіту туралы Ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 2-қосымшасына сәйкес нысанды өтініш;

2) көрсетілген Ереженің 2-қосымшасына сәйкес сұрақтама;

3) Ережедегі 4-қосымшаға сәйкес, кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұратын жері және телефоны, оның ішінде байланыс телефоны);

4) Ереженің 5-қосымшасындағы нысанға сәйкес, бұрынғы жұбайларымен қоса жақын туыстарын көрсете отырып бастырылған түрде, өз қолымен толтырылған өмірбаяны;

5) Қазақстан Республикасы азаматы ретінде куәландыратын нотариалды куәландырылған жеке куәлік көшірмесі;

6) білімі туралы нотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмесі;

7) нотариалды куәландыралған еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмесі;

8) әскери билет немесе әскерге шақырылғандар қатырына бар екендігі туралы куәлік көшірмесі;

9) 3х4 өлшемді фотосурет (3 дана);

10) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңына сәйкес, тұрғылықты мекен – жайындағы салық органынан азаматты және оның жұбайының кірістері және мүліктері туралы декларация ұсынылғаны жөніндегі құжаттары;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырар алдында маңызы бар, қолданыстағы заңнамалар қағидаларын білу бойынша компьютерлік тестілеудің нәтижесі;

Ереженің 6-қосымшасына сәйкес, тестілеу Бағдарламасында көрсетілген Нормативтік құқықтық актілер сұрағы бойынша жалпы саны 70% дұрыс жауабын құрайды.

12) міндетті арнайы тексеру және прокуратура органдары қызметіне жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссия, медициналық және психофизиологиялық, сонымен қатар полиграфологиялық зерттеудің өткендігі жөніндегі қорытындысы;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарынан соттылығының жоқтығы, бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімішілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс орнынан (оқу орны) мінездеме.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби дәрежесіне және іскери абыройына байланысты  (ғылыми (академиялық) дәрежелерді иемдену және шен, мінездеме, ұсыныстар, ғылыми жариялымдар біліктілікті жоғарлату туралы) толығырақ мәліметтер ұсыныла алады.