Қарағанды облысының прокуратурасы бос лауазымға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

Қарағанды облысының прокуратурасы, Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28а, индекс 100026 (телефон/факс: 35-35-95),

бос лауазымға конкурс жариялайды:

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

 

  1. Балқаш қаласы прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бірлік);
  2. Жезқазған қаласы прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бірлік);
  3. Осакаров ауданы прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бірлік);
  4. Сәтбаев, қаласы прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бірлік);
  5. Қарағанды облысы бойынша пенитенциарлық жүйе мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратураның прокуроры C-RGP-5 (1 бірлік).

 

Конкурсқа қатысушыларға біліктілік талаптар: жоғары заң білімі бар; денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы; нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы.

Еңбек ақы төлеу шарты мен көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді (айлық жалақысы 76 274 теңге).

Функционалдық міндеттері: қоғамдық мүдделерді қорғау, үкімдерді орындау  бойынша прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету, сонымен қатар мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру. Негізгі міндеттермен қоса, прокуратураның барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын функцияларды орындау.

Конкурс «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу Ережесінің (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiнде 2014 жылғы 4 шілдеде № 9561 болып тіркелген)  негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін аталған Ережеде көрсетілген құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28 «А» мекен-жайы бойынша тапсырылуы тиіс.

Тапсырылатын құжаттар олардың тізімімен қоса тезтігіндегішке салыну қажет.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар төмендегі құжаттарды тапсырады:

1) белгілі нысанаға сәйкес өтініш;

         2) белгілі нысанаға сәйкес сауалнама;

         3) белгілі нысанға сәйкес (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

         4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, белгілі нысанаға сәйкес толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

         5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

         6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

         7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

         8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

         9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

         10) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат;

11)«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

         12) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес, қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

         13) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

         14) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны сот тәртібімен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

         15) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.