ХАБАРЛАМА конкурс өткізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

Түркістан облысының прокуратурасы еңбек өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақысының көлемі 76 274 теңгеден 103 174 теңгеге дейінгі              C-RGP-5 санатындағы Кентау қаласы прокуратурасының прокуроры – 1 бірлік, C-RGP-5 санатындағы Мақтаарал ауданы прокуратурасының прокуроры – 1 бірлік  бос лауазым орынына конкурс жариялайды.

Біліктілік  талаптары: білімі – нақты лауазымның  функционалдық бағыттарына сәйкес байланысты - жоғары кәсіби білім;

Құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға денсаулық жағдайының жарамдылығы; 

Нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті білімі мен дағдысының болуы.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Түркістан облысы, Түркістан қаласы,С.Қожанов көш. №44б, пошталық индексі 161200 тел.8 (72533) 4-12-46, кадрлық даму тобы.

  Құжаттарды қабылдау мерзімі:  конкурс өткізу туралы хабарламаның соңғы жариялау күнінен бастап 5 жұмыс күні.

Қажетті құжаттар тізімі:  

1)  өтініш (нысанға сәйкес);

2)  сауалнама (нысанға сәйкес);

3)  нысанға сәйкес кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып);

4)  қолмен толтырылған және басылып жазылған толық өмірбаяны (нысанға сәйкес);

5)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6)  білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

7)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

8)  әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9)  3х4 үлгідегі (3 дана) сурет;

10)  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша салық органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12)  прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13)  құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14)  соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

  Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берілуі, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері) қосымша ақпарат бере алады.

Құжаттар мұқабада тізбесі көрсетіле тігіліп тапсырылуы тиіс.