«Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

"Қарағанды облысының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

C-O-3 санаты бойынша: жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты С-О-3

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min-123171        max-166529

 

«Қарағанды облысының прокуратурасы» ММ, (100026, Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28а, анықтама телефоны: 8 (7212) 35-35-95)), электрондық адрес: 7212124@prokuror.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

 Қарағанды облысы прокуратурасының қаржы және ақпараттандыру басқармасының басшысы (1 бірлік, №05-1, C-O-3 санаты).

Функционалдық міндеттері: басқарма жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау, басқарма қызметкерлеріне басшылық жасау және олардың жұмысына бақылауды жүзеге асыру. Бюджет қаражатының тиімді, уақтылы және толық игерілуіне бақылауды жүзеге асыру. Ғимараттар мен үй-жайларға өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес шаруашылық қызмет көрсетілуін және тиісті жай-күйде сақталуын, сондай-ақ жабдықтардың (лифтілердің, жарықтандырудың, жылыту жүйесінің, желдетудің және т.б.) жарамдылығын бақылауды қамтамасыз ету. Негізгі қорлардың (ғимараттардың, сумен жабдықтау жүйелерінің, ауа құбырларының және басқа да құрылыстардың) ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеу, шаруашылық шығындар сметасын жасау.Үй-жайларға жөндеу жүргізуді ұйымдастыру, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру.Тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды мемлекттік сатып алуды өткізу үшін құжаттарды ресімдеуді, қызмет көрсету шарттарын жасасуды ұйымдастыру.Өнім жеткізушілер шарттық міндеттемелерін бұзған кезінде оларға наразылық талаптарын дайындауға, осы наразылық талаптар бойынша есеп айырысуларды жасауға бақылауды жүзеге асыру, өзара жасақан шарттардың талаптарын өзгерту жөнінде өнім жеткізушімен келісу. Тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату, олармен құрылымдық бөлімшелерді қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың жұмсалу есебін жүргізу және белгіленген есептілікті жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.Кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсысыру тәртібі мен сақтау режимдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысыу. Шаруалық мақсаттар үшін бөлінетін материалдар мен қаражаттың ұтымды жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады. Ақпараттандыру және компьютерлендіру саласында үйлестіру. Қызмет көрсететін персоналдың жұмысна басшылық жасауды жүзеге асыру, аумқты абаттандыру, көгалдандыру және іргелес аумақта тазалық сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Іргелес аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жинау бойынша іс-шараларды әзірлеу және енгізу. Үй-жайлар мен ғимараттардың күзгі-қысқы пайдалану режиміне дайындығын қамтамасызету. Өткізілетін кеңестерге, конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға шаруашылық қызмет көрсетуді, қызметтік іссапарларға келген адамдарды қабылдауды және оларға қажетті қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Күзет қызметін байланыс және қорғану құралдарымен қамтамасызету. Өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын және сөндіру құрал-жабдықтарын жарамды күйде ұстауды қамтамасызету, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Қызметтік автөкөлік құралдарын техникалық пайдалану ережелерінің сақталуын, олардың техникалық қызмет көрсетуге уақтылы жіберілуін және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру. «Қадағалау-АЖ» біріңғай ақпараттық жүйесі арқылы ішкі және шығыс құжаттарды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білім.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара танужәне баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататынҚазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары,ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттардықоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беруұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім берусаласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттардынострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімітуралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлікқоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық

стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қосаберіледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану

аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім берусаласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды танутуралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылғаннемесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетінатқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақыттаберілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамуминистрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (ҚазақстанРеспубликасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамуминистрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (ҚазақстанРеспубликасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттіккөрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанғадейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы 3), 4), 5), 7) 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Жоғарыда көрсетілген қүжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жүмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысының прокуратурасы» MM қүжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы нехабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Қүжаттар электронды түрде «Қарағанды облысының прокуратурасы» MM электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар біліміне, жүмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы қүжаттардың көшірмелері, мінездемелер, үсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының прокуратурасы» ММ-де Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28а үй мекен-жайында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, түрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысан

 

 

__________________________

__________________________

(мемлекеттік орган)  

 

 

 

Өтініш

      Мені_____________________________________________________________

      __________________________________________________________________      __________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу  қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелі семін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      __________________________________________________________________      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

 

                                         Мекен жайы және байланыс телефоны

_____________________________________________________________________

 

 

___________________                              ___________________________________

              қолы                                                              (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы(болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары(болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені(болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі(болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жылсайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата