«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

Құқық қорғау органдары академиясы

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

 

С-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.

 

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4

138 244

186 526

С-5

104 058

140 691

                                  

 

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (анықтама телефондары: 8 (71651) 68016, 87755781087, e-mail: 7172301@prokuror.kz)   «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

1. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы,  С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша бос лауазым 31-04-04).

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есептің дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, қаржыландыру жоспарының орындалғаны туралы тоқсандық және жылдық есептер береді; құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылықтарына алдын ала бақылауды жүзеге асырады; ашық лимиттерге және олардың нысаналы тағайындалуына сәйкес қаражаттардың және материалдық құндылықтардың сақталуын бақылайды; тауарлы-материалдық запастардың, активтердің құжаттарын есепке алу бойынша бақылауды жасайды; ақшалай қаражаттардың және басқа тауарлы-материалдық құндылықтардың қозғалыстарына байланысты операцияларды үйлестіреді; бухгалтерлік есептің уақтылы берілуіне бақылау жасайды; синтетикалық және аналитикалық есеп бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, айналым ведомстарының әрбір аналитикалық есебі және «Бас журнал» қосалқы шот кітабындағы айналымдар жиынтығы мен қалдықтары бойынша айналымдар мен қалдықтардың жиынтығын салыстыра тексереді; есеп айырысу шоттарындағы ақшалай қаражат қозғалысы бойынша операцияларды есепке алуды жүргізеді; ақылы қызметтердің уақтылы есептелуіне бақылау жасайды; ақшалай қаражаттың уақытша таралуына және шетел валютасындағы шоттарға бақылау жасайды; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.  .

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

2. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы,  С-4 санаты, 1 бірлік (31-04-03).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін реттейтін нормативтік құқықтың актілерді әзірлеуге және келісуге катысады; жоспарланған және өткізілген мемлекеттік сатып алулар мониторингісін құрады; өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша есептерді дайындайды және тапсырады; мемлекеттік сатып алуларды өткізу туралы бұйрықтар жобаларының әзірлеуіне және оларды бекітуге енгізулеріне қатысады; тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы шартының жобасын жасауға және қарауға қатысады; мемлекеттік сатып алу ресімдерін өткізуге қатысады; мемлекеттік сатып алу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады; мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың қолданылу практикасының талдауын өткізеді және қорытады; өткізілген сатып алулар нәтижелері бойынша аналитикалық материалдар дайындайды; бюджеттік бағдарламалар шегінде жүзеге асырылатын, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуларын ұйымдастырады және өткізеді; мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды дайындайды және енгізеді; мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы қолдану мәселелері жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

3. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (31-04-06).

Функционалдық міндеттері: 072 «Қоймадағы жеңіл киім-кешек, төсек жабдықтары, киім және аяқ киім» қосалқы шоты бойынша нысанды киім кию жөніндегі аналитикалық есебін жүргізеді; Академияның оперативтік қызметкерлерінің жеке карточкаларын жүргізеді; нысанды киім кию үлгісінің қозғалысын бақылайды, қоймадағы нысанды киім үлгісінің түгендеуін өткізеді, сақталу және пайдалану орындарында активтердің сақталуларына бақылауды жүзеге асырады; 020 «Активтердің тозуы», 021 «Материалдық емес активтердің тозуы»; 010, 011, 013, 014, 016, 018, 019 шоттары бойынша активтердің және материалдық емес активтердің есепке алуларын жүргізеді; №16 «Басқа есептер бойынша жинақтау ведомосы» активтері бойынша мемориалдық ордерлерін құрайды; прокуратура органдарында активтер қозғалыстарын келіп түсуін, ауысуын, шығуын, өтеусіз берілуін бақылайды; «Активтердің қозғалыстары туралы» №5 есеп нысанын бухгалтерлік балансқа дайындайды; түгендеу комиссиясының жұмысына қатысады, активтердің есептен шығарылуын өткізеді; Активтер түскен кезде активтерді есепке алуға қабылдауын жүргізеді; активтердің жылдық ұсталуын есептеу, активтер бойынша ЕТБЖ есептерін уақтылы тапсырады; жауапкершілігіндегі құндылықтарды есепке алады және сақтау мәселелері бойынша материалдық жауапты адамдарға нұсқаулық өткізеді; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.  

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

4. Құқық қорғау органдары академиясы Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік (31-01-05).

Функционалдық міндеттері: Кіріс, шығыс хат-хабарларды қабылдау, жіберу; Академия ректорының жұмыс күнін жоспарлау, Академия ректорының қызметін техника жағынан қамтамасыз ету, Академия ректорының тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады, іскерлік хат алмасуды жүргізу, кездесулерді, Академия ректорының қатысуымен жиналыстарды ұйымдастыру, Академия ректорының бақылауында тұрған қызметтік құжаттарға талдау және мониторинг жүргізу; іс номенклатураларын әзірлеуге қатысу; іс жүргізу саласындағы жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды өңдеу; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар, құқықтану, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

5. Құқық қорғау органдары академиясы Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік (31-01-08).

Функционалдық міндеттері: Академияның құрылымдық бөлімшелеріндегі құжат айналымын және іс жүргізуді жүргізу; қызметкерлердің ақпараттық жүйелердегі (БАТЖ «Қадағалау», ЭҚАБЖ) тапсырмалардың орындалуына мониториг жүргізу және олардың уақтылы орындалуы бойынша ұсыныстар енгізу; қызметтік құжаттарды талдау және мониторинг жүргізу; орындалған құжаттарды істер мен қадағалау өндірісіне қалыптастыру және оларды сақтауға мұрағатқа тапсыру; номенклатуралық істерді әзірлеуге қатысу және оның дұрыс қолданылуын бақылау; іс жүргізу саласындағы жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды өңдеу және енгізу; құрылымдық бөлімшелердегі қызметтік құжаттардың (кіріс, шығыс) уақтылы орындалуына бақылауды, өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар, құқықтану, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

6. Құқық қорғау органдары академиясы Кадрлық дамыту басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік (31-03-02).

Функционалдық міндеттері: Кадр жұмысы, соның ішінде үнемі қызмет етуші комиссия бойынша іс жүргізуді жүргізу; құпия емес іс жүргізудің номенклатуралық істерін, оперативтік қызметкерлердің, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің, штаттан тыс жұмысшылардың және резервшілердің жеке істерін  құру және оларды сақтау үшін мұрағатқа тапсыру; мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушылардың арнайы тексерістен өтуі үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызметке өтумен, тағылымдама, қызметті бағалауды ұйымдастырумен, оқытумен, қайта даярлаумен (біліктілікті қайта арттыру) және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырумен байланысты құжаттарды ресімдеу; әкімшілік мемлекеттік қызметшілер жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, оперативтік қызметкерлердің, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, соның ішінде  ақпараттық жүйелерде бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижесі туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар, құқықтану, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

7. Құқық қорғау органдары академиясы Редакциялық-баспа жұмысы бөлімінің сарапшысы (кітапхана меңгерушісі), С-5 санаты, 1 бірлік (уақытша бос лауазым 31-05-01).

Функционалдық міндеттері: Кітапхана жұмысын ұйымдастыру және басшылық ету, кітапхананың негізгі міндеттері мен функцияларының орындалуын қамтамасыз ету; кітапхана қызметін жоспарлау және есепке алу; оқырмандар арасында кітапханалық-библиографиялық шығарылымдарды насихаттау; кітапханалық қордың кезеңдік толықтырылуын, есепке алынуын, сақталуын және қолданылуын білім және кітапханалық іс мәселелері жөніндегі жоғары тұрған органның нұсқаулық-әдістемелік материалдарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру; кітапхана қорын толықтыруға арналған кітаптарды сатып алуға сұраныс жасау және беру үшін басылымдардың ұсынылған  бағалар тізімі бойынша Академияның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарын жинау және түзету; кезеңдік басылымдардың жазылған каталогтарымен жұмыс; кітапханалық қорды толықтыру үшін тиісті сұраныстарды (бюджеттік сұранымдар) дайындау; кітаптық қорға талдау жүргізу, кітаптық қорды бүлінген, профильді емес, артық және қайталанған кітаптардан уақтылы жою арқылы тазартуды үнемі жүргізу; кітапханалық қордың суммалық есепке алу кітапбын жүргізу; материалдық жауапкершілікке байланысты құжаттарды жүргізу, материалдық есепті дайындау және тапсыру; кітапханадағы іс жүргізуге бақылау жасау; кітапхана жұмысшыларының еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауына бақылау жасау; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар, құқықтану, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1 санаттары үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде 102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.

 

B-5, B-6, C-4, C-5, C-O-4 санаттары үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

 

 

 

 

 

 

___________________________________
(мемлекеттік орган)

   

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

 

 

__________   ____________________________________
(қолы)                                                           (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

 

 

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА

НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата