«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

 

C-4 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштердің әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген бұйрығына сәйкес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат           Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

                                   min                max

    C-4                     138213                     186526

 

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәскеу көшесі 34, электрондық пошта мекенжайы: 7175196@kgp.kz, анықтама телефоны: 8-701-908-52-35, 31-74-06, факс: -, e-mail: 7175196@kgp.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

1. ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу тобының бас сарапшы-топ басшысы, C-4 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу тобының (бұдан әрі - топ) қызметіне басшылық жасауды, топтың жұмысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады; топ қызметкерлері арасында құжаттарды, тапсырмаларды және материалдарды бөледі; экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы және мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органдармен, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен, сондай-ақ, басқа заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаны жасауға қатысады; Комитеттің және оның аумақтық органдарының алдағы жоспарлы кезеңге арналған жиынтық бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; жобаларды қалыптастыруды, Комитеттің және оның аумақтық органдарын қаржыландыру жоспарларын бекітуді және орындауды, оларға өзгерістер енгізуді жүзеге асырады; аумақтық органдарында бюджет қаражатының мақсатты және уақтылы игерілуін бақылауды жүзеге асырады; ҚБПҮ белгісі бар құжаттардың сақталуын жүзеге асырады; қызметтік құжаттардың сақталуы, олардың номенклатуралық іске уақтылы тапсырылуы үшін жеке жауаптылықта болады; Комитеттің орталық аппаратында тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз етеді; өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарды уақтылы жасасуына бақылау жүргізеді; қаржылық жоспарлау саласында аумақтық органдардың қызметіне бақылау және талдау жүргізеді; жұмыс жоспарына, алқа шешімдеріне, жедел және аппараттық кеңестерге ұсынылған іс-шаралар бойынша негізделген және дәлелді ұсыныстар дайындауды және енгізуді қамтамасыз етеді; Комитет төрағасының баяндамаларын (бөлімдерін), алқа отырысының материалдарын дайындауды жүзеге асырады; Бас Прокурордың және оның орынбасаларының атына қызметтік жазбаларды дайындайды; бағынышты қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібін сақтауына бақылау жүзеге асырады; БП және Комитет регламенттері талаптарының, БП, Комитет және басқармалар басшыларының өкімдері мен тапсырмаларының бекітілген мерзімде топ қызметкерлерімен сапалы орындалуына бақылау жүзеге асырады; топ қызметкерлерінің қызметтік міндеттері мен өкілеттіктері шеңберін анықтайды; қолданыстағы заңнамаға сәйкес, басқарма басшысының қарауына  біліктілігі мен жүктелген міндеттеріне сәйкес топ мамандарын іріктеу жөнінде ұсыныстар (ұсыныстар), сондай-ақ топ қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік және өзге де жауапкершілік туралы ұсыныстар енгізеді; іс номенклатурасына сәйкес топта іс жүргізу және ұйымдастырудың дұрыстығына бақылауды қамтамасыз етеді; Комитет басшылығы мен басқарма бастығының қарауына өз құзыреті шегінде топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің аумақтық органдарының жұмысында анықталған бұзушылықтар фактілерін жою бойынша ұсыныстарды және осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік және өзге де жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстарды енгізеді; сеніп тапсырылған қызмет бағыттарынан туындайтын жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді және жеке жауапты болады; орындаушысы болып табылатын құжаттардың сақталуына жеке жауаптылықта болады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, статистика, есеп және аудит, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару

2. ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу тобының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: «Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚР Заңымен қарастырылған тәсілдермен Комитетте тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар жүргізеді; конкурстар және аукциондарды  (конкурстық және аукциондық құжаттамалардың, конкурстық комиссияларды құру туралы бұйрықтардың, сарапшыларды немесе сараптау комиссияларын, тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін және т. б. бекіту жобаларын әзірлеу)  ұйымдастыру және өткізумен байланысты  жұмыстар жүргізеді; конкурстар және аукциондар ұйымдастыру және өткізуде конкурстық және аукциондық комиссиясының хатшысы функциясын атқарады; ҚР мемлекеттік сатып алудың электрондық порталында орындаушы болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты дайындауды және орналастыруды жүзеге асырады, мемлекеттік сатып алу саласындағы есептерді, талдауларды, қорытындыларды дайындауды жүзеге асырады; заң жобалары, Президент пен Үкімет, уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдар, Бас Прокурор, Комитет төрағасы актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қарайды және енгізеді; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша қабылданған нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі - НҚА) бойынша ұсыныстар мен ескертулерді Бас прокуратураға, уәкілетті органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға енгізеді; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша заң жобалары, Президент пен Үкіметтің, уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың, Бас Прокурор, Комитет төрағасы актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қарайды және енгізеді, қабылданған мемлекеттік сатып алуға қатысты НҚА бойынша ұсыныстар мен ескертулерді Бас прокуратураға, уәкілетті органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға енгізеді; мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Комитет төрағасының және оның орынбасарларының атына қызметтік жазбаларды дайындауды жүзеге асырады; Комитеттің алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімін қалыптастыру кезінде, Комитеттің орталық аппараты бойынша сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қажеттілігі мен көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді; Комитеттің аумақтық органдарына мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді; орындаушысы болып табылатын келісілген шарттардың талаптарының өнім берушілердің  орындауына бақылау жүргізеді; мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің және БП басшылығының хаттарын (сұрау салуларын), тапсырмаларын орындайды; қызметтік құжаттардың сақталуына, олардың номенклатуралық іске уақтылы тапсырылуына жеке жауапты болады; жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, қаржы, статистика, есеп және аудит, экономика, құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару

 

     Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

     Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

     Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.

     Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу туралы Қағидасының 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

     Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

     Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

     Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

     Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

7) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

8) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;

10) құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

C-4, C-5, D-O-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, E-3, D-4, B-5, C-O-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2, D-5, B-6 санаттары үшін:

Мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут, Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Президенті туралы (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы (15 сұрақ), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (15 сұрақ), Әкімшілік рәсімдер туралы (15 сұрақ), Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы (15 сұрақ), Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (15 сұрақ), ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы  (15 сұрақ), ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (10 сұрақ).

Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутты құрайды.