«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техниқалық қамсыздандыру басқармасы» ММ  

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

     С-О-2 санаты үшін:

        Жоғары білім;

      Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы.

     С-О-5 санаты үшін

      Жоғары білім;

      Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-2

163 166

220 682

С-О-5

83 282

112 431

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:     

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техниқалық қамсыздандыру басқармасы» ММ   (010000 Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 14, телефондары:   8(7172)  71-28-79,

71-25-12, 229 каб., электронды мекенжайы:  7172512@prokuror.kz) «Б»корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

 

1. Басқарма басшысының орынбасары (1-бірлік, С-О-2 санаты, №30-02).

         Функционалдық міндеттері: Прокуратура органдарында ақпараттандыру тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету,  компьютерлендіру және ақпараттық қамтамасыз ету саласында жұмысын жетілдіру және ұйымдастыру шараларын қабылдау,  прокуратура органдарын ақпараттық және бағдарламалық қамсыздандыруды, телекоммуникациялық жүйесін жасау, қызмет көрсету, дамыту, сүйемелдеу және әкімшілік ету бойынша қызметін ұйымдастыру, ҚР БП блогтарының, колорталықтың, 115 порталының, ҚР ЖС-нің, БЭҚАЖ-дың, «Қазпошта» АҚ-ның жұмыс істеу мәселелерін үйлестіру, прокуратура органдарының телекоммуникациялық жүйелерінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жобалау және әзірлеу кезінде ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша техникалық шешімдерді әзірлеуге қатысу;байланыс қызметін жеткізушілермен шарттар жүргізу;

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: (білім)

Техника ғылымдары және технология (автоматтандыру және басқару, радиотехника, электроника және телекоммуникация, информатика, есептеу техникасы және басқару), есептеу техникасы (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), жаратылыстану ғылымдары (информатика,математика), әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйесі) саласындағы,  нақты лауазым бойынша функционалдық бағыттарға сәйкес келетін мамандықтар бойынша жоғары білім.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін ««Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» және «Назарбаев Қорының»  мәртебесі туралы»Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғарғы оқу орындарында жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім.

2.   Іс жүргізу  бөлімінің  бас маманы (1-бірлік, уақытша  негізгі қызметкердін бала күту бойынша демалыс мерзіміне, С-О-5 санаты, №30-01-03-13).

         Функционалдық міндеттері: Ұйым басшысының немесе оның бөліністерінің жұмысын қамтамасыз ету және қызмет көрсету бойынша техникалық функцияларды орындайды. Басшының телефон сөйлесулерін ұйымдастырады, телефонограмманы қабылдайды және береді. Басшы жүргізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау бойынша (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларға отырыстың немесе кеңестің уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды тіркейді) жұмыстарды жүзеге асырады, хаттаманы жүргізеді және ресімдейді. БААЖ-да іс жүргізеді. Бақылауға алынған басшының тапсырмаларын орындау мерзімдерін бақылайды. Келушілерді қабылдауды ұйымдастырады. Бекітілген номенклатураға сәйкес нарядтарды қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімдерде оларды архивке тапсырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: (білім)   

Әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, мұрағаттану, құжатаматану және құжатамалық қамтамасыз ету, іс жүргізу және мұрағаттану (салалар бойынша және қолданатын салалар бойынша)) , құқық (заңтану, құқықтану, құқық қызметі) және гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі), білім беру (орыс тілі және әдебиеті, білім (қазақ тілі және әдебиеті), тарих), техникалық ғылымдар және технология (іскерлік әкімшілік ету, инженер), саласында жаратылыстану ғылымдары (информатика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), нақты лауазым бойынша функционалдық бағыттарға сәйкес келетін мамандықтар бойынша жоғары білім.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін ««Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» және «Назарбаев Қорының»  мәртебесі туралы»Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғарғы оқу орындарында жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім.

3. Қаржы және бюджеттік жоспарлау бөлімінің   бас маманы (1-бірлік, уақытша, негізгі қызметкердін бала күту бойынша демалыс мерзіміне, С-О-5 санаты, №30-03-02-01).

         Функционалдық міндеттері: Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын, бағдарламалар бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлейді және бекітеді; бюджеттен қаржыландыру мәселесі бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады. Бекітілген паспорттарға сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдау және бекітілген паспортқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді; қолданыстағы заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шегінде штаттық және штаттан тыс қызметкерлердің еңбекақысын жоспарлау мәселелері бойынша есептерді дайындайды, әр айға бөле отырып, бағдарламалар мен ерекшеліктер бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын қалыптастырады. Жеке қаржыландыру жоспарларын түзету бойынша ұсыныстар жиынтығын жүзеге асырады; ай сайын қаржыландырған кезде бағдарлама шегінде, қажеттілікке сәйкес жүргізілетін міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке жоспарларды қайта есептеуді жүзеге асырады; міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджет қаражатын игеру бойынша экономикалық талдау жүргізеді.   

              Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: (білім)       

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп пен аудит, қаржы,  мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), жаратылыстану ғылымдары (математика), білім беру (математика) саласындағы,  нақты лауазым бойынша функционалдық бағыттарға сәйкес келетін мамандықтар бойынша жоғары білім.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін ««Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» және «Назарбаев Қорының»  мәртебесі туралы»Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғарғы оқу орындарында жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім;

.               Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысандағы өтініш (қоса беріледі*);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған  қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

    Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.   

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  есептеледі  де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық - техниқалық қамсыздандыру басқармасында қабылданады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техниқалық қамсыздандыру басқармасында  өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларымен белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

        Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа беру тәртібімен шағымдана алады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

 

                                                                                    

 

                                                                                  ______________________
                                                                                                             (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

     

Мені__________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

     

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________

___________________________________________________________________

 

 

 

 

 

________                                               _______________________________
            (қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.