«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техниқалық қамсыздандыру басқармасы» ММ  

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

     С-О-4 санаты үшін:

        Жоғары білім;

      Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы;

      9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

     С-О-5 санаты үшін

      Жоғары білім;

      Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109 898

148 301

С-О-5

83 282

112 431

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

      

 

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техниқалық қамсыздандыру басқармасы» ММ   (010000 Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 14, телефондары:   8(7172)  71-28-79,

71-25-12, 229 каб., электронды мекенжайы:  7172512@prokuror.kz) «Б»корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

 

1. Қаржы және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы (1-бірлік, уақытша, негізгі қызметкердін бала күту бойынша демалыс мерзіміне, С-О-4 санаты, №30-03-02).

         Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық етеді. Бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алдағы үшжылдық кезеңге арналған Басқарманың ағымдағы бюджеттік бағдарламары бойынша Бюджеттік өтінімдер жобасын қалыптастырады. Басқарманың ағымдағы бюджеттік бағдарламалары бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына қол қоюды әзірлейді; Басқарманың қаржыландыру жоспарларын түзетуге, бағдарламалары бойынша өтінімді енгізеді, штаттан тыс қызметкерлерді қатысты мәселелер бөлігінде жоспарлы нормалар (есепті) «КБжӨБ» бағдарламалары деректерінің сәйкес келуі үшін бақылауды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: (білім)

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп пен аудит, қаржы,  мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), жаратылыстану ғылымдары (математика), білім беру (математика) саласындағы,  нақты лауазым бойынша функционалдық бағыттарға сәйкес келетін мамандықтар бойынша жоғары білім.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін ««Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» және «Назарбаев Қорының»  мәртебесі туралы»Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғарғы оқу орындарында жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім.

2.  Іс жүргізу  бөлімінің  бас маманы (1-бірлік,  С-О-5 санаты,                                №30-01-03-09).

         Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы БП құрылымдық бөліністерінде БААЖ-да іс жүргізеді. Хат-хабарларды қабылдайды және тіркейді, оны құрылымдық бөліністерге жолдайды. Тіркеу карточкаларын ресімдейді немесе деректер банкін құрады. Құжаттамалық материалдардың өту есебінің картотекасын жүргізеді, олардың орындалуы үшін бақылауды жүзеге асырады. Алынатын және жөнелтілетін хат-хабарлардың есебін жүргізеді, ағымдағы архив құжаттарын жүйелейді және сақтайды. Нарядтар қалыптастырады, тұрақты және уақтыша сақтау құжаттардың, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне беру үшін сақтауға жатпайтын істерді жоюға актілердің жиынтық тізбесін жасайды. Қатаң есептіліктің елтаңба бланкін тіркеуді жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: (білім)   

Әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, мұрағаттану, құжатаматану және құжатамалық қамтамасыз ету, іс жүргізу және мұрағаттану (салалар бойынша және қолданатын салалар бойынша)) , құқық (заңтану, құқықтану, құқық қызметі) және гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі), білім беру (орыс тілі және әдебиеті, білім (қазақ тілі және әдебиеті), тарих), техникалық ғылымдар және технология (іскерлік әкімшілік ету, инженер),  жаратылыстану ғылымдары (информатика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), саласында нақты лауазым бойынша функционалдық бағыттарға сәйкес келетін мамандықтар бойынша жоғары білім.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін ««Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» және «Назарбаев Қорының»  мәртебесі туралы»Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғарғы оқу орындарында жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім.

3.  Іс жүргізу  бөлімінің  бас маманы (1-бірлік, уақытша  негізгі қызметкердін бала күту бойынша демалыс мерзіміне, С-О-5 санаты, №30-01-03-14).

         Функционалдық міндеттері: Ұйым басшысының немесе оның бөліністерінің жұмысын қамтамасыз ету және қызмет көрсету бойынша техникалық функцияларды орындайды. Басшының телефон сөйлесулерін ұйымдастырады, телефонограмманы қабылдайды және береді. Басшы жүргізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау бойынша (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларға отырыстың немесе кеңестің уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды тіркейді) жұмыстарды жүзеге асырады, хаттаманы жүргізеді және ресімдейді. БААЖ-да іс жүргізеді. Бақылауға алынған басшының тапсырмаларын орындау мерзімдерін бақылайды. Келушілерді қабылдауды ұйымдастырады. Бекітілген номенклатураға сәйкес нарядтарды қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімдерде оларды архивке тапсырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: (білім)   

Әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, мұрағаттану, құжатаматану және құжатамалық қамтамасыз ету, іс жүргізу және мұрағаттану (салалар бойынша және қолданатын салалар бойынша)) , құқық (заңтану, құқықтану, құқық қызметі) және гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі), білім беру (орыс тілі және әдебиеті, білім (қазақ тілі және әдебиеті), тарих), техникалық ғылымдар және технология (іскерлік әкімшілік ету, инженер), саласында жаратылыстану ғылымдары (информатика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), нақты лауазым бойынша функционалдық бағыттарға сәйкес келетін мамандықтар бойынша жоғары білім.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін ««Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» және «Назарбаев Қорының»  мәртебесі туралы»Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғарғы оқу орындарында жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім.

4. Құрылыс және   бөлімінің  бас маманы (1-бірлік, уақытша, негізгі қызметкердін бала күту бойынша демалыс мерзіміне, С-О-5 санаты, №30-02-01-03).

         Функционалдық міндеттері: Мердігерлердің келісімшарт талаптарына сәйкес жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес құрылыс жұмыстардың орындалуы үшін бақылауды жасайды. Технологиялық жабдықты жеткізу және қабылдау үшін бақылауды жасайды. Жөндеу-құрылыс жұмыстардың мерзімдерін бұзудан және сапасын төмендетуден туындайтын проблемаларды анықтайды және олардың алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдайды. Сметалық құжаттаманы, орындалған жұмыстардың көлемін тексереді. Орындалған жөндеу-құрылыс жұмыстар туралы жиынтық аналитикалық ақпарат дайындайды. Атқарушылық-техникалық құжаттаманы бақылайды. Ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша мердігерлік ұйымдармен шаруашылық және қаржылық келісімшарттарды уақтылы жасау бойынша шаралар қабылдайды. Жобалау және құрылыс ұйымдарының келісімшарт міндеттемелерін орындауларын бақылайды, қажетті жағдайларда келісімшартпен көзделген санкцияларды талап етеді. Жөндеу-құрылыс жұмыстарына бөлінген қаражаттың жұмсалуы үшін бақылауды қамтамасыз етеді. Ақау ведомостерін, жөндеу жүргізуге өтінімдерді қабылдайды және талдайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: (білім) Техникалық ғылымдар және технологиялар (көлік құрылысы, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, стандартизация, сертификация және метрология (салалар бойынша). көлік, көлік техникасы және технологиясы, құрылыс, құрылыс материалдары , бұйымдары мен конструкциялары өндірісі, маркшейдерлік ісі, геодезия және картография, технологиялық машиналар мен жаюдықтар), өнер (сәулет, мүсін, живопись, дизайн, графика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), қызмет көрсету (жерді орналастыру, қадастр, бағалау) салаларында, нақты лауазым бойынша функционалдық бағыттарға сәйкес келетін мамандықтар бойынша жоғары білім.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін ««Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» және «Назарбаев Қорының»  мәртебесі туралы»Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғарғы оқу орындарында жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысандағы өтініш (қоса беріледі*);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған  қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

    Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.   

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  есептеледі  де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық - техниқалық қамсыздандыру басқармасында қабылданады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техниқалық қамсыздандыру басқармасында  өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларымен белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

        Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа беру тәртібімен шағымдана алады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

 

                                                                                    

 

                                                                                  ______________________
                                                                                                             (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

     

Мені__________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

     

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________

___________________________________________________________________

 

 

 

 

 

________                                               _______________________________
            (қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.