«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

 

"Қарағанды облысының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

C-R-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес:

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты С-R-4

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min-95210        max-128834

 

«Қарағанды облысының прокуратурасы» ММ, 100026, Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы 28а, электрондық адрес 7212124@prokuror.kz, анықтама телефоны: 8 (7212) 35-35-42, уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

 

Жезқазған қаласы прокуратурасының бас маманы (1 бірлік, №10-1, C-R-4 санаты, негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыста болған мерзіміне 25.03.2021 ж. дейін).

Функционалдық міндеттері: құжаттарды қалыптастыруда талаптардың сақталуын қадағалауды және олармен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру, мұрағатқа істерді дайындау және тапсыру тәртібі туралы қызметкерлерге нұсқама жүргізу. Құжаттармен жұмыс істеу әдістері мен нысандарын жетілдіру бойынша іс шаралар әзірлеу, жұмыстың әдістері мен құжаттарды енгізуге бағытталған шаралар қабылдау, құжаттардың құрамын реттеу және құжаттаманың көлемін қысқарту, құжаттардың қозғалысына талдау жүргізу және оңтайландыру, электрондық құжат айналымы жүйесінің қызметін ұйымдастыру. Істер номенклатурасын қалыптастыру және ұйымдастыру- өкімдік құжат бланкілерінің жобаларын әзірлеу. Құжат айналымын есепке алу, қалыптастырылатын істердің саны бойынша жұмысты ұйымдастыру. Ішкі, кіріс және шығыс құжаттарды қабылдау, уақытында өңдеу, тіркеу, есепке алу, оларды тапсыру, тарату, жеткізу; Құжаттардың қозғалысын есепке алу бойынша бақылау-анықтамалық, басқа да картотеканы, электрондық мәліметтер қорын қалыптастыру және жүргізу; Істерді қалыптастыру, рәсімдеу және сақтау, олардың уақытылы мұрағатқа тапсырылуына, олардың дұрыс ресімделуі мен қалыптастырылуына қадағалау жүргізу. Құжаттарды басу, көшіру, көбейту жұмыстарын уақытылы және сапалы орындау; оларды сақтау және жоюға іріктеу, оның ішінде мұрағатқа түскен құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мұрағаттық істерді жүргізу және орындау жұмыстарын ұйымдастыру. Іс жүргізу қызметкерлерін қажетті нұсқамалық және анықтамалық материалдармен, сонымен қатар құралдармен, ұйымдастыру техникаларымен, басқа да кеңселік тауарлармен қамтамасыз ету, іссапарға баратын және келетін қызметкерлерді тіркеу, іссапар куәліктерін рәсімдеу және беру, басу, көшіру және көбейту жұмыстарын орындау кезінде құрылғыны іске қосу ережесінің сақталуына қадағалау жүргізу, қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу; «Кадағалау АЖ» ақпараттық жүйесі арқылы ішкі және шығыс құжаттарды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білім. Практикалық жұмыс тәжірибесі бар болған жағдайда «сервис» (іс жүргізу және мұрағаттану (салалары мен қолдану облысы бойынша)) немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті органмен бекітілген нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін отыз күнтізбелік күннен аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім) мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-gov", «е кызмет»  электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының прокуратурасы» ММ-де әңгімелесу өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысан

 

      __________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

      Мені____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

 

      қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

 

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

 

      міндеттеме аламын.

 

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

      Қоса берілген құжаттар:

 

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

 

      Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________                                     ____________________________________

 

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

      "___"_______________ 20 __ ж.