«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялау туралы хабарлама

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық- техникалық қамсыздандыру басқармасы" Мемлекеттік мекемесі

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

 С-O-5 санаты бойынша:

 Жоғары білім;

 Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет

министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы,тг.:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83353

112376

 

 

 

 

 

 

 

 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық- техникалық қамсыздандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік Ел к., 14 үй, 229 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8 (7172) 71-25-12, 71-28-79, 7172512@prokuror.kz) «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері  арасындағы ішкі конкурс жариялайды.

1.      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық- техникалық қамсыздандыру басқармасының Іс жүргізу бөлімінің бас маманы, С-O-5 санаты, 1 бірлік, уакытша 2019 жылдың 09 маусымына дейін негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалыс меорзіміне

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, мұрағаттану, құжатаматану және құжатамалық қамтамасыз ету, іс жүргізу және мұрағаттану (салалар бойынша және қолданатын салалар бойынша)) , құқық (заңтану, құқықтану, құқық қызметі) және гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі), білім беру (орыс тілі және әдебиеті, білім (қазақ тілі және әдебиеті), тарих), техникалық ғылымдар және технология (іскерлік әкімшілік ету, инженер), саласында жаратылыстану ғылымдары (информатика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), нақты лауазым бойынша функционалдық бағыттарға сәйкес келетін мамандықтар бойынша жоғары білім.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін ««Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» және «Назарбаев Қорының»  мәртебесі туралы»Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғарғы оқу орындарында жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім..

Функционалдық міндеттері: Ұйым басшысының немесе оның бөліністерінің жұмысын қамтамасыз ету және қызмет көрсету бойынша техникалық функцияларды орындайды. Басшының телефон сөйлесулерін ұйымдастырады, телефонограмманы қабылдайды және береді. Басшы жүргізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау бойынша (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларға отырыстың немесе кеңестің уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды тіркейді) жұмыстарды жүзеге асырады, хаттаманы жүргізеді және ресімдейді. БААЖ-да іс жүргізеді. Бақылауға алынған басшының тапсырмаларын орындау мерзімдерін бақылайды. Келушілерді қабылдауды ұйымдастырады. Бекітілген номенклатураға сәйкес нарядтарды қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімдерде оларды архивке тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) нысандағы өтініш (қоса беріледі*);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған «Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

 Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, оның ішінде конкурс комиссиясы қалыптастырған сұрақтар тізбесіне кірмейтін сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

        

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

         Нысан

      __________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

      Мені____________________________________________________________________

      __________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

       қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

          

________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________                                          ____________________________________

       (қолы)                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "___"_______________ 20 __ ж.