«Алматы облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаева көшесі №51 үй, 3-қабат, 305 кабинет, анықтама телефондары: 8-(7282)-24-17-81,  эл. мекен-жай 7282382@prokuror.kz

1. Алматы облысы прокуратурасының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің жетекшісі, С-О-4 санаты, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты – 138 214 теңгеден бастап 148 301 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары құқықтық және экономикалық білім. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық,  ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Компьютерде  Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білу.

     Функционалдық міндеттері:

Бөлім жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды, қызметкерлерді басқарады және олардың жұмысын бақылайды, есеп беретін тұлға болып табылады; бюджет қаражатын тиімді, уақтылы және толық игеруді бақылайды; ғимараттар мен үй-жайлардың өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау нормаларына сәйкес жабдыққа (жарықтандыру, жылыту, желдету жүйелерінің және т. б.) шаруашылық қызмет көрсету және тиісті жай-күйін бақылайды, сондай-ақ жарамдылығын бақылауды жүзеге асырады;

ғимараттар, автокөліктер және жер пайдалану актілері бойынша құжаттарды (техникалық паспорттары және т.б.)  ресімдейді; әкімшілік ғимараттардың техникалық жағдайларын дайындайды (электрмен жабдықтау, жылу, телекоммуникация, сумен қамтамасыз ету бойынша); негізгі қорлардың ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жоспарларын әзірлейді(ғимараттардың, сумен жабдықтау жүйелерінің, ауа құбырлары мен басқа да құрылыстардың), шаруашылық шығындар сметасын жасайды;

үй-жайлардың жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік сатып алу бойынша тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды жүзеге асыру, қызмет көрсету бойынша шарттар құжаттарының ресімделуінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады, аяқталған жұмыстың актілерін қабылдайды; жеткізушілер мен шарттық міндеттемелер бұзылған кезде оларға шағымдар және хабарламаны дайындайды, осы наразылықтар бойынша есеп айыры сулардың жасалуын бақылауды жүзеге асырады, жасалған шарттардың талаптарының өзгерісін жеткізушілер мен келісу; тауарлық-материалдық құндылықтарды (киім-кешек тігуге арналған материалдарды) қабылдау, сақтау және шығару, оларды құрылымдық бөлімшелермен қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың шығындарын есепке алу және белгіленген есептілікті құрастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; сақтау режимдерін сақтауды және кіріс-шығын құжаттарын өңдеу және тапсыру ережелерін бақылауды жүзеге асырады; шаруашылық мақсаттарға берілетін материалдар мен құралдардың ұтымды жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады; ақпараттандыру және компьютерлендіру саласындағы жұмыстарын үйлестіреді; қызмет көрсетуші персоналдың жұмысын басқарады, аумақтыкөркейту, көгалдандыру және тазарту жұмыстарын ұйымдастырады, ғимараттар мен үй-жайлардың қасбеттерін безендіру, үй-жайларда және іргелес аумақта тазалықты сақтау бойынша жұмыстарды жүргізеді; іргелес аумақты көркемдеу, көгалдандыру және тазалау бойынша шараларды әзірлейді және жүзеге асырады; күзгі-қысқы жұмыс режимі үшін үй-жай мен ғимараттарды дайындауды, үздіксіз жылумен жабдықтауды бақылауды жүзеге асырады; жүргізілетін кеңестерге, конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларды өткізуге, тұлғаларды қабылдау және оларға қажетті қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

күзет қызметін байланыс және қорғау құралдарымен жарақтандыруды қамтамасыз етеді; өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын және өрт сөндіру құрал-саймандарының жарамды күйде ұстауын қамтамасыз етеді, еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; қызметтік автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережелерінің сақталуын, олардың уақтылы техникалық қызмет көрсетуге жіберілуін және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады; облыс прокуратурасының басшылығы алдына бөлім қызметкерлерін жауапқа тарту және мадақтау туралы мәселелер қойып, атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді; кіріс хат-хабарларды қарастырады және олардың орындалуының сапасы мен уақтылығын қадағалайды; апта сайын атқарылған жұмыс туралы анықтаманы жасайды; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қаржы департаментінің, ақпараттық қауіпсіздік басқармасының, материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының, ішкі аудит басқармасының және облыстық прокуратурасы басшылығының тапсырмаларын орындайды.

 

Арнайы мамандануы:

            Мемлекеттік тілді білу, ұжымда жұмыс жасай білу, компьютермен және оргтехникамен, E-mail, Internet, компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасай білу. Коммуникабельдік, психологиялық сиысушылық, ұйымдастырушылық, бір қалыпты бағытталған рух қалыптастыру, ашық мінезділік, орындаушылық және талап қоюшылық, жоғары моральдік, этикалық және іскерлік қасиеттері.прокуратура органдарының ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұйымдастырушы-реттеуші құжаттарды әзірлеуге қатысады; облыс прокуратурасы органдарының ақпараттық ресурстарын қорғау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады; ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша прокуратура органдарының қызметкерлеріне консультация береді; ақпараттық қауіпсіздікке талдау жүргізеді, ақпараттық қауіпсіздікті одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгізеді; есептеу техникасының құралдарын пайдаланумен ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүргізеді; ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша прокуратура органдарында тексерістер жүргізуге қатысады; ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысады; өз өкілеттілігі шегінде ақпараттық қауіпсіздік саласында жобалардың іске асырылуына және орындалуына бақылауды жүзеге асырады, сонымен қатар олардың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді; желіні асыра пайдалану жағдайларында және олар бойынша қабылданған шаралар туралы басшылықты уақтылы хабардар етеді;

жүйелі ақпарат жорналын жүргізеді, облыс прокуратурасының ақпараттық ресурстарына қол жеткізу құқықтары (парольдар, қол жеткізу құқығы) туралы ақпараттарды сейфт сақтауды қамтамасыз етеді; облыс прокуратурасы желісінің (ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден, жүйелі файлдар мен деректерді қараудан немесе өзгертуден қорғайды) қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; вирустық атакаларға қадағалау бойынша Qradar жүйесінде күнделікті мониторингі және де айқындалған бұзушылықтар бойынша талдау жүргізуді; құпия іс жүргізу өндірісі бойынша вирусқа қарсы бағдарламаларды жаңарту жөнінде жұмыс атқаруды; прокуратура органдарының ғимараттарында бейнебақылауды және кіруді басқаруды және бақылауды,  күзет-өрт дабылдары жүйелерінің қызметін қамтамасыз етуді.

             Жүйедегі кемшіліктерді жою үшін облыстық прокуратурасының қаржы және информатизация басқармасына өтінімді уақтылы беруді, немесе олар болмаған жағдайда орналастыруды; прокуратура ғимараттарына қызметкерлер мен келушілердің кіруі мен шығуы кезінде рұқсат карточкасын пайдалануларына тұрақты бақылау жүргізуді; рұқсат карточкасын пайдалану ережесін бұзу туралы актісін әзірлейді және тәртіптік сипатта тиісті шаралар қабылдау үшін ұсыныс жолдайды; компьютерлік техника үшін материалдық жауап береді;  ішкі қауіпсіздік, кадр жұмысы және тиісті органдар қызметкерлерімен бірлесіп, күзет-өрт қауіпсіздігін, бақылау-рұқсат режимдерін сақтау жөнінде қауіпсіздік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлері үшін семинарлық оқу өткізеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады.

         1) Қағидаданың  2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (қосымша тіркелді);

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы  әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан  кешіктірілмей беріледі.

         Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаева көшесі, №51 үй, 3-қабат, 305 кабинет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

_________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________

__________________________________________________________________                                               _____________________________________________________________

 

  (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі
түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда / при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітіргенжылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істегенжағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата