You are here

Кеше – құрылыс басында, бүгін – қамауда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырауда мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйлерді жаңғыртумен айналысқан компания басшыларының біраз заңсыздықтарға барғандары анықталды. Оларға «көпқабатты 15 үйге жаңғырту жұмыстарын жүргізген кездерінде атқарылған жұмыс бағасын тым асырып жіберген, жұмыс техникалық қадағалау өкілінсіз қабылданған, сапасы сыр берген» деген айыптар тағылып отыр. 

17 маусым күні компания басшылары жауапкершіліктен сытылу үшін Атырау тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспек­торы арқылы қала прокурорының көмек­шісіне 2 млн теңге көлемінде пара беруге әрекеттенген. Бірақ олардың бұл мәміле­лері пайдаға аспай қалды. Қалалық тұрғын үй инспекциясының инспекторы облыстық прокуратура қызметкерлері мен қаржы полициясының құрығына түскен еді.

Саид ӘЖМҰХАМЕДОВ, қала прокурорының көмекшісі: 

– 18 шілдеде мердігер мекемелердің басшылары ұсталды. Оларға қарсы ҚР ҚК-нің 312-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазір құрылыс компанияларының жетекшілері уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Облыстық прокуратура қыз­меткерлері алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Автор: Бақытгүл БАБАШ, Атырау

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.