You are here

2013 жылғы халықтың жұмыссыз бөлігі арасындағы қылмыстылықтың жай-күйі туралы статистикалық мәліметтер талдауы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құқықтық статистика комитеті 2013 жылғы Қазақстандағы халықтың жұмыссыз бөлігі арасындағы қылмыстылықтың жай-күйі туралы статистикалық мәліметтер талдауын әзірледі.

2013 жылы қылмыс жасаған барлығы 102 565 адам анықталды, бұл 2012 жылға қарағанда 4,5 пайыз артық (98 176). Жұмысқа қабілетті жұмыссыз, яғни, қылмыс жасаған сәтте жұмыста немесе оқуда болмаған  79855 адам тіркелген, яғни, 2,6 пайыз артық (77831).

Осы санаттағы адамдардың ең көбі Алматы облысында тіркелген,  онда алдыңғы жылға қарағанда  38,3 пайыз артық яғни 8728 (6 309) адам, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында 10 987 (9 513, +15,5 пайыз)  пайыз адам тіркеліп, ең көп өсу деңгейін көрсетті.

Қылмыс жасаған адамдардың жалпы санының жұмыс істемейтіндер санының өзіндік салмағының деңгейін алап қарағанда, ең көп өсім Жамбыл (+6,4 пайыз) және Маңғыстау (+2,9 пайыз) облыстарында, сондай-ақ жұмыссыздық проблемасы көбірек деп күтілген Қарағанды (+2,9 пайыз) және Алматы (+1,2 пайыз) өңірлерінде байқалды.

Қылмыстар жасаған адамдар ішіндегі жұмыссыздар үлесі жалпы республика көрсеткіші бойынша 1,8 пайыз, яғни 2012 жылғы 79,3 пайыздан 77,9 пайызға төмендеді.

Ал жұмыссыз тұрғындардың жалпы саны бойынша қылмыстылық деңгейі тұрақты түрде өсуде. Жұмыссыздардың жалпы саны ішінен қылмыс жасаған жұмыссыз адамдардың өзіндік салмағы соңғы 4 жыл ішінде 11,4 пайыздан 17,1 пайызға артты. Қылмыс жасаған адамдардың жалпы санындағы жұмыссыздар үлесі барлық ауырлық санаттары бойынша өсіп отыр.

Аса ауыр емес қылмыс жасағандардың негізгі бөлігін  «жеке меншікке қарсы» санаттағы қылмыстар құрап отыр.

2012 жылдың 1 қаңтары мен 2013 жылдың 31 желтоқсаны арасында қылмыс жасаған сәтте жұмыссыз болған адамдарды оларды халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың аумақтық органдарында жұмысқа тұрғызу, басқа мамандық беру, оқыту ж.б  бойынша тіркеумен салыстырып тексеру мыналарды көрсетті.

Адамдардың талдау жасаған санатынан (79 855) тек 0,3-12,2 пайызы (2 жарым мыңдайы) ғана халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғаудың аумақтық органдарына келсе, орта есеппен олардың 65 пайызы жеке меншікке қарсы қылмыстар жасаған (ҚР ҚК 6-тарауы). Бұл ретте қылмыстар жұмысқа тұрғанға дейін және одан кейін де жасалған.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың аумақтық органдарында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар жүргізеді. Атап айтқанда олар бас бостандығынан айыру орындарында жұмысқа тұрғызу мүмкіндіктері, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысуды қамтамасыз ету, жеке шаруашылықты дамытуға материалдық көмек беру, әлеуметтік жұмыс орны, жұмысқа орналастыру үшін кәсіпорындар, оқыту курстары туралы дәрістер оқиды.

Сонымен бірге, салыстырып тексеру халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың аумақтық органдарында тіркеудің төмендігін көрсетті, оның бір себебі жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы төлеуді алып тастау болып табылатыны анықталды. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың аумақтық органдарына келетін адамдардың негізгі бөлігі қалалар мен ірі елді мекендердің үлесінде.

Жеке қора-қопсылары, малдары бар ауылдық жерлерде тұратын азаматтар еңбекпен қамту органдарына «жұмыссыз» ретінде тіркелуге келмейді және олар өзіндік жұмысы бар тұрғын ретінде саналады.

Жалпы, 2013 жылғы Қазақстандағы жұмыссыз тұрғындар арасындағы қылмыстылықтың жай-күйіне жүргізілген талдау халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында жүргізілген шаралар осы саладағы жағдайдың жақсаруына айтарлықтай әсер етпегенін көрсетті. Тіптен Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында жағдай күрделене түскен.

Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру үшін кейінгі жылдары республикалық бюджеттен жұмсалған 133,9 млрд теңге, сонымен қатар «2020 жылға дейінгі Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 2013 жылы бөлінген  104,9 млрд. теңге жұмыссыздар арасындағы қылмыстылыққа айтарлықтай әсер ете алмаған.

Қылмыстың негізгі бөлігі экономикалық және зорлық-зомбылық қылмыстарын жиі жасайтын 18-39  жас мөлшеріндегі жұмыссыздар тобына тиесілі болып отыр.

Пайдакүнемдік бағытындағы қылмыстар алдыңғы шепке шығып отыр, олар: ұрлық және тонау;  зорлық-зомбылық қылмыстар үлесі де едәуір: адам өлтіру, денеге зақым келтіру; сонымен қатар есірткінің  заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар да кең таралған және т.б.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының мақсаттарының бірі өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және тұрғындардың мақсатты топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту болып табылады.

Осыған қандай да бір дәрежеде жұмысқа орналастыру, мамандық алу, субсидия алу мүмкіндіктері туралы халық арасында кең ауқымды түсіндіру, үгіт-насихаттың болмауы, сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдарына келу мерзімдері бойынша бюрократиялық  кедергілер белгілі бір дәрежеде әсер етеді.

Осыған байланысты, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдарына қызмет көрсетудің басты көрсеткіші қызметті көрсету мерзімі болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту қажет, себебі жұмыссыз адам халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдарында 6 ай ішінде ғана тіркеліп тұра алады. Сонымен қатар, экономикалық белсенді халықтың қатарындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету  және оқытуға тарту бойынша насихаттық жұмысты белсендірек  жүргізген дұрыс.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық сатистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.