You are here

Жұмыспен қамту саласындағы алаяқтық қылмыстары

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Медет Қадыров,

Бас прокуратураның

2-ші Департаментінің

аға прокуроры

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 4-бабына сәйкес, еңбек заңнамасының негізгі принциптерінің бірі еңбек ету бостандығы болып табылады.

Бұл принципті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан  азаматтарының көп бөлігі жаппай жұсыс іздеу барысында. Сонымен қатар әркім өзіне тиімді әрі қолайлы ұсыныстарды қарастырып жатыр.

Дағдарыс уақытында азаматтарды еңбекпен қамтудың өзектілігі артуда, бұған жұмыс орындарының қысқаруы, кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы және т.б себептер бар. Осыған байланысты жұмыс іздеу процесі әлеуметтік әрекеттестіктің белсенді саласы болып табылады.

Сондықтан жұмыспен қамту саласында да алаяқтық фактілері орын алады. Жұмыс іздеушілер оғаш ұсыныстарға тап болып, нәтижесінде  ақшасын жоғалтады да, жаңа қызмет орнын ала алмайды.

2015 жылы бұл бағытта барлығы 1750 құқық бұзушылық тіркелді, олардың 868 фактісі  мемлекеттік мекемелерге, ал 882-сі басқа да ұйымдарға орналастыру желеуімен жүзеге асқан.

Көрсетілген құқық бұзушылықтар санының ең көп бөлігі ОҚО-да – 554 факті, Маңғыстау облысында – 327, Алматы қаласында – 248, Атырау облысында – 130 факті тіркелді.

Бұл сандық көрсеткіштер аталған өңірлердегі жұмыссыз халықтың алаяқтардың алдауына  ұшырауға бейім екенін көрсетеді.

Жұмысқа қабылдау кезінде алаяқтардың айла-тәсілдері бірдей. Олар сенгіш ізденушілерді алдап түсіру үшін бос қызмет орны туралы арнайы басылымдарға жарнама береді. Алайда бір көргеннен-ақ олардың өзіңізді алдауға тырысып жатқанын көруге болады. Теріс пиғылды жұмыс берушілерді анықтауға мүмкіндік беретін негізгі белгілер мыналар.

Көбінесе жарнамада уәде етілген жалақы сала бойынша орташа жалақы мөлшерінен көп болады, кейбір кездері шындыққа жанаспайтындай тым жоғары. Бұл алаяқтардың негізгі қулығы – өйткені көптеген адам өзінің жолы болды деп ғажайыпқа сенгісі келеді. Қызмет орынына үміткер адамдарға қойылатын талаптар өте көмескі. Ешқандай шектеулер қойылмайды: жас мөлшерінің шамасы шектелмеген, арнайы білім мен жұмыс тәжірибесі қажет етілмейді. Компания жайлы және маманның болашақ міндеттері туралы берілетін ақпарат өте аз, көп жағдайда қызметтің атауы да, қызмет саласы да көрсетілмейді.

Телефонмен  сұхбат жүргізу мәнері арқылы алаяқтар жалпылама сөйлемдерді қолданып,  әңгімені қысқартуға тырысып бағады. Толық ақпаратты әңгімелесу барысында беруге уәде етіп, түйіндеме талап етпей және алдын ала іріктеу жүргізбей оған барлық үміткерлерді шақыра береді.

Көп жағдайда әңгімелесу жаппай тәртіпте өтеді, адамдар ағыны жиналады немесе олар «ортақ» дәріске шақырылады. Бұл жерде басты мәселе айқындалып шығады : жұмысқа орналасу үшін оқуға, арнайы киімге, шығын материалдарына ары қарай сатылатын тауарға немесе банкте жалақы шотын ашу үшін, яғни, жұмысқа тұру үшін алдын ала төлем жасау қажет.

Еңбек нарығындағы күтпеген кедергілермен таныс прокурорлар «Ешқашан және ешқандай жағдайда жұмысқа орналасу үшін ақы төлемеңіздер!», - деп қайталаудан жалықпайды, алайда көптеген жұмыс іздеушілер бәрібір де алаяқтардың алдауына түсіп, едәуір қаржылай шығынға батады.

Осыдан «Алаяқтар кімді жақсы көреді?»,- деген сұрақ туындайды.

Негізінен алаяқтардың айласына кез келген адамның түсуі мүмкін. Бұдан ең тәжірибелі маман да сақтандырылмаған. Теріс пиғылды жұмыс берушілер «Әкімшілік жұмыс орындары мен кадрлық қызметтерге» ерекше ықылас танытады.

Бұл жерде алаяқтардың арбауына хатшылар, әкімшілер, кеңсе менеджерлері, қызметкерлер жөніндегі менеджерлер түсуі мүмкін. Уәде етілген жалақы мөлшері тым жоғары. Көрсетілген еңбекақыға тек шет тілін білетін, жұмыс тәжірибесі бар, жоғары білімді маман ғана лайық бола алады. Бірақ хабарландыруда бұл талаптар жоқ, ал әңгімелесу барысында ұсынылып отырған жұмыс орнының әкімшілік жұмыспен еш байланысы жоқ екені белгілі болады. Көп жағдайда адамдар желілік маркетингке шақырылып, өзі сататын тауардың құнын төлеуге мәжбүр болады.

Алаяқтардың басқа да алдау әдістері бар. Мысалы жұмыс іздеушілерді жалақы аударылатын банк картасына немесе арнаулы жұмыс киіміне төлем енгізуді сұрайды. Осыдан кейін жұмыс беруші «жаңа адам» туралы ұмытып кетеді, болмаса қызметтік міндеттеріне «бір-екі аптадан соң» кірісуге болатынын айтады.

Алаяқтықтың етек жайған келесі түрі – үйде отырып жұмыс жасау.

Үйде отырып жасалатын жұмысты табу оңай шаруа емес. Бұрыннан бері тұрақты жұмыс берушілер өздерінің қызметкерлерінің кәсіпорын жағдайында жұмыс жасағанын қалайды.

Үй жағдайында негізінен сәндік-көркемдік заттар жасалады. Алайда жасалып жатқан заттар жоғары сапалы болуы қажет, болмаса оларды ешкім де сатып алмайды. Сол себепті табыс табуды бірден бастап кетуге болмайды. Ең алдымен ұзақ уақыт үйрену керек.

Осы жағдайда алаяқтар қарапайым жоспар бойынша әрекет етеді: алдымен адамдарды ақылы оқытады да, оларға ұсақ-сәнді заттар, қабырға плиталары және т.б. сияқты материалдарын сатады. Жұмыскер дайын өнімді алып келген кезде, жалған жұмыс беруші шығару технологиялары бұзылған, сапа талаптарға сай келмейді және т.б сылтаулармен оны қабылдаудан бас тартады.

Жалған жұмыс берушілердің теріс пиғылын дәлелдеу оңай емес екеніне қарамастан, қылмыстық қудалау органдары осындай алаяқтық формаларымен күресте бірнеше жылда тәжирибе жинап, белгілі бір дағдылар қалыптастырды.

Прокуратура органдары үйлестіру өкілеттіліктерін пайдалана отырып осы бағытта белсенді қызмет атқаруда. Өйткені азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметтерінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Ең көп тараған алаяқтық әдістері жайлы БАҚ-та жариялау мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алуды және еңбекпен қамту саласында алаяқтыққа тап болу қаупі бар азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.