You are here

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы прокурорлық қадағалау

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қанат Сейдғапбаров,

ҚР Бас прокуратурасы

Әлеуметтік-экономикалық саланың

заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы,

аға әділет кеңесшісі

Көлік құралдарының жылдан жылға артуы жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бұрыннан бар проблемаларын одан сайын күшейтіп отыр.

Уәкілетті органдар жолдағы жағдайды оңалту, жол-көлік оқиғаларын ескерту, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгілі бір шараларды қабылдауда, жұмыс істеу әдістері жақсаруда, профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде.

2014 жылғы 20 қазаннан бастап «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді, ол жол жүрісін ұйымдастыру тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа заңда мүдделі мемлекеттік органдардың құзыреті нақты айқындалды және жол жүрісі үрдістерін мемлекеттік басқарудың жүйесі жетілдірілді.

Зияткерлік көлік жүйелері және жолдар мен жаңа көлік құралдарын бағалаудың ұлттық жүйесі енгізілді. Жол жүрісі қауіпсіздігі, оның ішінде, жолдарды салу кезінде, оларды қайта жөндеу барысында да жол қозғалысы аудиті институты енгізілді.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманы «Жол жүрісі туралы» Заңның жаңа редакциясымен сәйкестікке келтіру үшін бірқатар заңдарға түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуге ынталандыратын нормалар енгізілді, елді-мекендердің құрылысын салу кезінде аумақты көліктік жоспарлау бойынша міндетті талаптар белгіленді.

Жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы заңдардың орындалуын қадағалау  прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бұл саладағы заңдылықты қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде тексерулер жүргізіледі, проблемалы мәселелерге талдау жасалады. Жолдардағы апаттар санын төмендетуге мүмкіндік беретін аса ұтымды әдістерді енгізу мақсатында әлемдік тәжірибе зерделенеді және олардың неғұрлым тиімділерін пайдалану жөнінде шаралар қабылданады.

Мысалы, Бас прокуратура апаттылық картасын әзірледі (Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ресми сайтына орналастырылған), оны уәкілетті органдар ең апатты учаскелерді айқындауға және осы жерлерде жол-көлік оқиғалары болуының себептері мен шарттарын жою үшін шаралар қабылдау мақсатында пайдалана алады.

Жол-көлік оқиғаларының профилактикасындағы кешенді ұстаным,  орталық және жергілікті атқарушы органдардың күштерін біріктіру, олардың жол жүрісі саласындағы әрекеттерін үйлестіру жолдардағы жағдайды тұтастай алғанда жақсартуға мүмкіндік берді.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, автопарктің жыл сайын ұлғаюына қарамастан, 2015 жылы жол-көлік оқиғаларының саны 2014 жылмен салыстырғанда 7,3%-ға (20 378-ден 18 890-ға) төмендеген, оларда зардап шеккендер саны 7,1% (28 527-ден 26 508-ге) азайған. Жол-көлік оқиғаларындағы өлім саны 5,1%-ға азайған.

Қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары үлкен қауіп төндіріп отыр.

2015 жылы прокуратура органдары жол полициясы және көліктік бақылау органдарымен бірлесіп автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру саласында кең ауқымды тексеру жүргізді. Жол-көлік оқиғаларының басты себебі тасымалдаушылардың жауапсыздығы болып табылатыны анықталды.

Кейбір жүргізушілер үшін ережелерді бұзу әдеттегі жағдай болып табылады. Нақтырақ айтқанда, заңды тасымалдауды жүзеге асыратын автобустың/шағын автобустың әрбір екінші жүргізушісі жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін әртүрлі жауапкершілікке тартылған.

Оларды даярлау сапасы да сын көтермейді. Әрбір үшінші оқу орны басшылардың, оқытушылардың және оқыту шеберлерінің біліктілігі жөніндегі заң талаптарына сәйкес келмейді. Тексерумен қамтылған оқу орындарының барлығында дерлік жүргізушілерді сапасыз оқыту фактілері анықталды.

Жолаушылар тасымалы нарығы, әдетте, ұйымдастырылмаған және стихиялық сипатқа ие, себебі тексеру іс-шараларымен заңсыз жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың көптеген фактілері анықталды.

Бақылаушы органдардың рейдтік тексерулері шектеулі болғандықтан, заңсыз жолаушылар тасымалы нарығы пайда алу мәселесін жолаушылар мен жол жүрісінің басқа қатысушыларының қауіпсіздігінен жоғары қойып, әрі қарай еш кедергісіз жұмыс атқаруда.

Тексерулермен заңсыз жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың 2 мыңнан астам фактісі анықталды, рейдтік іс-шаралар барысында тоқтатылған әрбір үшінші автобус қойылған талаптарға сай келмейді. Қолданыстағы заңнама нормаларын бұза отырып, жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырған 3 мыңнан астам автобус пен шағын автобустар анықталды.

Тексеріс қорытындысы бойынша 3,5 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде рейстер мен бағдарлардан 125 автобус алынып тасталды.

Аталған мәселе Парламент депутаттарының, ішкі істер және басқа министрлік өкілдерінің қатысуымен өткен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысында қаралды.

Талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Парламенті Мәжілісіне жолдардағы жағдайды жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар көрсетіле отырып хаттар жолданды.

Қабылданып отырған шаралардың белгілі бір нәтижелер бере бастағанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, 2016 жылдың қаңтарында жол-көлік оқиғаларының саны 7,4%-ға (1 210-нан 1 121-ге), оларда жарақат алғандар саны 4,3%-ға (1 589-дан 1 520-ға), қайтыс болғандар 8,1%-ға (148-ден 136-ға) төмендегені байқалады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.