You are here

Жоғарғы сотта қылмыстық істерді қараудың жаңа кассациялық тәртібі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Марат Нұрмұхамедов,
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
10-шы департаментінің
басқарма бастығы

2016 жылдың басынан бастап Казақстанда үш сатылы сот төрелік жүйесі қызмет етуде.

2015 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сай енді қылмыстық істер бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттармен қаралатын болады.

Аталған сот төрелік үлгісі халықаралық стандарттарға сай келеді және сот актілерінің жылдам заңды күшіне енуіне септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (әрі қарай – ҚР ҚПК) 484-бабында Жоғарғы сот кассациялық тәртіпте бірінші сатыдағы соттар шығарған, өтінішхаттар бойынша заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларын олар апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін, прокурордың наразылықтары бойынша, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар мен наразылықтар бойынша істерді қарайтындығы көзделген.

Сонымен, сотталған, ақталған, олардың қорғаушылары, жәбірленуші (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, сол сияқты жағарыда аталған тұлғалардың өкілдері мен заңды өкілдері және сот актісімен заңды мүдделеріне әсер ететін өзге тұлғалар заңды күшіне енген сот актілерін апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін ғана кассациялық саты қайта қарауға құқылы.

Алайда, кез-келген сот актілері Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот алқасында қарала бермейді.

Бұл санатқа сот талқылауы барысында ҚР ҚПК-нің 10-бабының 2-бөлігі негізінде қабылданған теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар бойынша, сонымен қатар дәлелдемелерді зерттеу тәртібі мен тәсілі, процеске қатысушылардың өтініштері, сот отырысы залында тәртіпті сақтау, мемлекеттік және жеке айыпкердің айыптан бас тартуы, үкімді орындау сұрақтары, сол сияқты тергеу судьясымен шығарылған актілер жатады. 

Қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша сот актілеріне апелляциялық мерзімде шағым келтіру мерзімін сақтамаған жағдайда, Бас Прокурордың наразылығымен немесе Жоғарғы сот төрағасының ұсынысымен кассациялық тәртіпте қайта қаралуы мүмкіндігін атап өту қажет.

Сонымен қатар, қылмыстың қайталануы мен қылмыстық-атқару мекемесінің дұрыс анықталмауы, мүлікті тәркілеу мәселесінің дұрыс шешілмеуі, соттармен құқық нормаларының бірыңғай түсіндіруі мен қолдануын бұзатын жағдайлармен сот актілерін қайта қараудың қосымша негіздері енгізілген.

Заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіпте қарау мерзімі өзгертусіз қалдырылған: сотталғанның, ақталғанның жағдайын нашарлататын жағдаймен 1 жыл, ал жақсартатын жағына - мерзім шектелмеген.

ҚР ҚПК-нің 489-бабының 3-бөлігіне сәйкес жоғарыда атап өткен бір жылдық мерзімінің өтуінен кейін келтірілген жағдайды немесе мәні бойынша қаралғанға дейін кері шақыртып алған өтінішхаттар мен наразылықтарды қоспағанда, өтінішхат немесе наразылық үш тәулік ішінде хатпен қайтарылатыны бекітілген (бұрын әрекет еткен редакцияда мұндай мерзім көрсетілмеген).

Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттарды алдын ала қарау тәртібіне де жаңа өзгеріс енгізілген. 

Енді өтінішхаттарды Жоғарғы соттың кассациялық сатысының жалғыз судьясы шағым иесін шақырмастан он тәулік ішінде зерделейді (бұрын өтінішхаттың авторының, қажет болғанда прокурордың қатысуымен үш судьямен қаралған), қарау нәтижесімен ҚР ҚПК-нің 489-бабынің 1-бөліміне сай өтінішхатты қайтаруға негіздің бары не жоғы, не болмаса істі сұрату туралы негіздің бары не жоғы туралы бір шешімді қабылдайды.

Өтінішхат кассациялық сатыға түскен күннен отыз тәулік ішінде, ал  істі сұратқан жағдайда істің кассациялық сатысына түскен күннен бастап 30 тәулік ішінде қаралады.

Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижесі бойынша Жоғарғы соттың кассациялық сатысының судьясы үш шешімнің біреуін шығарады: сот актілерін қайта қарауға негіз болған жағдайда өтінішхатты іспен бірге  кассациялық сот отырысына қарау үшін жолдау; істі қайта қарауға негіз болмағандықтан өтінішхатты кассациялық сот отырысына жолдаудан бас тарту немесе өтінішті кері шақыртып алған не болмаса мерзімінің өтіп кетуіне байланысты кері қайтаруы туралы.

Алдын ала қарау нәтижесі бойынша шығарылған қаулыға шағым келтіруге жатпайды, алайда, бұл жайт өзге негіздермен қайталап шағымдануға кедергі болмайтындығы туралы норма өзгеріссіз қалдырылған,

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы, Жоғарғы сот төрағасының ұсынысы,  сондай-ақ өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалар мен олардың қорғаушыларының өтінішхаттары ҚР ҚПК-нің 490-бабының 4-бөліміне сай алдын ала қаралуға жатпайды, олар тікелей кассациялық сот сатысында қаралады.

Кассациялық сатымен қабылдануға жататын шешімдер кеңейтілген. Егер, үкім заңсыз сот құрамымен шығарылған болса, сотта жәбірленушінің немесе сотталушының ана тілінде немесе еркін білетін тілде іс жүргізу, тілмаш қызметін пайдалану құқығы бұзылса, үкімге судьяның қолы қойылмаса, үкім және одан кейінгі барлық сот қаулылары бұзылып, жаңа сот қарауына апелляциялық сатыға, ал егер іс алқабилердің қатысуымен қаралса, онда бірінші саты сотына жолданады.

Кассациялық саты қаулылары ҚР ҚПК-нің 485-бабының 2-бөлігінде көзделген негіздер болған жағдайда Жоғарғы сот төрағасының ұсынысы мен Бас Прокурордың наразылығы негізінде қайта қаралуы мүмкін.

Ол негіздерге сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің қауіпсіздігін қозғаған не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болған, үкім арқылы адам өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған және қабылданған сот актісі соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолданудағы біркелкілікті бұзған жағдайлар жатады.

Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келе, кассациялық тәртіпте Жоғарғы сотта істерді қайта қарау негіздері кеңейтілгенін айтуға болады. Бұл қандай да бір сот актілерін шығару барысында даулы жағдайлар туындағанда, ол жағдайлардың неғұрлым жедел шешілуіне септігін тигізеді. 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.