You are here

Жер ресурстары- маңызды стратегиялық нысан

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жер ресурстары еліміздің маңызды стратегиялық нысандарының бірі болып табылады.

Жер қатынастары саласындағы бұзушылық еліміздің барлық аймағында орын алып жатыр. Олардың өсуіне төмендегі себептерді атауға болады:

- жер ресрустарына деген  сұраныстың артуы, елді-мекендердегі бос жердің тапшы болуы (республика бойынша жеке тұрғын үй салу үшін 1 млн.-нан астам азамат жер кезегінде тұр).

- Қазақстан Республикасындағы жер заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік деңгейінің жасалған бұзушылық сипатына сәйкес болмауы (көбіне уәкілетті органдар бұзушылықты жоюда түбегейлі шараларды қолданбайды, тек әкімшілік айыппұл салумен шектеледі. Заңнамалық деңгейде бұзушылардың жауапкершілігін қатайту туралы ұсынысқа бастама жоқ);

- мемлекеттік органдардың мемлекеттік мониторинг пен бақылау жүргізу үшін кадрлар тапшылығы және материалдық-техникамен жабдықталмауы.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2014 жылдың өткен мерзімінде прокурорлар жүргізген 391 тексерудің нәтижесінде 1567 азаматтың құқығы қорғалып, мемлекеттік және уәкілетті органдар 7 208 заң бұзушылықты жойып, мемлекетке келтірілген 1,1 млрд. теңге өндірілді.

Жер инспекциясы және әкімдіктер өзара қатынаста пайдаланылмай жатқан және заңнамаларды бұза отырып пайдаланылған жер телімдерін қайтару үшін жұмыстар жүргізуде.

2012 жыл мен 2014 жылдың өткен мерзімінде жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде республика бойынша 10 мыңдай пайдаланылмаған жалпы көлемі 1 млн. га болатын кадастрлық құны 976,9 млрд. жер учаскесі анықталды (жеке тұрғын үй құрылысы, ауылшаруашылық жері, коммерциялық нысандар).

Қолданылған шаралармен мемлекет меншігіне кадастрлық құны 420 млрд. теңге болатын 461,5 мың. га көлеміндегі 2 178 жер учаскесі қайтарылды.

Мысалы, Астана қаласында ауылшаруашылық мақсатта пайдалануға және коммерциялық құрылыс нысанына (ағымдағы жылы кадастрлық құны 50,7 млрд. теңге болатын жалпы көлемі 2,3 мың. га 205 телімі) арналған кадастрлық құны 912 млрд. теңге болатын жалпы көлемі 15,3 мың га 850 пайдаланылмаған жер телімі анықталды.

Қолданылған щаралармен мемлекетке кадастрлық құны 411 млрд. теңге болатын жалпы көлемі 5,1 мың га 157 пайдаланылмаған жер телімі қайтарылды.

Мысалы, Астана қалалық прокуратурасының қала сыртындағы аумақта орналасқан «Astana Green Resourse» АҚ (бұрынғы «Маман Специалист» АҚ) жалпы көлемі 1,5 мың. га 25 жер учаскесін алу туралы талап-арызын сот қанағаттандырды.

Жер кодексінің 92, 93 және 94-баптарында меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға жер телімін мақсатты пайдалану қажеттігі туралы жазбаша хабарламадан кейін ғана жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз беру қарастырылған.

Жер телімін алып қою басты мақсат болмағандықатн, жазбаша хабарлама меншік иесі үшін өздерінің жерлерін мақсатты пайдалануға сәйкес шаралар қолдану үшін индикатор болып табылады.

Мысалы, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде елордада кадастрлық құны 132,2 млрд. теңге болатын жалпы көлемі 2,1 мың га 68 пайдаланылмаған жер телімі игеріле бастады.

Өзгелермен қатар Астананың сол жағалауындағы жер телімі игеріле бастады, 2013 жылдың 18 маусымында «The Ritz Carlton» әлемге белгілі желісінің 26 қабатты қонақ үйі мен 30 қабатты бизнес-орталықтан тұратын «Talan Towers» көп функционалды екі мұнарадан тұратын кешенінің іргетасы қаланды.

Осы тектес жұмыстар Астана қаласынан 30 шақырым тыс аумақта жүргізілуде.

Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарының аумақтарын зерделеу барысында кадастрлық құны 4,4 млрд. теңге болатын жалпы көлемі 20,3 мың га 1356 пайдаланылмаған жер телімі анықталды.

Осы кезеңде мемлекетке кадастрлық құны 388,4 млн. теңге болатын жалпы көлемі 11,5 мың га 40 пайдаланылмаған жер телімі қайтарылды.

Мемлекет қажеттілігі үшін жылжымайтын мүліктерді алу барысында заңдылықты қадағалау саласындағы прокурорлық қадағалау қызметін атап өткен жөн.

Уәкілетті органдардың мәліметіне сәйкес, 2011-2013 жылдар аралығында республика бойныша мемлекет қажеттілігі үшін 46 млрд. теңгеге 17 мың. га жер телімін алу жоспарланды.

Барлық мақсатты бюджеттік қаржылар игерілген (сот шешімдерімен – 10,4 млрд. теңге, келісім-шарт бойынша – 36,6 млрд. теңге), бірақ 12,6 мың. га жер ғана (немесе  жоспарланған нәтижеден 74%) алынған.

Жерлерді алу барысы олардың бағасын негізсіз өсіру, заңсыз ұсынылған жерлерді алу және жалған келісім-шарт жасасу арқылы жүргізілген.

Осы кезеңде прокуратура органдары 5,5 млрд. теңгенің негізсіз жұмсалуының жолын кесіп, соттардың қарауында 2,6 млрд. теңге төлемақының негізсіз өсіруді өндіру туралы 118 талап-арыз бар.

Барлығы 22 қылмыстық іс қозғалып, 5 істі сот қарады (бағалау туралы жалған есеп жүргізу; алаяқтық; 4 меншік иесі және 1 бағалаушы сотты болды).

2014 жылдың 28 наурызында көрсетілген мәселелер Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының алқасында талқыланып, нәтижесімен Қазақстан Республикасы Үкіметіне орын алған заң бұзушылықтарды жою туралы нақты ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар жүргізу ұсынылды.

Наиль Ахметзакиров,

Бас прокуратура Департаментінің бөлім бастығы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.