You are here

Жалған ақша жасауға қарсы іс-әрекеттер бойынша жұмыстар туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Дәулет Тілеубаев, Бас прокуратура 2-ші департаментінің қызметкері

Жалған ақша жасаушылықтың мәселелерін зерттеумен айналысқан атақты неміс ғалымы Гюнтер Вермуш бұл туралы былай анықтама береді: «Ақшаның өзі жалған ақша жасаушылықтан әлдеқайда бұрынырақ шықты, бірақ, айырмасы небәрі бір-екі күннен аспады».

Статистикалық деректерге сәйкес ағымдағы жылдың 9 айында республикада ҚК 231-бабы бойынша (заңсыз ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) 2 349 қылмыс тіркеліп, оның 338-і сотқа жіберілген (өткен жылдың осы уақытында 1 153 қылмыс тіркеліп, оның  814-і сотқа жіберілген).

Бас прокуратура жүргізген талдау барысында мұндай деректердің басым бөлігі Алматы (1 376),  Астана (404) қалалары мен Павлодар (101),  Қарағанды (89)  және Шығыс Қазақстан  (102) облыстарында тіркелгендігі анықталды.

Ақша бірліктері жүйесін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау саласындағы қылмыстық жағдай күрделі күйінде қалуда және олардың жасырын болуы салдарынан ашылу деңгейі төмен болып отыр (қысқа мерзім ішінде ақша иесі бірнеше рет ауысуы мүмкін).

Жалған ақша жасау әдетте жан-жақты дайындалып, терең құпияда ұсталатын, қылмыскерлер үнемі сақ жүріп, сәл ғана қауіп сезілсе жұмыстарын уақытша тоқтата қоятын қылмыс түріне жатады.

Мұндай қылмысты ашу көп жағдайда кәсіпкерлер мен банк жүйесі қызметкерлерінің купюраның табылғандығы туралы уақтылы хабарлауына, жалған ақша қаражатын өткізген әрбір жер бойынша құқық қорғау органдарының тез арада әрекет етуіне байланысты.

Талдау көрсеткендей, көп жағдайларда сотқа дейінгі тергеулер Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде  (СДТБТ) тіркелген жалған ақша купюрларын жасау деректері бойынша жүргізген, сонымен қатар жалған ақшаның басым бөлігі банк филиалдарында, айырбастау пункттерінде және пошта бөлімшелерінде анықталған, бұл жалған ақша сапасының жоғарылығын, дүкендерде, базарларда және т.б. орындарда қабылдап алған адамның жай қарап шығу арқылы оны жалған екенін ажыратуы мүмкін еместігін көрсетті.

Жалған ақша жасау деректерінің көбеюіне заманауи компьютерлік технологияның дамуы мен тұрмысқа дендеп енуі, күрделі баспаханалық ұйымдастыру техникасының қолжетімділігі ықпал ететінін айта кету керек. Мұндай қылмыс түрі өте жақсы ұйымдастырылған, техникамен жақсы жарақтандырылған және оны жоғары табысты бизнес көзіне айналдырған топтардың қолымен жасалады. Осындай себептерден қылмыстың бұл түрімен күрес шиеленісті сипат алып отыр.

Қолдан жасауға көбінесе ұлттық валютамыздың 2 000, 5 000 10 000 теңге купюралары ұшырайды.

Мысалы, Алматы қаласында бір-біріне желіммен жапсырылған,  бір беті шын, екінші беті жалған 2 бөліктен, тұратын 2 000 теңгелік 142 ақша белгісі алынды.

Жалған ақшамен ұсталған тұлғалардың барлығы дерлік есеп айырысуға жалған ақша беріп тұрғандарын білмейтінін де айта кету керек. Азаматтардың айтулары бойынша жалған ақшаны олар базарда, дүкенде есеп айырысу кезінде немесе қоғамдық орындарда ақша ұсақтағанда алған.

Белгілі қиындықтарға қарамастан құқық қорғау органдары жалған ақшаларды өткізушілерді ғана емес, оны дайындаушыларды анықтау бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Мысалы, ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысының Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жүргізген  шұғыл-іздестіру шараларының нәтижесінде Петропавловск қаласының аумағында қолдан жасалған 2 000 теңгелік ақша купюрасын өткізумен айналысып жүрген  2 адамның жұмысы тоқтатылды.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізген шұғыл-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған ақша жасаумен айналысатын цех ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Бұл топ 3 ай бойына Алматы қаласы және Алматы облысының аумағында номиналы 2 000 теңге болатын жалған ақша жасаумен, сақтаумен және өткізумен айналысып келген.

Сол сияқты Жамбыл облыстық Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жүргізген осындай шұғыл-іздестіру шаралары кезінде номиналы 1 000 теңгелік жалған ақша жасаумен айналысатын цех анықталды. Тексеру нәтижесінде жалған ақша жасаушылардың қылмысқа қатысы анықталды, айыптау үкімі шығарылды.

Қостанай облысында 1 000 теңгелік жалған ақша жасаумен, сақтаумен және өткізумен айналысып келген 3 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Жалған ақша жасаудың ең көп тараған түрі құйма принтерлердің көмегімен жасау, өйткені осы әдіспен ақша жасау ең қарапайым әрі жеңіл деп есептеледі. Бұл типтегі принтерлер сапасы үнемі жақсартылып отырады, сондай ақ, олар бояуларды барынша дәл бере алады. Дегенмен, купюраны анықтап қараған кезде, оны шын ақшадан жылдам ажыратуға болады, мысалы, жалған ақшаларада ұсақ мөр, басқа да кішкентай элементтер болмайды, қағазы жұқа және көбіне суреттері жайылып кетеді.

Жалған ақша жасаушылықтың жолын кесу және ескерту шаралары ретінде, касса және басқа да ақша мен құнды қағаз айналымына қатысы бар қызметкерлерге жалған ақша жасау жолдары мен оларды қалай анықтауға  болатыны туралы нақты мағлұмат беруді дағдыға айналдыру керек. Несие-қаржы мекемелерін полиция органдарымен байланыстыратын дабыл белгі беру қондырғыларын  жүйелі тексеруден өткізу маңызды.

Қылмыстың бұл түрінің алдын алу шараларының бірі, банк карталарын пайдалану арқылы есеп айырысу жүйесін кеңінен пайдалану болып табылады, өйткені бүгінде көптеген сауда орындары осы төлем түрін жүргізетін терминалдармен жарақтандырылған.

Тұрғындарды жалған ақша жасаушылардан сақтандыру мақсатында құқық қорғау органдары дөңгелек үстелдер ұйымдастырды, брошюралар жасады және таратты, аталған тақырып бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Талдау нәтижесі бойынша Бас прокуратура Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Мемлекетттік кіріс комитетіне көрсетілген санаттағы қылмысты ашу бойынша жұмысты жандандыру туралы хат жолдады.

Жалпы құқық қорғау органдарының бұл бағыттағы жұмысы жалғасуда.  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.