You are here

Ұлт жоспарында жеке сот орындаушылары институтын дамытудың өзектілігіне ерекше мән берілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Президенті2015 жылы 20 мамырдаҰлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде100 нақты қадамбағдарламасын қабылдады.

Осы Ұлт жоспарының 27-шы қадамында жекесот орындаушылар институтын одан әрі дамыту, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту көзделген.

Бұрын сот актілерін орындау тек мемлекеттік сот орындаушылар құзыретінде болып, олар сан мыңдаған атқарушылық өндірістер бойынша өндірушілер талабын орындай алмайтын. Себебі негізгі күш азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша мемлекет пайдасына өндірілуі тиісті айыппұлдар мен басқа да төлемдерді орындауға жұмсалатын.

Өндірушілер мемлекеттік сот орындаушыларының қызметіне көңілдері толмай, сот пен прокуратураға жиі шағымданатын. Соның өзінде оң нәтижеге жиі қол жеткізетін.

Осыған орай қоғамда сот актілерін орындауды жылдам әрі тиімді жүзеге асыратынжеке сот орындаушыларына сұраныс туындады.    

2011 жылы 142 жеке сот орындаушы өз қызметтерін бар болғаны 4,7 мың атқарушылық өндірістен бастап, олар бойынша 844 млн. теңге өндірілді.

Жеке сот орындаушылар саны 2015 жылға дейін 7 есе көбейіп 996-ға жетті, 963 мың атқарушылық өндіріс бойынша 58 млрд. теңге, оның 4,2 млрд. мемлекет пайдасынаөндірілді.

Қысқа мерзімде халыққа сапалы әрі тиімді қызмет көсете білген жеке сот орындаушылар буынын бекітіп, қабырғасын қатайтты. Олардың қарыштап дамуы үшін мемлекет барлық жағдайды жасады.

Осы толағай табыстар мен жемісті жетістіктер ескеріліп, Ұлт жоспарының 27-шы қадамында жеке сот орындаушылары институтын жетілдіріп, оны одан әрі дамытукөзделген. Оның алғышартының бірі - сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту қажет.

Мемлекеттік органдар бұл жүктеген тапсырманы кезең - кезеңмен орындауды қолға алып, мемлекеттік сот орындаушыларының саны 30 пайызға азайып, 863-ке дейін төмендеді. 2017-2018 жылдары мемлекеттік сот орындаушыларының санын тағы да қысқарту жоспарлануда. 

Аталған межеге жетіп, оны жүзеге асыру үшін бірқатар жұмыстар жасалынып, нәтижесінде жеке сот орындаушылары қызметінің қанаты жайылып,  өрісі кеңейді.

Оған дәлел, былтыр жеке сот орындаушылар саны 2015 жылмен салыстырғанда 357 адамға көбейіп, 1353-ке жетті.

Сондай-ақ атқарушылық өндірістер саны да екі есе көбейіп 2 млн. асты. Олар бойынша 40 млрд. теңгеге жуық қаражат артық өндірілді, яғни 96 млрд. теңге, оның 10 пайызы мемлекет пайдасынаөндірілген.

Еліміздің барлық облыс, қала, аудан орталықтарында жеке сот орындаушылары халықпен қоян-қолтық қызмет жасауда.

Жеке сот орындаушысының көрсеткен қызметіне ақы төлеу мөлшері  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылы 4 мамырдағы №437 қаулысымен реттелген.

Өндірілуге тиісті соманың мөлшеріне қарай жеке сот орындаушысының көрсеткен қызметі үшін 3-тен 25 пайызға дейін қаражат ұсталынып қалады.

Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңның 138-бабына сәйкес жеке сот орындаушысынамынадай санаттағы атқарушылық өндірістер ғана берілмейді.

Мысалы, мемлекеттен, дауыс беретін акцияларының 50 және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан, табиғи монополиялар немесе тауарлар және көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілерден, өндіріп алу мөлшері 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіруқұжаттары.

Сондай-ақ,мүлікті тәркілеу не оны мемлекетке беру және мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйді бұзу, жер учаскелерін алып қою туралы атқарушылық құжаттарда оларға берілмейді.

Осы аталған санаттағы атқарушылық құжаттардан басқа өндірістердің барлығын жеке сот орындаушы орындай алады.

Мемлекеттік сот орындаушыларықызметін біртіндеп қысқартып, жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту - заман талабы.

Халыққа сапалы әрі тиімді қызмет көрсету үшін мемлекет жеке сот орындаушыларыинститутын одан әрі дамыту мәселесіне аса көңіл бөліп отыр.

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
4-ші Департамент
бөлімінің бастығы
Е.Тұрмағамбетов

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.