You are here

Ұлт жоспарында Заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәселесі нақты көрсетілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жылы 20 мамырда Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде 100 нақты қадам бағдарламасын қабылдады.

Осы Ұлт жоспарының 26-шы қадамында сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар бойынша прокурордыңсот ісіне қатысуын қысқарту көзделген.

Бұл шараларды жүзеге асыру үшін жаңа Азаматтық процестік кодекстің 54-бабына өзгертулер енгізіліп, 4 санат бойынша сотта азаматтық дауға прокурордың міндетті қатысуы қысқартылған. 

Олар - баспанадан шығару, жұмысқа қайта қабылдау, еңбекақы өндіріп алу,өмір мен денсаулыққа келтірілген залалды өндіру туралы істер.

Қазір бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға прокурор жеке-құқықтық даулар бойынша қатыспайды.

2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы прокурордың қатысуымен бірінші сатыдағы соттармен қаралған азаматтық істердің саны 21 %-ға (63 мың нан 49 мыңға дейін) азайса, апелляциялық сатыда  11%-ға дейін (9 мың нан 8 мыңға дейін) төмендеген.

Бұрын прокурорлар баспанадан шығару жайлы азаматтық дауға міндетті түрде қатысатын - бұл бізге кеңестік дәуірден қалған мұра, ол кезде мемлекеттік меншік монополиясы болды.

Қазір елімізде толыққанды жеке меншік институтуты қалыптасты, тұрғын үй еркін сатылады және сатып алындады. Азаматтар мемлекетке қарайламай мәмілелерді өздері дербес жасай береді.

Осындай мәмілелерді заңсыз деп тану тұрғын үйлерден мәжбүрлеп шығаруға әкеп соғатыны жасырын емес. Сондықтан прокурордың мемлекеттің өкілі ретінде мұндай дауларға кірісуі талап етілмейді.

Сонымен қатар, жұмысқа қайта қабылдау және еңбекақы өндіру дауларына шолу жасалынды.

Жаппай еңбекақы төлемеу істері сотқа дейін жетпеген. Көбінесе талапкерлер жұмысқа шықпаған күндеріне ақша төлеуді талап еткен.

Тәжірибе көрсеткендей прокурорларбұл бағытта мәселені сотқа жеткізбей шешіп, тиімді жұмыс жасаған.

Еліміз бойынша еңбекақы бойынша барлық қарыздың үштен бірі, яғни6миллиард теңгенің2 миллиардысоттың араласуынсыз прокурорлардың қадағалау актілері, яғни ұйғарымы негізінде төленген.

Кеңестік дәуірде жұмыс беруші тек мемлекет болатын. Сондықтан мемлекет мүддесі үшін прокурор жұмысқа қайта қабылдау және еңбекақы өндіріп алу дауларына міндетті түрде қатысатын.

Қазіргі уақытта жеке азаматтардың арасындағы дауларға, яғни жұмыс беруші заңды тұлға мен жұмысшы арасындағы еңбекақы өндіружәне жұмысқа қайта қабылдау істерінепрокурордың сотта қатысуына қажеттілік жоқ.

Бұдан басқа, өмір мен денсаулыққа келтірілген залалды өндіру туралы даулар бойынша азаматтар өз мүдделері мен құқықтарын өз беттерінше сотта қорғауға қабілетті.

Егерде тараптар өздерін қорғай алмайтын болса, онда прокурор қорытынды беру үшін процесске міндетті түрде қатысады.

2016 жылыпрокурордың қатысуыменқаралған істердің саны 63 мыңнан 49 мыңға азайған, яғни 21,3 пайызға. Бұл бірқатар оң мүмкіндіктерге жол ашады.

Бірінші кезекте жарыспалық қағидасы қамтамасыз етіледі. Тараптардың бұрынғыдай прокурорлардың қолдауы түріндегі артықшылығы болмайды.

Тараптар мүдделерін өздері қорғап, шағым беру құқықтарын да өздері жүзеге асырады.

Екінші жағынан мемлекеттің жеке дауларға кірісу сынына ұшырауымейлінше төмендеді.

Прокурорлар шын мәнінде кірісу қажет істерге көп көңіл бөле бастады. 

Прокурорлар келесі санаттағы істерге қатысады.

Бірінші санат-бұл мемлекет немесе қоғамның мүддесіне қатысты істер.Яғни, адамдар тобының құқықтарына қатысты, мысалы, адамдарды жаппай жұмыстан босату, электроэнергия мен басқа да тарифтерді негізсіз көтеру.

Мемлекет мүддесіне қатысты,негізінен бюджет қаражатын шығындау және оның түсімімен байланысты істер.

Бұл салық пен кеден түсімдері, мемлекеттік сатып алу және басқа да көптеген сомаларды өндіріп алу талаптары.  

Прокурорлардың қатысуымен қаралатын істердің негізгі бөлігі мемлекет мүддесіне қатысты істер, олардың саны 20 мың.

Екінші санат, адам өз құқын өзі қорғай алмаса. Әзірге мұндай істер соттармен қаралған жоқ. Мұндай адамдар өздерінің мүдделерін өкілдері арқылы қорғауға мүмкіндігі бар. Егерде олар өздерін қорғай алмайтын болса, онда қорытынды беру үшін прокурор процесске міндетті түрде қатысады.

Үшінші санат, егерсот немесе прокурор азаматтық іскепрокурордыңқатысуы міндетті деп таныса, онда оліске қатысады.

2016 жылы мұндайсанаттағы 240іс қаралған.

Прокурорлардың азаматтық істерге қатысуының азаюы азаматтық-құқық  саласындағы түйінді мәселелер мен олардың туындау себептеріне терең талдау жасауға мүмкіндік туып отыр.   

Сот дауды тек қойылған талап шеңберінде ғана қарауға құқылы, ал прокурор сотта анықталған кез-келген заң кемшіліктер бойынша қадағалау актісін қабылдап, кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарта алады.  

 2016 жылы прокурорлар процесте анықталған заң бұзушылықтар бойынша 248 қадағалау актісін қабылдап, 33 қылмыстық іс қозғаған. Тәртіптік жауаптылыққа 370, әкімшілік- 203 адам тартылса, 4-уі қылмысы үшін сотталған.

Мысалы, Батыс-Қазақстан облысында прокурорлар 30 жүргізушінің  тексеруден өтіп, олардың алкогольды мас күйінде автокөлік жүргізгені дәлелденсе де әкімшілік істің қозғалмағанын анықтаған.

Ол үшін істердің жекелеген санаттарын - мәмілелер, жалға алу, коммуналдық төлемдер, ПИК бойынша берешектер, алименттерді нотариустардың айрықша құзыретіне жатқызу және оларды сот аясынан алып тастауды ұсынудамыз. Бүгіндері осы санаттар бойынша сома өндіріп алуды орындау жазбасын жасау жолымен нотариус арқылы қол жеткізуге болады. Заң бойынша бұл орындау құжаты.

Екіншіден, сот орындаушысына тараптардың келісімімен орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы шешім шығару, яғни медиатор рөлін атқару құқығын бермекпіз.

Үшіншіден, құқық туралы дау жоқ істер бойынша сотқа дейінгі реттеу шектерін кеңейту. Бұл баспанадан шығару, үй-жайды бұзу, жеткізушіні сапасыз жеткізуші деп тану туралы істер.

Төртіншіден, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының актілерімен алименттер өндіріп алу. Бұл бағыттағы жұмысты біз бұдан әрі де жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Келешекте прокурорлардың азаматтық істерге қатысуын әлі де қысқарту жоспарлануда. Мәселен, балалардың, әрекетке қабілетсіздер, туберкулез, жүйке ауруына, нашақорлық, маскүнемдік дертіне шалдыққандар, адамды қайтыс  болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану істеріне олардың мүдделері үшін туысқандары мен өкілдері, қамқоршы орган, медициналық мекемелер сот процестеріне қатысады. Сондықтан прокурордың оған қатысуының қажеттігі жоқ. Біз мемлекеттің мүддесімен байланысты істерге ғана қатысуымыз қажет.  

Сонымен қатар, жеке даулар бойынша кассациялық наразылық келтіру туралы өтініштерді қараудан бас тарту жоспарланып отыр. Тараптар Жоғары Сотқа өздері шағымдануға құқылы. Жаңа АПК бойынша күшіне енген сот шешімі Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысымен қайта қаралуы мүмкін. Мұндай жағдайда Бас Прокурордың өз бастамасымен кез-келген сот шешіміне наразылық келтіру құқын сақтау керек.

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
4-ші Департамент
бөлімінің бастығы
Қ.Раисов

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.