You are here

Ұлт жоспары: мемлекеттік қызметті жаңғыртуды іске асыру жолында

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Арман Аяғанова,
Бас прокуратура Департаменті
бастығының орынбасары

2015 жылдың 23 қарашасында қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының кәсіби мемлекеттік аппаратты құру тұрғысындағы 15 қадамын іске асырады.

Жаңа құқықтық актінің маңыздылығын Мемлекет басшысы «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын  жол» атты мақаласында нақты айқындаған, онда мемлекеттік қызметті жаңғырту Қазақстандағы бүкіл жаңғырту процесінің жемісті болуының негізгі тетігі ретінде қарастырылады.

Бәрімізге белгілі, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заң алғаш рет мемлекеттік қызметшілерді саяси және әкімшілік қызметкерлерге бөлуді, мемлекеттік қызметші болудан үміткерлерді міндетті  конкурстық іріктеуді енгізді.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілердің міндетіне ант қабылдау, мемлекеттік қызметшілердің жеке мүдделерінің олардың функционалдық міндеттерімен және өкілеттіліктерімен түйісуі және қайшылығы туралы жоғары тұрған лауазымды тұлға – басшыны хабардар ету жүктелді. Сондай-ақ бұрын қолданыста болған заңда мемлекеттік қызметтің кадрлық резервін қалыптастыру тәртібінің айқын регламенттелуі, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғау кепілдіктерін күшейту және т.б. байқалды. Осы ережелердің барлығы жаңа заңда айтарлықтай жетілдірілді және күшейтілді.

Заңдардағы айырмашылықтар глоссарийден бастап көрінеді.

Мәселен, заңның бұрын қолданыста болған 1-бабы 20 термин мен ұғымдарға берілген түсінікті қамтыған болса, жаңа заң олардың санын 23-ке дейін арттырды.

Мысалы, «А» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадрлық резервіне анықтама берілді. Осымен мемлекеттік қызметшілердің бұл санатының кадрлық резервін қалыптастырудың ерекше тәртібі айқын түсіндіріледі, себебі бұрын қолданыста болған заңда «мемлекеттік қызметтің кадрлық резерві» деген жалпы ұғым ғана берілген болатын.

Мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша оларға белгіленетін ақшалай төлем ретінде «бонус» ұғымына түсінік беру новелла болып табылады.

Заңның қолданылуы туралы норма да өзгерді, бұл ретте заң қолданылатын қосымша субъекті ретінде, құқық қорғау қызметін өткеретін мемлекеттік қызметшілер көрсетілді. Заңның күші қолданылмайтын субъекті арнайы бөліп көрсетілді. Бұл еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты негізінде меморгандарда қызмет ететін тұлғалар, оның ішінде шетелдік жұмысшылар.

Бұл Ұлт жоспарының мемқызметтегі жұмысқа шетелдік менеджерлерді, жеке сектордан жекелеген мамандарды және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын халықаралық компаниялардың қызметкерлерін жіберу туралы 11-қадамын іске асырумен байланысты, Ұлт жоспарында көрсетілгендей, «бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйеге айналдырады».

Жаңа заң бойынша мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаларының тізбесі кеңейтілді. Олардың ішінде аса маңыздысы ретінде меритократия принципін, яғни, мемлекеттік қызметшінің жеке жетістіктері мен сіңірген еңбектерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби дайындығына сай мемлекеттік қызметте ілгерілетуді  атауға болады.

Мемлекеттік қызметшілердің міндеттеріне заң қосымша мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс істеу процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қосты.

Жаңа заң мемлекеттік органдардың басшылары болып табылатын саяси мемлекеттік қызметшілердің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елорда әкімдерінің, жауапты хатшылардың, орталық мемлекеттік органдар аппараттары мен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының негізгі функциялары туралы арнайы нормалар қамтылған. Мемлекеттік саяси лауазым атқарудың шарттары мен тәртібі толықтырылды. Лауазымға тағайындау үшін қажетті келісім (белгіленген жағдайларда), сондай-ақ арнайы тексерістің оң нәтижесі міндетті болып табылады.

Үміткерлерді іріктеуді күшейтуге мемқызметке орналасар алдында мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылығы үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматтың мемқызметке қабылданбайтындығы туралы норма бағытталды. Ескі заңда мұндай бас тарту сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін көзделген болатын.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарынан, арнайы мемлекеттік органдардан және соттардан, әскери қызметтен жағымсыз себептермен шығарылған кезде азамат мемқызметке қабылданбайды.

Мемқызметке орналасудың міндетті шарты ретінде заң құқық қорғау қызметіне орналасатын азаматтарды міндетті тестілеуді, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалауды қарастырды.

Ескі заң әкімшілік мемқызметке алғаш орналасқан немесе оны тоқтатқаннан кейін қайта орналасқан, сондай-ақ жоғары тұрған санаттағы әкімшілік мемлекеттік лауазымға қабылданған азаматтар үшін үш айға дейін сынақ мерзімін қарастырған болатын.

Жаңа заңның 20-бабы мемлекеттік қызметшілердің барлық санаттары үшін сынақ кезеңінің бірыңғай мерзімін нұсқамайды, алайда, «сынақ мерзімінен өту туралы шарттардың мемлекеттік органның мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы актісінде көзделетіндігін» қарастырады. Бірақ «Б» корпусындағы әкімшілік мемқызметке алғаш орналасқан, сондай-ақ оны тоқтатқаннан кейін оған қайта орналасқан мемқызметшілер үшін, сынақ мерзімі үш ай деп көрсетілген.

Сынақ мерзімінің нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, ол мемлекеттік қызметке тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғаның (органның) не оған уәкілеттілік берілген тұлғаның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін, одан кейін қайта ұзартылмайды.

Бұл Ұлт жоспарының мемлекеттік қызметке алғаш орналасушылар үшін міндетті сынақ мерзімі туралы 4-ші қадамын іске асыруға қатысты.

Жаңа заң әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадрлық резервіне іріктеуді айтарлықтай кеңейтті және нақтылады.

Өзіндік ерекшелік ретінде мемқызметшілер жұмыс уақытын дәл белгіленуін де атауға болады. Ол жұмыс уақыты ретінде екі демалыс күнімен бес күндік апта жұмысын белгіледі (32-бап).

Заңмен мемлекеттік қызметшілерді оқыту туралы жекелеген норма енгізілді, бұл Ұлт жоспарының мемлекеттік қызметшілерді үш жылда бір реттен кем емес тәртіпте ұдайы оқыту және олардың біліктілігін арттыру жүйесін заңнамада бекіту туралы 9-қадамына сәйкес келеді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді ауыстыру туралы ереже айтарлықтай кеңейтілді.

Тәртіптік жазаларға тарту мерзімдері өзгерді. Егер заңның бұрынғы редакциясында тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірмей қолданылады және бір жылдан кешіктіріп қолданылмайды деп көрсетілсе, жаңа заңда олар айтарлықтай қысқартылды, сәйкесінше бір ай және жарты жылға дейін қысқартылды.

Ұлт жоспарының 12-ші қадамына сәйкес мемқызметшілердің қызметтік әдебі туралы нормалар айтарлықтай өзгерді. Әдеп міндеттерінің шоғыры кеңейтілді, тәртіптік теріс қылыққа түсінік берілді.

Жалпы, жаңа қазақстандық мемқызмет моделінің көптеген бөлшектері, оның ішінде мемлекеттік қызмет өткеруде мансаптық өсу, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін дамыту, меритократия принципі тұрғысында шетелдік стандарттарға негізделген.

Мысалы, Ұлыбританияда мемлекеттік қызметшілер арасында саяси лауазымдар бөліп көрсетілген. Бұл министрлер, мемлекеттік хатшылар, басқа да жоғары қызметтегі шенеуніктер. Германиядағы мемлекеттік қызметте мемлекеттік қызметшілердің төрт сатылы жүйесі бар. Францияда шенеуніктер сыныптарға немесе санаттарға бөлінеді. Еңбекақы көтеру және жалпы мемлекеттік қызметшілердің еңбек нәтижелеріне қарай еңбекақы көтерудің прогрессивті шкаласы Ұлыбританияда, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда, Нидерландыда қарастырылған.

Сондықтан бүгінгі қазақстандық мемлекеттік қызмет моделі мойындалған халықаралық стандарттарға толығымен сай деп сеніммен айтуға болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.