You are here

Сотталғандардың жұмыспен қамтылуы - түзелудің негізгі кепілі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әбдіуахит Әбдіуәлиев,

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында қылмыс жасады деп танылған адамдарға қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы мүлдем тағайындалмай, негізінен бас бостандығынан айыру жазасына кеңінен тартылып, босатылғандарды оңалту мәселесі ешкімді толғандырмайтыны, нәтижесінде олардың қайта қылмыс жасап, қылмыскерлердің санын толықтырып отырғаны айтылған болатын. Еліміздегі құқықтық реформалар мен заңдарды ізгілендіру аясында  Мемлекет басшысы 2017 жылға дейін түрмеде жаза өтеушілерінің саны көп 50 елдің қатарынан шығаруды жүктеді.

Түрмеде жазасын өтеуші сотталғандары көп елдерге 2014 жылы жүргізілген талдау көрсеткендей, осы тізімдегі алғашқы 50 елдің арасында Қазақстан 34-ші сатыда орналасқан.

 Жазасын өтеуші тұлғалардың санының  азаюы – мемлекеттегі әлеуметтік-саяси жағдайдың оң өзгерістері мен қылмыстың төмендеуіне, азаматтардың заңды сақтауына байланысты.

2013 жылы Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Бас прокуратураның бастамасымен Жоғарғы Сот, Ішкі істер министрлігі, «Нұр Отан» партиясының құқықтық кеңесі «түрмедегі жаза өтеушілер санын азайтудың 10 шарасы» туралы Тұжырымдама қабылдады.

Осы шаралардың бірі - сотталғандарды жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселесі көтерілген кезде туындайтын кедергілерді жою болып табылады. Сотталғанның қылмыспен келтiрген залалын өтеуге қатысты шаралар қолданбау да кедергі болып табылады. Аталған кедергіні жою мен жазаны өтеу орындарынан босатылған адамдарды еңбек пен тұрмыста орналастыру мәселесіне де Бас прокуратура бастамшыл болып, бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Солардың бірі ретінде «Сотталғанның ақылы еңбегі – қалыпты өмір сүруге ынталандыру» жобасын атап өтуге болады.

Аталған жобаны іске асыруда облыстық және қалалық прокуратуралар белсенділік танытып келеді. Атап айтсақ, Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен Астана қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, «Еңбек» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы араларында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Оның мақсаты - жазасын өтеу орындарынан босатылған адамдарды «ЭКСПО-2017» объектілерінде құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелеріне ақылы жұмысқа орналастыру және оларды құрылысқа қажетті тауарлармен қамтамсыз ету үшін түзеу мекемелерінде өндіріс көлемін кеңейту.

Ал Қызылорда облыстық прокуратурасы  ЗК-169/5 қатаң режимдегі түзеу мекемесіндегі сотталғандарды жұмыспен толық қамту үшін облыстағы жеке кәсіпкерлермен бірнеше рет дөңгелек үстел өткізген, және соның нәтижесінде түзеу мекемесінің өндіріс аймағында жаңадан бірнеше өндіріс орындары ашылған. Нақты айтқанда, «НұрМад» ЖШС ағаш өңдеу цехын ашып, 12 сотталғанды, «Аска» ЖШС тігін цехына 15, «Сымбат» ЖШС дәнекерлеу цехына 3 және «Еңбек-Қызылорда» филиалының дәнекерлеу цехына 25 сотталғанды жұмысқа орналастырды.

Прокуратура тарапынан кәсіпкерлер мен «Еңбек» РМК-ның «Еңбек-Қызылорда» филиалы басшылары өндіріс орындарына жұмысқа алдыңғы кезекте сот үкімі бойынша мемлекет пен жәбірленушілердің пайдасына өндірілуге тиісті берешектері бар сотталғандарды қабылдау мәселесін шешу қойылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ережеге сәйкес, облыстың жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органның мiндеттерiне босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыруға көмек көрсету бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіру жатады.

Аталған консультативтік-кеңесші органдардың осы бағыттағы жұмыстары жылдан-жылға жанданып келеді. Мысалы, 2012 жылы түзеу мекелерінен 12 848 сотталған босап, оның 1563-і жұмысқа орналасуға ниет білдірсе, олардың 824-і әртүрлі ақылы жұмыстарға орналастырылған. ЖаңаАл 2013 жылы түзеу мекемелерінен босаған 9020 сотталғанның 1539-ы жұмысқа орналастыру жөнінде хабарласып, оның 880-і ақылы жұмыспен қамтамасыз етілді.

Консультативтік-кеңесші органдардың ықпал етуімен түзеу мекемелері аумағында кәсіпкерлерді жаңа өндіріс орындарын ашуға тарту мақсатында дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері, сотталғандар жасаған бұйымдар мен тауарлардың жәрмеңкесі өткізілген, сондай-ақ кәсіпкерлерді колония аумақтарына кіргізіп, түзеу мекемелерінің тыныс-тіршілігімен таныстыру сияқты ауқымды  жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде түзеу мекемелерінде 41 жеке кәсіпкер және 15 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жаңа өндіріс орындарын ашып, 533 сотталған ақылы жұмыспен қамтамасыз етілді. Өткен жылғы алты аймен салыстырғанда сотталғандардың еңбекпен қамтылуы 8 пайызға көтеріліп, 55 пайызды құрап отыр.

Бас бостандығынан айыру орындарында жаза өтеушілердің тағдырына  немқұрайлы көзқарас болмауы қажет. Есесіне, оларға қоғамымыздың толыққанды мүшесі ретінде қарап, жазасын өтеп босағанан кейін еліміздің әрбір саналы азаматы мен мемлекеттік органдар тарапынан да жаңа өмірге бейімделуіне қолдау көрсетуіміз керек.   

Сотталғандардың   әлеуметтік және тұрмыстық орналасуына  әрдайым ерекше назар аударып, оны нақты жүзеге асыру баршамыздың ортақ абыройлы міндетіміз болып табылады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.