You are here

Әскердегі өзіне-өзі қол жұмсаудың профилактикасы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас әскери прокурордың
бірінші орынбасары
әділет полковнигі Бірлік ТӘШІМОВ

Әскери ортадағы өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі Бас әскери прокуратураның жеке бақылауында тұр. Айтылған мәселелерді шешу іс-шаралары ведомствоаралық бағдарламалық құжаттарында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша және басқа да әскери органдардың ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарымен қарастырылған. 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары әскердегі өзін-өзі өлтіру төмендеген. Мысалы, 2008 жылы 44, 2014 – 27, 2015 – 24 факті тіркелген.

Тәжірибе көрсеткендей, әскери қызметшілердің өзін-өзі өлтіру мәселесін алдын алу өте қиын, тек қана әскери психологтардың, тәрбиелік құрылымдардың, қолбасшылықтың және де құқық қорғау органдарының бірігіп жұмыс істеуі арқасында ғана бұл мәселеде жақсы нәтижеге жетуге болады.

Осыған орай 2014 жылдың соңында өзін-өзі өлтірудің алдын алу мәселесі бойынша және де әскердегі өзіне-өзі қол жұмсауды азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені қарастырылып, «2015 - өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жылы» атты жалпы республикалық жоспар құрастырылып, қабылданған болатын.

Қазіргі таңда аталған жоспар орындалып, елеулі нәтижелер бар екенін айта аламыз. 

Бас әскери прокуратура барлық аймақтық және гарнизондардың әскери прокурорларын әскердегі өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін жою жолындағы жұмыстарын күшейтуге бағыт берді.

Суицид мәселесі бойынша қылмыстық іс материалдарын сараптау нәтижесінде, әскери қызметшілердің несие қарыздарын төлеу мәселелері бар екені анықталды (кейбіреулерінің 2 немесе одан да көп банктік несиелері бар), өткен жылдағы суицидті алдын алудың басты бағыттарының бірі әскери қызметшілердің қаржы мәселесіндегі сауаттылығын арттыру, қабылданған міндеттемелерге жауапкершілігі, бұған қоса материалдық жағдайын бақылауды күшейту болып табылады.

Ең алдымен банк мекемелерімен өзара іс-әрекет қамтамасыз етілген. Екінші деңгейлі банк өкілдерінің қатысуымен қаржы тәртібін нығайту, несие алудың тәртібі мен шарттарын түсіндіру, кешіктірілген немесе төленбеген жағдайдағы құқықтық салдарды түсіндіру, қарыз мәселелерін өтеу және қайта қаржыландыру тәсілдері бойынша әскери қызметшілер мен олардың жанұя мүшелерімен кездесулер өткізілді. 

Аталған жұмыс республикадағы барлық әскери бөлімдер мен әскери мекемелерде жүргізілді.

Әскери органдарда несиесі бар әскери қызметшілер тізімдік есепке алынған, әсіресе бірнеше несиесі бар немесе ай сайынғы толемақысы ақшалай үлесінің жартысынан асып түсетін әскери қызметшілер. Несиені төлеуде үлкен қиындықтарға тап болатын әскери қызметшілер, бақылауға алынып, басшылықпен жеке жұмыс жүргізіліп жатыр.   

Бұған қоса, қаржы мәселесіндегі суицидті алдын алу мақсатында, аймақтардың және гарнизондардың әскери прокурорларының шақыртуымен банк секторының өкілдерінің және де әскери қызметшілердің қатысуымен ведомствоаралық жиналыстармен кездесулер өткізілген болатын.

Осындай кездесулер Ұлттық Банк өкілдерінің, Қоғамдық кеңестің, әскери басқарма және қылмыстық қудалау органдарының қатысуымен Бас әскери прокуратура деңгейінде де өткен болатын. 

Әскери ортадағы өзіне-өзі қол жұмсау мәселелері әскери басқарма және қылмыстық қудалау органдарының Үйлестіру кеңесінде қарастырылған болатын. Үйлестіру кеңесінің шешімін іске асыруды ескере отырып Ұлттық банк барлық әскери бөлімдер мен мекемелерге таратылған, қаржы қызметтерін тұтынушыларға несие алудағы келісім-шарт жасасу тәртібінің қысқаша ескертпесін жасады.

Әскери қызметшілердің қаруды қолдану арқылы өзіне-өзі қол жұмсауды алдын алу шаралары ерекше назарға ие.

Талдау көрсеткендей, кейбір суицидтер стационарлық посттардағы қарауылдық қызмет кезінде әскери қызметшілер табельдік қару қолдану арқылы өзіне-өзі қол жұмсайды.

Осыған орай, әскери басшылар әскери прокуратурамен біріге отырып бірқатар ұйымдасқан іс-шараларды көздейтін, тікелей қажеттілікті қоспағанда, әскери қызметшіге сеніп тапсырылған жауынгерлік қаруды пайдалану мүмкіндігін азайтатын «Еркін қол» атты жобаны іске асырған болатын.

2015 жылдың өзінде ғана 5 офицер, сондай-ақ келісімшарт бойынша 13 әскери қызметші өзіне-өзі қол жұмсаған болатын, осыған орай, тек қана қылмыстың ғана алдын алуға емес бұған қоса суицидті ескертуде, өткен жылдың қазан айында әйелдер кеңесінің рөлін жандандыру мәселесі де көтерілген болатын (құрамына әскери қызметші әйелдермен қоса әскери қызметшілердің жұбайлары да кіреді).

Бас әскери прокуратурамен осы бағыттағы жұмыс сарапталып, оның нәтижесіне сәйкес         әскери бөлім басшылары әскери тәртіппен құқық тәртібін қолдаудағы әйелдер кеңесінің рөлін дұрыс түсінбейді, соған байланысты олардың қызметіне қолдау көрсетілмейді.

Көптеген әскери бөлімдерде әйелдер кеңесінің қызметін бөлім психологтарына жүктейді және де оларды әйелдер кеңесінің төрағасы етіп тағайындайды, ол әйелдер кеңесінің функцияларын тиісті түрде орындауға мүмкіндік бермейді.

Әйелдер кеңесінің қызметі берілген тапсырмаларды формальді түрде ғана орындауға бағытталған және мерекелік іс-шараларды ұйымдастырумен ғана шектелген.

Осыған орай Бас әскери прокуратура көрсетілген жұмысқа жаңа серпіліс беретіндей бірнеше ұсыныс жасады, атап айтқанда бөлім басшылығымен әйелдер кеңесінің арасындағы өзара әрекеттестіктің тиімділігін жоғарылату, аталған жұмыстағы жаңа тәсілдер мен амалдарды құрастыру, қызметтегі оң нәтижелер үшін сыйақы беру.

Әскердегі суицид мәселесі қызмет өтіп жатқан ортаның қолайсыз жағдайларын көрсетеді, сондықтан органдардың міндеті, қызметтегі қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету, моральдық-психологиялық ауа-райын қалыптастыру, детерминантты келеңсіз көріністерді болдырмау.

Осы айтылғандарды қорытындылай отырып, әскери прокуратура органдарымен қабылданған шаралар, қарастырылып жатқан бағыттағы ескерту жұмыстарының тиімділігін арттырып қана қоймай, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді ашуға мүмкіндік берді, Бас әскери прокуратурамен оны шешу жолдары да белгіленгенін атап өткен жөн.

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.