You are here

Прокурорлар көмектесуге үнемі дайын

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

6 желтоқсанда Қазақстанның прокуратура органдарының қызметкерлері

кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Жанар Ілияс,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныңдепартамент бастығы, аға әділет кеңесшісі

Өтініштерді қарау және азаматтарды жеке қабылдау мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың азаматтардың өтініштері туралы заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыруға және заң бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуға бастамашылық етуге өкілеттілік берілген прокуратура органдарының құқық қорғау қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Заңдардың дәлме-дәл және бірізді қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура органдары өзінің құқық қорғау функцияларын жан-жақты іске асырып, Қазақстан Республикасының Конституциясымен қорғалатын азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін басты назарға алады.

Арыздар, шағымдар және өзге де өтініштер прокурорларға азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері туралы, құқық бұзушылықтар туралы, аймақтардағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы ақпарат алуға, сондай-ақ оларды прокуратура органдарының қадағалау қызметін жоспарлауда пайдалануға мүмкіндік береді.

Заңдар негізінде әзірленген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарына сәйкес, өтініштердің әділ, жан-жақты және уақтылы қаралуына жауапкершілікті прокуратура органының басшысына жүктеледі және оның міндеттеріне осы жұмысты дұрыс ұйымдастыру кіреді.

Бірінші кезекте бұл бағынышты қызметкерлердің өтініштерді қарау және азаматтарды қабылдау тәртібін айқындау, осы қызметті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, қызметтік міндеттерді бөлу, жоспарлау, құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Жұмыстың айтарлықтай бөлігі азаматтардың өтініштері бойынша орындауды бақылауға, есепке алуға және есептілікке бөлінген, бұл қызметтің осы түрін реттеуге мүмкіндік береді.

Өтініштерді тікелей қарау прокуратура қызметінің барлық бағыттары арқылы іске асырылады және көлемі бойынша да, мәні бойынша да елеулі орын алады.

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында аталып өтілгендей, қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру басым бағыттардың бірі болуы тиіс және азаматтардың прокуратура органдарына жүгінуінің жыл сайын артуы бізге деген сенім деңгейі индикаторларының бірі болып табылады.

Статистика көрсетіп отырғандай,  кейінгі он жыл ішінде прокуратура органдарына түскен өтініштер саны өсуінің тұрақты үрдісі сақталуда. 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 57,3%-ға артқан (ағымдағы жылы өсім 9 %-ды құрады) және тек 2015 жылдың 10 айы ішінде ғана прокуратура органдарына  267 мыңнан астам өтініш түскен (2014 жылдың осы кезеңінде – 246 мың).

Егер ағымдағы жыл бойынша салыстырмалы талдау жасасақ, онда прокуратураға өзге құқық қорғау және мемлекеттік органдарға қарағанда едәуір көп өтініш түскен.

Жұмыс көлемінің осындай ауқымды болуына қарамастан, әрбір шешілетін өтініш бойынша прокурорлар арызданушылардың барлық уәждерін егжей-тегжейлі зерделеу, алкейде олардың тікелей қатысуымен зерделеу бойынша шаралар қабылдайды. Бұзушылықтар анықталған жағдайда ықпал ету шараларымен азаматтардың бұзылған құқықтары мен ұйымдардың мүдделерін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша прокурорлар соңғы бес жылда барлығы 20 мың прокурорлық қадағалау актісін енгізген, оларды қарау нәтижелері бойынша 10 мыңнан астам лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылған. Аталған мәліметтер азаматтар мен ұйымдардың прокуратура органдарына деген сенімін, олардың қадағалау органы оларға бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге көмектесетіндігіне сенім артатындығын көрсетеді.

Жыл сайын прокуратуа органдарының ғимараттарына 40 мыңнан астам азамат келеді, бұл прокуратураның құқық қорғау қызметінің өзектілігін көрсетеді.

Бұдан басқа, прокурорлар ауылдық жиындар барысында, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде тұрақты түрде азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады.Соңғы бес жыл ішінде прокурорлар 6 209азаматты қабылдаған.

Сонымен қатар, азаматтардың мүдделерін ескере отырып, Бас прокуратура «он-лайн» режимінде қабылдауды ұйымдастырды, бұл ретте арызданушылар бейнеконференциялық байланыс арқылы Бас прокуратураның басшылығына, ал аймақтарда облыс прокурорларына жүгіне алады.

2011 жылдан бастап Бас прокуратураның басшылығы бейнеконференциялық байланыс арқылы еліміздің түрлі аймақтарында тұратын 3545 азаматты қабылдады.

Үйлестіру жолымен, оның ішінде төмен тұрған прокурорлардың жұмысын үйлестіру арқылы қадағалау тексерістерінің нәтижелеріне негіздей отырып мемлекеттік органдардағы өтініштерді қарау туралы заңдардың қолданылуын жандандыруға қол жеткізілді. Тек ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ғана прокуратура органдары 1 300-ден астам тексеріс жүргізді. Аталған тексерістердің нәтижелері бойынша 1 250 прокурорлық қадағалау актілері енгізілді, 2 057 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Қадағалауды жүзеге асыру және өтініштерді қарау кезінде мемлекеттік органдар тарапынан болатын заңсыз тексерістерден кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдардың құқықтарды шектейтін заңсыз құқықтық актілер қабылдау, монополистердің асыра әрекет ету мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтар да тиімді жұмыс істейді, олар заңсыз тексеріс туралы алғашқы дабыл түскен бетте оқиға орнына баруға және тексерушілердің заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге дайын. Бас прокуратураның және облыстық прокуратуралардың сайттарында көрсетілген сенім телефондары арқылы прокурорлардың мобильді топтарына көмек сұрап жүгінуге болады. Ағымдағы жылы сенім телефондарына 422 қоңырау түскен және 120 жағдайда заңсыз тексерістер туралы дабылдар расталған. Мобильді топтар өтініштерді қарау барысында барлығы 118 тексеріс жүргізген, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзушылықтың 127 фактісінің жолы кесілген.

Мысалы, Алматы қаласы прокуратурасының сенім телефонына түскен кәсіпкерлердің өтініші бойынша Бостандық ауданы ІІБ ювеналдық полицияның 3 қызметкерінің «ADEM» сауда орталығы аумағында жүргізген тексеру іс-шараларының заңдылығына жедел тексеріс жүргізді. Жекекәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласқаны үшін прокурорлық қадағалау актілері бойынша полиция қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі күні ақпараттық технологиялардың ұдайы дамуы және құқықтық жүйенің жетілуі жағдайында Бас прокуратура өтініштерді қабылдауды жеңілдету бойынша шаралар қабылдады (бұрын арызданушылар шағымдарды не тікелей беретін немесе оларды пошта арқылы жөнелтетін немесе олар прокуратураға өзге құрылымдардан түсетін).  Қазір азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері көрсетілген жолдардан басқа облыстық халыққа қызмет көрсету орталықтарына, «Қазпочта» АҚ пошта бөлімшелеріне, Бас Прокурор мен облыс прокурорларының блогтарына, Бас прокуратураның  Call-орталығына, «Электрондық Үкімет» және «115.kz» порталдарына жүгіну арқылы өтініш бере алады.

Соңғы үш жыл ішінде «Электрондық Үкімет» және «115.kz» порталдары арқылы түсетін электрондық өтініштер саны екі жарым есеге дерлік өскен (2013 жылғы 3 155-тен 2015 жылдың 10 айында10 065-ке дейін).

Жыл өткен сайын Бас прокуратура Саll-орталығының маңыздылығы арта түсуде, ол жерге еліміздің кез-келген жерінен стационарлық немесе мобильді телефоннан 115 тегін нөмірі арқылы қоңырау шалуға болады.

Орталық 2011 жылдың тамызынан бері жұмыс істейді және қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттеріне, кәсіпкерлер құқықтарының, азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуына, білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға қатысты заңға қайшы әрекеттерге, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде тегін медициналық қызметке заңсыз ақы алуға, прокуратура органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне қатысты шағымдардың 6 санатын тіркейді.

Сонымен қатар, Орталық анықтамалық сипаттағы ақпарат береді, прокуратура органдарының қызметі мәселелері бойынша пікірлер мен ұсыныстар қабылдайды және тіркейді, олардың мемлекеттік қызметтер көрсетуінің тәртібін түсіндіреді (құжаттарға апостиль қою, оңалту туралы анықтамалар, мұрағаттық анықтамалар беружәне т.с.с). 

Азаматтардың ақпаратқа жедел қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін біз бүгінде Орталық құзыретіне жатпаса да азаматтардың кез-келген қоңырауын қабылдаудамыз.

Тек 2015 жылдың 10 айы ішінде Саll-орталыққа50 мыңнан астам қоңырау түскен, олардың ішінде 34 мың абонентке анықтамалық сипаттағы ақпарат қажет болды (мемлекеттік және құқық қорғау органдарының орналасқан жерлері және пошта мекен-жайлары туралы, олардың сенім телефондары туралы және т.с.с.), 12 мыңнан астам азамат өз  арыздарының қаралу барысын білгісі келді және 4 мыңға жуық азамат прокуратура органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіруді өтінді.

Call-орталыққа түскен өтініштерді қараудың нәтижелері бойынша соңғы бес жылда, прокуратура органдары азаматтарға сомасы  132 млн. теңгеден астам жалақы бойынша жиналған берешекті төлеуді қамтамасыз етті.

Мысалы, СолтүстікҚазақстан облысының прокуратура органдары қабылдаған прокурорлық ықпал ету шараларымен 2015 жылдың наурызында «Аккайынское СК» ЖШС-ның 99 жұмысшысына сомасы 1 340 000 теңге жалақы берешегі, «ХПП «ТНС-Экспорт» ЖШС-ның 66 жұмысшысына 2 503 647 теңге мөлшерінде жалақы берешегі төленді. Сондай-ақ Семей қаласының прокуратурасы қабылдаған прокурорлық ықпал ету шараларымен «Семей жолдары» ЖШС-ның 6 жұмысшысының еңбек құқықтары қорғалып, оларға ағымдағы жылдың шілдесінде сомасы 1 718 358 теңгеге жалақы берешегі төленді.

Жыл сайын Республиканың Бас Прокуроры мен облыс прокурорларының дербес блогтарына түсетін электрондық өтініштердің саны да өсуде. Облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар бойынша олардың саны 2013 жылы 4 306-дан бастап 2015 жылдың 10 айы бойынша  7 093-ке дейін немесе екі есеге дерлік өскен.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының дербес блогына ағымдағы жылы 1 769 сұрақ түскен. Барлығына жауап берілді және прокурорлық ықпал ету шараларымен сомасы 14,5 млн. теңгеге жалақы бойынша берешекті өтеу қамтамасыз етілді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету аясының кеңеюімен, азаматтар үшін қосымша мүмкіндіктер жасау және процедураны жеңілдету мақсатында өткен жылдан бері Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ХҚКО-лары арқылы өтініштерді қабылдау және оларға жауап алу жобасы кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Азаматтар үшін ұсынылатын өтініш беру мүмкіндігі өзінің оң нәтижесін берді, себебі адамдар өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауды өтініп прокуратура органдарына жиі жүгінетін болды, бұл олардың қадағалау органдарына деген сенімдерін көрсетеді.

Бүгінде прокурорлар өз тараптарынан өтініштерді қарау сапасын арттыруға, азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге және заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған нақты шаралар қабылдауға бар күштерін салуда. Қазіргі уақытта прокуратура органдарының алдында прокурорлық қадағалаудың үйлестірушілік рөлін одан әрі жандандыру және нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру бойынша міндеттер тұр және олардың жемісті шешілуі ортақ нәтижеге қол жеткізу үшін күшімізді одан әрі нығайтумен байланысты.

 

 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.