You are here

Прокуратура органдарының нормашығармашылық қызметіне қатысуы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі кезде Қазақстанның құқықтық жүйесінің белсенді дамуы жалғасуда. Бұл Конституциямыздың 1-ші бабына сәйкес құқықтық мемлекет  ретінде жарияланған еліміз үшін елеулі үрдіс.

Бұл қызметті жүзеге асыруға әрбір мемлекеттік орган өз құзіреті шегінде қатыса алады.

Осы орайда Ата заңда белгіленген  қоғамның барлық тараптарының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау арқылы заңдылықты жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданатын орган ретінде прокуратура да шет қала алмайды.

Прокурор заңдардың нақты және біркелкі қолданылуын қадағалай отырып заңдармен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жасайды. Заңға сәйкес  қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, қылмыстық және азаматтық іс жүргізуге қатысу, азаматтардың  арыз-шағымдарын қарау кезінде заңның толық реттелмеуі, қайшылықтар сияқты шикіліктерді де аз кездестірмейді.

Жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге төменгілердің сәйкес келмеуі, нормалардың түрлі редакцияда жазылуы, грамматикалық олқылықтар құқықтық реттелуді қиындатады немесе заңның мағынасын өзгертеді. Бұндай заңдарды қолдану практикада қателіктерге де әкеліп ұрындыруы мүмкін.

Ең маңыздысы прокуратура органдары өмірдің әр түрлі саласында құқық қолдану практикасымен күнделікті тығыз байланыста. Прокуратура қадағалауды жүзеге асыра отырып, заңдардың қазіргі кездегі қоғамдық қатынастарға сәйкестігіне, реттелу деңгейіне де баға бере алады. 

Заңның қарама-қайшылықтары мен коллизияларын, жетіспеушіліктерін прокуратурадан артық білетін  мемлекеттік орган жоқ десек артық айтпағанымыз шығар. Яғни, аталған мәліметтердің негізінде прокуратура заңдылықтың жетіспеушіліктерінің себебін анықтап, оны қалпына келтіру жолдарын көрсете алады.

Бұл ретте, прокуратураның Парламентпен тығыз байланысын атап өткен жөн.

Еліміздің жоғарғы өкілді органы халықтың атынан заң билігін жүзеге асырады және мемлекет қызметінің нормативтік негізін құрады. Әлбетте, заң шығара отырып Парламент, прокуратура органдарымен қамтамасыз етілетін  қоғамның барлық тараптарының заңды мүдделері мен құқықтарының тиісті дәрежеде  қорғалуына және заңдылықтың жоғарылығына мүдделі.

Өз кезегінде, прокуратура, құқықты қолданатын барлық субъектілердің заңды дұрыс қолдануын қадағалай отырып, Парламентпен қабылданып отырған нормалардың Конституцияға сәйкестігіне, қоғам мүддесіне қажеттігіне, тиімділігі мен  тұрақтылығына мүдделі. Бас Прокурор Парламент отырыстарына қатысып, өз пікірін білдіре алады. Тиісінше норманың дұрыс жазылуына, заңдардың сапалы қабылдануына септігін тигізеді.

Қазіргі кезде прокуратура заң әзірлеу бағытында да келелі шаруалар атқаруда.

Өткен жылы прокуратура органдарымен қылмыстық іс жүргізудегі заңдылықтың кепілдігін күшейту, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру туралы заң жобалары әзірленіп, Парламентпен қабылданды. Ал биылғы жылдың еншісінде прокуратура органдары Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін, оларға ілеспе 3 заң жобаларын, қаржы пирамидаларына қарсы әрекет жасау, құқық қорғау қызметі заңнамасын жетілдіру, бірнеше халықаралық шарттарды ратификациялау туралы жобаларды әзірлеу үстінде.

Прокурорлар бұдан басқа өзге мемлекеттік органдармен әзірленіп жатқан  50-шақты заң жобаларын дайындауға атсалысуда.

Дей тұрғанмен, заң шығару қызметіндегі прокуратура органдарының мүмкіндігі әлі толық қамтылмай отыр деп есептеймін.

Ендігі кезекте, Бас Прокурорға заң шығару бастамасын беру, Конституцияда көрсетілген заңдарға наразылық енгізу функциясының тетігін қалыптастыру және заңдардың Конституцияға сәйкестігін айқындау үшін Бас Прокурорды Конституциялық Кеңеске өтініш беру құқығымен қамту сұрақтары болашақтың еншісінде.  

 

Қожамұратова А.Қ.

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Нормашығармашылық қызметі
саласын қадағалау басқармасы
бастығының орынбасары

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.