You are here

Прокуратура қатарына ең үздіктер қабылданады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Александр Огай,

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасы

Кадр жұмысы департаментінің бастығы

Бүгінгі таңда прокуратураның штат саны 5,5 мыңнан сәл асады, дегенмен соның өзінде-ақ 180 бос лауазым бар.

Неге деген сұрақ туындайды?

Мен өзіміздің мақсатымызды тереңінен ашып айтайын, ол – үміткерлердің ең үздігін іріктеу болып табылады.

Қазіргі кезде қалыптасқан жүйені ескере отырып, Бас Прокурор осы жылдың сәуір айында қызметке қабылдауға мораторий жариялады. Кадр қызметінің алдына келешек прокурорды сапалы түрде бағалауға және «адами факторларды» болдырмауға мүмкіндік беретін тәсілдерді іріктеу жүйесіне тез арада енгізу туралы міндет қойды.

Бұл мәселеде бізге Назарбаев Университеті, сонымен бірге PricewaterhouseCoopers, Deloitte и Ernst & Young LLP тәрізді аттары әлемге танымал консалтингтік компаниялар ғылыми және әдістемелік көмек көрсетті. Сондай-ақ олар бізге кандидаттарды бағалау үшін өздерінің сарапшыларын ұсынып отыр.

Қолданыстағы Ережеге сәйкес қызметке қабылдау процесі 2 кезеңнен тұрады:

- біріншісі іріктеу, бұл кезеңде кандидат заңнама бойынша тест тапсырады, медициналық комиссиядан және ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы міндетті тексеруінен өтеді;

- одан кейін конкурс, бұл кезеңде кандидатпен алдын ала әңгімелесу жүргізіледі және 10 жұмыс күні ішінде тағылымдамадан өтеді. Осы тағылымдаманың барысында жетекші берген түрлі тапсырмаларды орындай отырып, ол іс жүзінде өзінің басқа кандидаттардан артықшылығын дәлелдейді.

Тағылымдаманың тәжірибелік үлкен маңызын ескеріп, ол орындаған тапсырмалардың нәтижесі бойынша кандидатты неғұрлым жан-жақты бағалауға мүмкіндік бар екенін назарға алып, осы кезеңде жаңа тәсілдерді енгізуге шешім қабылданды. Олар: өзінің өмірлік тәжірибесін жазу; эссе жазу; кейстік (ахуалдық) тапсырмаларды шешу; психологиялық тестілеу және психологпен әңгімелесу.

Бұл тапсырмалар тағылымдаманың алғашқы күні прокуратуралардың арнайы бөлмелерінде орындалатын болады, ол жерде бейне және дыбыстық жазба жүргізіледі. Кез-келген электрондық құрылғыларды және «шпаргалка» пайдалануға тыйым салынады. Орындалған жұмыстар плагиатқа тексеріледі, орындау процесі компьютердің және кадр қызметі өкілінің бақылауында болады.

Өмірлік тәжірибе. Кандидат өзі туралы түсінікті етіп жазуы тиіс, өзінің тәжірибесі мен дағдыларын көрсетеді, жетістіктері туралы әңгімелейді. Ең бастысы, прокуратурадағы қызметке не үшін кіргісі келеді, осы мақсатын түгел жазатын болады. 

Бұл мәселеде ол өзінің бұл жұмысқа шындығында лайықты екенін дәлелдеуі тиіс.

Өмірлік тәжірибесін жазу үшін кандидатқа бір сағат және 500 сөз шектеліп беріледі.

Эссе жазу. Бұл қазіргі таңда бағалаудың ең көп тараған түрі болып табылады. Ол іс жүзінде барлық жерде қолданылады: көптеген дамыған елдердің жоғары оқу орындарында, түрлі құрылымдарында пайдаланылады.

Эссе арқылы біз кандидаттың шығармашылық жағынан қаншалықты дамығанын, оның деңгейін көре аламыз, жиналған аудиторияға өзінің ойын дұрыс жеткізе біледі ме, осыларды анықтай аламыз.  

Прокурор болу үшін бұл ең маңызды қасиеттер, себебі ол күнделікті жұмысында азаматтармен жиі қарым-қатынас жасап отырады. Эссе арқылы осылардың барлығы анықталады. Оны  жазуға 2 сағат уақыт беріледі және тағы да сол 500 сөздік шектеу белгіленеді.

Кейстік (ахуалдық) тапсырмаларды шешу. Бұл тәсіл арқылы кандидаттың тек қана ЖОО-да жақсы оқығаны емес, сонымен бірге алған білімді тәжірибеде қолдана білу дағдысын анықтаймыз.

Ахуалдық тапсырмалар үшеу болады, ол 90 минуттың ішінде осыларды шешуі тиіс.

Кандидатқа проблемасы бар нақты ахуалдық жағдай беріледі, оның мәнін түсініп, шешімін таба білуі тиіс. Сосын оны шешудің жолдарын ұсынып, ішінен ең дұрысын таңдайды. Бұл үшін оған кодекстер, заңдар және басқа да нормативтік базаны пайдалануға рұқсат етіледі.

Осы тәсіл кандидаттың тәжірибеде заңдарды қолдана білу қабілетін, ақпараттарды талдау, логикалық ойлау қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.

Психологиялық тестілеу және психологпен әңгімелесу.

Кандидат 1,5 сағаттың ішінде 186 сұраққа жауап беруі тиіс. Бұл тест кандидаттың интеллект деңгейін (IQ) білуге көмектеседі, оның іс жүзіндегі мотивін, мақсатын, стресске орнықтылығын, командада жұмыс істей білуін анықтайтын  боламыз.

Тестілеуден кейін психолог маманмен әңгімелесу болады, ол әртүрлі сұрақтар қою арқылы кандидаттың өзіне тән айрықша қасиеттерін анықтайды. Осылардың нәтижесінде кандидаттың толық психологиялық портреті белгілі болады.

Жоғарыда айтылғандай, бұл тапсырмаларды орындау нәтижесін бағалауды тәуелсіз сарапшылар жүргізеді, олар кандидаттың тағылымдамадан өтуіне дейін өздерінің қорытындысын береді.

Біржақты көзқарасты болдырмау үшін кандидаттың барлық жұмысы құпияланатын болады, осыған байланысты кандидат өзін кімнің бағалайтынын білмейді, ал өз кезегінде сарапшыда кандидат туралы мәлімет болмайды.

Нәтижесінде, қабылдау комиссиясының қорытынды отырысына дейін кандидат жан-жақты зерттелетін болады, ал бағалаудың тәуелсіз жүргізілетінін ескерсек, біз екі мақсатқа қол жеткіземіз – үздіктерді іріктеп аламыз және халықтың сенімі артатын болады.   

Қазіргі уақытта прокуратура органдарында 180-нен астам бос лауазым бар. Бүгінде прокуратураға қызметке қабылдау үшін мораторий алынды. Барлық ниет білдірушілер прокуратура органдарының кадр қызметтеріне өтініш бере алады. Бірінші іріктеу кезеңі өтеді, сосын конкурс болады, ол 2016 жылғы 15 тамыздан басталады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.